Калий Тыңайтқыштары

КАЛИЙ ТЫҢАЙТҚЫШТАРЫ– өсімдік қорегі ретінде қолданылатын құрамында калийі бар минералды заттар.

Калий тыңайтқыштары табиғи калий тұздарынан алынады. Алғашқы калий тұздарының ірі кен орны 19 ғ-дың 40-жылдары Штасфуртта (Германия) табылды. Кейінірек Франция, Канада, АҚШ-та калий тұздары ашылды, хлорлы калий, калий селитрасы, калий сульфаты және т.б. өндіріле бастады. Калий тыңайтқыштары суда жақсы ериді, өсімдіктер тез сіңіреді, түрлі ауруға төзімділігін күшейтеді және дақылдар өнімділігін арттырады. Картоп, қант қызылшасын, көкөніс, темекі дақылдарына Калий тыңайтқыштары көбірек қажет. Калий картоп құрамында крахмалдың, тамыр-түйнекті дақылдарда қанттың, жемшөпте протеин мөлшерін арттырады. Калий тыңайтқыштарын топырақтың құрамына, тыңайтылатын дақылдардың биологиялық ерекшеліктеріне, тыңайтқыштардың химиялық қасиеттеріне байланысты әр түрлі мөлшерде шашады. Негізгі тыңайтқыш ретінде күзде не көктемде жер жырту не культиваторлау кезінде қолданады. Қант қызылшасын, картоп, жүгері және кейбір көкөніс дақылдарын Калий тыңайтқыштарымен үстеп қоректендіреді. Бұл кезде Калий тыңайтқыштарын азот және фосфор тыңайтқыштарымен бірге қатар аралықтарына 10 – 12 см тереңдікке (20 – 30 кг/га К2О) шашады. Қазақстанның Батыс Қазақстан облысы/Батыс Қазақстан облысында, Қаратауда, т.б. жерлерде Калий тыңайтқыштарының мол табиғи қорлары бар.

Сілтемелер


Tags:

АзотАҚШБиологияГерманияЖүгеріКалийКалий селитрасыКалий сульфатыКанадаКартопКен орныКрахмалКультиваторлауКөкөнісМинералдарПротеинТамырТемекіТүйнекФосфорФранцияШтасфуртҚант қызылшасыҚаратауӨсімдікӨсімдіктер

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Аралас құрмалас сөйлемМутацияАрал экологиясыХалықаралық еңбек бөлінісіҚазақтың салт-дәстүрлері (тізім)АктинАлаш партиясыЭмбрионДәруменМерезТыныс алу жүйесіАИВ/ЖИТСМәскеу шайқасыИнеліктерЖұқпалы ауруларҚазақтың XX ғасырдағы мәдениетіДауыссыз дыбыстарАвангардизмНұрдәулет Бәбиханұлы АқышЖелтоқсан көтерілісіне қатысқандар тізіміЭлектрондық сандық қолтаңбаМұхтар ШахановЕділ қағанЖер бетінде тіршіліктің қалыптасу кезеңдеріҰжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымыКеңес үкіметіҚосарлы ұрықтануАбай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрыТуберкулезМәдени өсімдіктердің шыққан орталықтарыОңтүстік-шығыс Азия елдерінің ассоциациясыТопырақШымкентБаяндауышБейбітшілікМысМюнхен келісіміМұнайЖанрЖіктік жалғауБіржан Қожағұлұлы1860 жылдарындағы әкімшілік реформаларТехнологияЖеңіл атлетикаТеміртауҚазан төңкерісіҚазақстандағы ұжымдастыруСуДемографияАлаш автономиясыЖалпы ішкі өнімҚазақстан халқы ассамблеясыҚасым ханның қасқа жолыӘйтеке биТолықтауышҒаламшарМіржақып. Оян, Қазақ (фильм, 2023)ЖасушаАқ Орда (мемлекет)Бейімбет Жармағамбетұлы МайлинҒылыми-техникалық прогрессАққулар ұйықтағандаДінӘл-Фатиха сүресіҚазақстанның ХХ ғасырдың бас кезіндегі оқу-ағарту ісіЭкологиялық жүйеАшаршылықТабиғи радиоактивтікҚобызКСРО ыдырауыЖан басына шаққандағы ЖІӨ (АҚТ) бойынша елдер тізіміАбай жолы (роман)Осип Андреевич ИгельстромНанотехнологияСудың ластануыНорвегияАҚШ экономикасыИбн СинаСоленоид🡆 More