Ми соққы (мидың шайқалуы деп те аталады) - бас соққыға ұшырап жараланғаннан кейін, ми қызметінің уақыттық әлсіреуі.
Бұл сырқат өз алдына дербес, я болмаса бастың басқалай жарақаттануы, сондай-ақ ми қанды ісігімен қоса пайда болады.
Concussion | |
Deceleration can exert rotational forces in the brain, especially the midbrain and diencephalon. | |
АХЖ-10 | S06.0 |
---|---|
АХЖ-9 | |
MedlinePlus | |
eMedicine | |
MeSH | |
Ми шайқалуы (commotіo cerebrі) – әртүрлі механикалық әсерден ми және ми қабығының жарақаттануы. Ми шайқалуында ми құрылысында көзге көрінетіндей немесе бүтіндігі бұзылған өзгерістер бай-қалмағанымен, ми шайқалуы сатысына қарай әртүрлі дәрежеде ми қызметінің бұзылуы анықталады. Ми шайқалуы әртүрлі апаттардан (автомобиль, темір жол, т.б.), жоғарыдан төмен құлағаннан, қатты соққы тиюден, тағы басқа жарақаттардан болады. Ми шайқалуы кезінде алған жарақат мидың қан тамырларын зақымдап, соның салдарынан ми қан тамырлары кеңейіп, мида сулы ісіктер және ұсақ қан құйылу ошақтары пайда болады. Сонымен қатар жұлын сұйықтығы көбейіп, бас сүйегінің ішкі қысымы жоғарылайды. Ми шайқалудың негізгі белгілері: жарақат алған бетте естен тану. Бұл құбылыс Ми шайқалуы сатысына байланысты, бірнеше минуттан бірнеше сағатқа созылуы ықтимал. Одан соң жүрек айну, құсу құбылыстары байқалады, бас ауруы, бастың айналуы, жүрек соғуының ырғағы сирейді. Аталған белгілердің жиілігіне қарай ми шайқалуы жеңіл, орташа және ауыр сатыларға ажыратылады. Ми шайқалуының емдеу шаралары: міндетті түрде төсекте жатып емделу тәртібін, сондай-ақ толық тыныштықты сақтау қажет. Дәрі-дәрмекпен емдеу негізінде, мидың сулы ісінуіне және бас сүйегінің қуысындағы қысым деңгейінің жоғарылауына қарсы жүргізіледі. Сонымен қатар бас ауруын басатын және ауру адамға тыныштық туғызатын, ұйқысын реттейтін дәрілер қолданылады. Науқас ауруынан жазылған соң, өмірдің қалыпты жағдайына, ауыр немесе терең оймен байланысты жұмыстарға біртіндеп кірісуі керек.
Жағатын тағамдар:
Жақпайтын тағамдар:
This article uses material from the Wikipedia Қазақша article Ми соққы, which is released under the Creative Commons Attribution-ShareAlike 3.0 license ("CC BY-SA 3.0"); additional terms may apply (view authors). Мәлімет CC BY-SA 4.0 лицензиясы аясында қолжетімді (басқа шарттар көрсетілмеген жағдайда). Images, videos and audio are available under their respective licenses.
®Wikipedia is a registered trademark of the Wiki Foundation, Inc. Wiki Қазақша (DUHOCTRUNGQUOC.VN) is an independent company and has no affiliation with Wiki Foundation.