Илоктар

Илоктар (өзд.

атауы – илоко, илокан) – Филиппинде тұратын халық.

Илоктар

Илоктар ертеден Лусон аралын мекендеп, кейін Кагаян өзенінің бойына және Минданао аралына тарап қоныстанды. Ондағы пангасинан, ибанаг, самбал халықтарының бір бөлігі илоктармен араласып кеткен.

Халқы

Жалпы саны – 7,2 млн. адам (1995). Антропологиялық жағынан оңтүстік-азиялық өтпелі нәсілге жатады. Австронезия тілдері шоғыры илокано-филиппин тобына жататын тілде сөйлейді. Христиан дінінің католик тармағын ұстанады. Халықтың едәуір бөлігі – қалалықтар. Тұрғын үйлері – бағаналы тіреуі бар төрт қырлы шатырмен жапқан үш-төрт бөлмелі үйлер. Ұлттық киімдері: ерлер тар шалбар, басына пальма мен шиден өріп жасалған қалпақ киеді. Әйелдер саронга мен кең, қысқа жеңді кофта киеді. Ұлттық тағамдары – күріш, көкөніс пен балық.

Шаруашылығы

Негізгі кәсіптері – суармалы егін шаруашылығы. Күріш, жүгері, батат, темекі, қант қамысын егеді. Буйвол мен шошқа өсіреді. Мақта матадан әр алуан суретпен әшекейленген жамылғы, түкті орамал тігу, зергерлік кәсібі дамыған.

Сілтемелер


Tags:

Филиппин

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Патша үкіметінің отаршылдық қоныс аудару саясатыСалықЛексикаФонетикаТұрар РысқұловЗалалсыздандыруКөтеуОрталық жүйке жүйесіОрталық ҚазақстанДауыссыз дыбыстар1921-1922 жылдардағы ашаршылықТабиғат зоналарыЭлектр тогыКерей ханSTEMҚазақстан Республикасының ҮкіметіОйлауТүркілерҚұранҚұндылықЖарық сүйгіш өсімдіктерТерроризмӘлем елдерінің тізіміҮкіКирхгоф ережелеріҚазақстан және БҰҰСын есімЕрітіндіЖошы ханЗекетӨзбекәлі ЖәнібековМобильді қосымшаларКрест жорықтарыЭкономикаКәсіпкерлікМастопатияӘйтеке биДыбысБесін намазыОмыртқа бағанасыЕтісҚазақстанды Ресейдің ОтарлауыРобототехникаНайман хандығыЖайылма сөйлемБесеудің хатыОрганикалық затКомпьютерӘн-Нас сүресіЖалаң сөйлемОдағайБейорганикалық заттар1930—1933 жылдардағы Қазақстандағы ашаршылықМиокард инфарктіҚазақ тіліЖелтоқсан көтерілісіҚазақстанның мемлекеттік құрылымыӨртҰлттық саябақтарҚазан төңкерісіКейс әдісіҚазақстандағы 1926-1941 жылдардағы индустрияландыруЖануарларКремнийҚазақстанның ХХ ғасырдың бас кезіндегі ғылыми мекемелері мен ғылыми-зерттеу жұмыстарыКенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалысСақтарАлпамыс батырҚазақстандағы саяси партияларҚаңқаҚазақстан демографиясыКүкірт қышқылыМәкрүһҚорықтарҮйсін мемлекетіШөл зонасыҚанЖыныс мүшелері ауруларыПатша өкіметінің көші-қон саясаты🡆 More