Зерафшан Өзені

Зерафшан өзені – Орталық Азиядағы өзен.

Тәжікстан және Өзбекстан аумағы арқылы ағады. Ұзындығы 781 км. Су жиналатын алабының ауданы – 41860 км².

A.
Зерафшан өзені.

Бастауын Тәжікстандағы Матч тау торабындағы мұздықтан алады. Жоғарғы ағысында таулы жермен, ал төменгі ағысында жазықпен ағады. Бастауында Түркістан және Зеравшан жоталарының арасындағы шатқалмен ағып, Тұран жазығына шығады. Өзен аңғарының едәуір бөлігі тар әрі терең, тек төменгі ағысында ғана біршама кеңейеді.

Ірі салалары: Фандария, Магиан, Кштут. Өзен Самарқан қаласының маңында екі салаға бөлініп (Ақдария және Қарадария), Хатырчи елді мекенінің жанында қайта түйіседі. Ақдария мен Қарадария арасында ауданы 1200 км² шамасында Мианкале аралы орналасқан. Өзен Әмударияға 20 км жетпей құмға сіңіп кетеді.

Өзен, негізінен, көктемде еритін қар суы мен таудағы мұздық суымен толығады. Көктем – жаз айларында тасиды. Қыста өзенді мұз баспайды. Өзеннің су ағыны 30-дан 700 м3/с аралығында өзгереді. Тау шатқалынан шыға берісте су ағынының жылдық орташа көрсеткіші 160 м3/с. Өзен суы төменгі ағысында көптеген каналдар арқылы Тұран жазығының құнарлы жерлерін суландыруға пайдаланылады. Өзен алабының тау алды аудандарында бірнеше бөгендер салынған. Олардың ең ірісі – Қаттақорған бөгені. Зеравшан өзенінің аңғарында Самарқан, Бұхара, Қаттақорған, Пенджикент қалалары орналасқан.

Дереккөздер

Tags:

Орталық АзияТәжікстанӨзбекстан

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Ақпарат технологиясыҚазақстанның мемлекеттік құрылымыАбай жолы (роман)Саяси жүйеҚара құрдымЖұлдызҚазақстан және БҰҰУнитарлы мемлекетНесіпбек Тұрысбекұлы АйтБарбаросса жоспарыҚажымұқан МұңайтпасұлыМақта (дақыл)Вегетативтік көбеюАминқышқылдарҚазақ хандарыЭмбрионПайдалы қазбаларХалықаралық ұйымдарЛинолеумАмерика Құрама ШтаттарыЭкономикалық қатынасҚазақстанда генетика және селекция ғылымдарының дамуыАшық тұқымдыларҒабиден МұстафинСөйлемнің бірыңғай мүшелеріӨзгергіштікӨсімдіктерАтом ядросыЕуропа мемлекеттерінің және тәуелді аймақтарының тізіміДүниежүзілік көрме (2017)Қазақстанның экономикалық аудандарыСоқырішекҚожа Ахмет ЯсауиҚазақстандағы су тасқыны (2024)Хиуаз Қайырқызы ДоспановаБайқоңыр (ғарыш айлағы)Сарқылатын ресурстарАуыл шаруашылығыБұқаралық мәдениетҚиялАлкандарМодернизмҮстеуАлюминийАрхейБәйтерек (монумент)Рим империясыМайларДәруменҚазақ хандығыПублицистикалық стильКүкірт қышқылыӨзбекстанҚимыл-сын бағыныңқылы сабақтас сөйлемАлпамыс батырБұлшық етШәкәрім ҚұдайбердіұлыТехнологияАқбөкенҰлы Жібек жолыЕскендір (поэма)Құрманғазы СағырбайұлыАқ Орда (мемлекет)ОтырарАлтынемел ұлттық паркіЛаңкестік әрекетКарбон қышқылдарыАралас құрмалас сөйлемҚазақ руларыШанхай Ынтымақтастық ҰйымыАзамат соғысыҚазақстан Республикасының Ұлттық музейіАфрика мемлекеттері және тәуелді аймақтарының тізіміЕкінші дүниежүзілік соғысӘлем елдерінің тізіміФотосинтезҚояндарҚасым ханның қасқа жолыҚарағанды металлургия комбинаты🡆 More