Монитор

Монитор (немесе дисплей) - мәтіндік жəне сызбалық ақпаратты бейнелеуге, көрсетуге, пайдаланушы мен компьютер арасындағы ақпараттық байланысты қамтамассыз етуге арналған құрылғы.

Монитор

Мониторлар электронды – сәулелі түтікшелі және сұйық кристалды дисплейлі, түрлі түсті және монохромды болады, бір-бірінен көлемі жағынан ерекшеленеді (әдетте кинескоп немесе матрица диагоналі – 9-42 дюйм (немесе 23-106 см) болады).

Мониторлар міндетіне байланысты реттеудің, түр-түсті түзетудің және тағы басқа түрлі құралдармен жабдықталады. Түрлі мониторлардың ажыратылымдығы да әр түрлі, енгізілетін кескіндердегі нүктелер саны көлденеңі мен тігінен – ең үлкен кәсіби мониторларда 640-480 нүктеден 1600-1280 нүктеге дейін барады. Ажыратылымдық неғұрлым жоғары болса, бейне беттегі кескін соғұрлым айқын болады.

Монитор (monіtor) — 1) компьютер жадындағы мәтіндерді, бейнелерді экранда көрсететін құрылғы; оны дисплей, экран, ал кейде бейне-блок деп те атайды. Монитор электронды-сәулелік түтікшеден, бейнекүшейткіштен, жайма генераторы, қоректендіру бөлшегі және оларды басқару сұлбаларынан тұрады. Монитордағы кескінді құрастыру бөлшегі дербес компьютердің негізгі қорабында – жүйелік блогінде орналасады. Кейбір тұрмыста қолданылатын компьютерлерде Монитор орнына қосымша модуляторлық құрылғымен толықтырылған үйдегі телеэкранды пайдалануға болады. Мониторлар мәтіндік және график. режимде жұмыс істей алады. Мәтіндік режимде – Монитор экранына тек символдар шығарылып, олар таңбалық генератормен қалыптастырылатын ASCІІ-кодтарының ұлттық әріптермен кеңейтілген символдар жинағынан тұрады. Графикалық режимде – экранда өте майда мозаик бейнелер шығарылады. Монитордың график режимі аса қажетті болып саналады және оның айқындылығы пиксельдер мөлшерімен анықталатын экранның айқындау қабілетіне байланысты. Соңғы кезде VGA және SuperVGA типті Мониторлар қолданылып келеді. Олар мәліметтерді мәтіндік және график. режимдердің екеуінде де экрандағы пиксельдік нүктелер санына байланысты кез келген ақпарат түрлерін сапалы түрде бейнелейді. Монитордың мәліметті жақсы көрсетіп, оларды айқындау қабілеті экрандағы нүктелер санына байланысты, мыс., горизонталь бағытта 200 нүктені, ал вертикаль бағытта 640 нүктені бейнелейтін (640*200), сондай-ақ 800*600, 1024*768 (SuperVGA) және айқындау қабілеті одан да жоғары Мониторлар бар. Экрандағы нүктелер саны артқан сайын, яғни нүкте көлемі кішірейген сайын (0,2 – 0,31 мм) Монитор сапасы да, бағасы да арта түседі. Түрлі түсті Мониторларда нүктелер көлемі 0,24 мм болады. Нүктелер көлемі 0,39 мм-ден үлкен Мониторларда экрандағы бейне анық көрсетілмейді. Мониторлар монохромды (ақ-қара түсті) және түрлі түсті болып ажыратылады. Монитордың негізгі сипаттамасына экран диагоналының дюйммен (1 дюйм=2,54 см) берілген қашықтығы жатады, мыс., 14 дюйм, 15 дюйм, т.б. Алып жүруге ыңғайлы компьютерге (note-book) арналған Монитордың электронды-сәулелік түтікшесіз сұйық кристалды және сенсорлық экранды түрлері бар. Сұйық кристалдар электр кернеуінің әсерімен өз құрылымын, түсін және оптик. қасиеттерін өзгерте алады. Сұйық кристалдар құрамына басқа түсті ерітінділерді қосып және электр өрісін өзгерте отырып, жоғары сапалы 15 млн-нан аса түстерді бейнелей алатын экрандағы нүктелер саны 1024*768 немесе 1280*1024 болатын Мониторлар жасауға болады. Бұлардың салмағы жеңіл, көлемі кіші және денсаулыққа зиянды электро-магниттік толқындары болмайды; 2) Компьютердегі мәліметтерді өңдеу жүйесінде орындалатын операцияларды бақылайтын, реттейтін немесе тексеретін машиналық бағдарлама. Бағдарламалау тілдерінде – бөлінбейтін мәліметтік қорлармен (ресурстармен) байланыс ұйымдастыратын жоғары деңгейдегі әрекеттесу ісін жүзеге асырады.

Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Category:Computer displays

Дереккөздер

Tags:

КомпьютерМәтіндік ақпарат

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Қазақ Автономиялы Кеңестік Социалистік РеспубликасыАралас құрмалас сөйлемӘл-ХорезмиАшаршылықӘбілқайыр хан (Кіші жүз)Тәуекел ханҚазақстанның Қызыл кітабыАққан жұлдыз (роман)Жамбыл ЖабайұлыЖеті жарғыҚасым ханның қасқа жолыНайзағайҚазақстан мәдениетіСұлтанәлі Базарбайұлы БалғабайКөкжөтелШахмет Құсайынұлы ҚұсайыновОперациялық жүйелерҚыз ЖібекИнтернетЖан басына шаққандағы ЖІӨ (номинал) бойынша елдер тізіміАстана мектеп оқушыларының сарайыҚазақстан мейрамдарыЕуразияХалық қаһарманыСоғыстан кейінгі жылдардағы Қазақстанның ауыл шаруашылығы (1946-1960)Шыңғыс ханРайымбек батырҰялы телефонЕжелгі Рим мәдениетіӨсімдіктерМұқағали Сүлейменұлы МақатаевҚазыбек биИранОрганикалық затТүпті жуаЭлектр энергетикасыҚазақстан 2030Дауысты дыбыстарТұқым қуалайтын өзгергіштікҚазақстан теңгесіАфрика мемлекеттері және тәуелді аймақтарының тізіміМақалаДемографияТатарлар2001 жылдың 11 қыркүйегіндегі лаңкестік актілеріБұрыш (геометрия)Ағзалардың жеке дамуыМөде қағанҰжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымыҚазақстан қорықтарының тізіміСептік жалғауҚазақстандағы жануарлар әлеміҚазақстанның Қызыл кітабына тіркелген бірінші санатты жануарларАминқышқылдарАқуызҚырғызстанАмерика–Жапон шарттарыЖүрекАқсу-Жабағылы қорығыТопырақЖай сөйлемҚазақстан темір жолыМәдени өсімдіктерҚыстырма сөзШығыс ҚазақстанЖыныс қатынасынан жұғатын ауруларПиелонефритҚазақстандағы көмірБесін намазыҚазақтың салт-дәстүрлері (тізім)Физикалық-географиялық аудандастыруАнтропогендік факторҒарышИнеліктерБалғынбек ИмашевИнфрақұрылымЖай сөйлем және оның түрлеріМахамбет ӨтемісұлыРаушангүлділер🡆 More