Жапондар

Жапондар (жапон.

Жалпы саны 125 млн. адам (1995). Оның 123 млн-ы Жапонияда тұрады. Сондай-ақ, АҚШ-та (1,2 млн), Бразилияда (1,5 млн), Перуде, Канадада (99 мың), Аргентинада да бар.

Жапондар (жапон. 日本人 Nihonjin/Nipponjin, 日本民族 nihon-minzoku)
Бүкіл халықтың саны

130 000 000

Ең көп таралған аймақтар
Жапондар Жапония

127 000 000

Жапондар Бразилия

1 500 000[1]

Жапондар АҚШ

1 200 000

Жапондар Канада

62 349 (қазан 2013 жылы)[2]

Тілдері

жапон тілі

Діні

синтоизм, буддизм

Жапондар
Жапондар
Жапондар

Тілі

Антропологтар жағынан жапондар моңғол нәсілінің қиыршығыстық нәсіліне жатады. Жапондықтардың кейбіреуінің сырт бейнесінен басқалардан бөлекше ауыспалы нәсілдің белгісі байқалады. Бірнеше диалект пен говорға бөлінетін жапон тілін кейбір зерттеушілер алтай тобындағы тілдердің қатарына жатқызады. Токио диалектісі негізінде қалыптасқан қазіргі әдеби тілі (хәдзюнго) 20 ғасырдың орта шенінде көне әдеби тілді (бунго) ығыстырып шығарды.

Діні

Жапондар будда және синто дінін, аздаған бөлігі христиан дінін ұстанады. Жапондардың құрамында өзіндік тілдік, әдет-ғұрыптық ерекшеліктері сақталған рюкю мен басқа этностық топтар бар. Мысалы, буракуминдер — ең төменгі кастаға жататын, өзгелермен тең құқығы оқшауланған этностық топтар Жапонияда буракуминдер қоныстанған 600-дей елді мекен бар.

Тарихы

Жапон аралдарына адамдар біршама кеш қоныстанған. Ғалымдар мұнда ең алғаш қазіргі айндардың аталары, онан кейін оңтүстіктен индонезиялық топтар тілінде сөйлейтін тайпалар, ал б.з.б. 4 — 3 ғасырларда Оңтүстік Кореядан тайпалар келді деп есептейді. Б.з. 4 — 8 ғасырларында осы этностық элементтер және корей, қытай иммигранттары негізінде 19 ғасырдың 2-жартысында жапон ұлты қалыптасты.

Кәсібі

Дәстүрлі кәсіптері күріш өсіру. Оған қосымша суармалы егін, шай, көкөніс, жеміс-жидек, цитрус жемісін егеді. Жібек құртын өсіру, әсіресе, балық аулау кәсібі дамыған. Жапониялықтардың басым көпшілігі қалалы жерлерде тұрып, өндіріс орындарында, халыққа қызмет көрсету саласында еңбек етеді. Жапонияда ұлттық қолөнердің сан түрі, қыш құмыра, керамика жасау, ағашқа ою-өрнек салу, бамбуктен себет тоқу, зергерлік пен сәулет өнері дамыған.

Өмір салты

Жапондар еденге жастықша төсеп, аласа жозыда тамақтанады. Көшеде, жұмыста еуропалықтарша киініп, демалыста, үйде, қонақта ұлттық киімдерін — кимоно киеді. Ерлер мен әйелдердің кимоносы бір-бірінен пішіміне, бояуына, жеңінің ұзындығына қарай ерекшеленеді. Кимононың сыртынан әйелдер жалпақ белбеу, ерлер енсіз белбеу буынады.

Жапондар каркастан қалап тұрғызған бір-екі қабатты үйлерде тұрады. Үйдің ішкі жағы рама мен картон қағаздан тығыздап, қабаттап құрастырылған жылжымалы қабырғамен бөлінеді. Ал үйдің биік шатыры қалақ таспен жабылады.

Ұлттық тағам түрлері, негізінен, күріштен жасалады. Қою тағамдарды қос таяқшамен жейді. Ас қатығы, тұздығы соя бұршағынан, көкөністен даярланады. Жапонияда балықпен бірге теңізден ауланатын кальмар, осьминог, устрица, т.б. тағамдарды пісіріп те шикідей де мол қолданады.

Көнеден жеткен ұлттық салт-дәстүрін, тарихи ескерткіштері мен өнерін, ұлттық мейрамын, сан алуан отбасылық жоралғы ғұрпын, сыпайы мінез-құлық пен мәдениеттілікке баулитын халықтық педагогикасын классик. поэзиясын, сонымен қатар кескіндеме мен сәулет өнерін сақтаған.

Сілтеме

Қазақ энциклопедиясы

Tags:

Жапондар ТіліЖапондар ДініЖапондар ТарихыЖапондар КәсібіЖапондар Өмір салтыЖапондар СілтемеЖапондарАргентинаАҚШБразилияЖапон тіліЖапонияКанадаПеру

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

АқбөкенГенетикаХақназар ханКеңес Одағының БатырыСу көлігіСөйлемКүн жүйесіҒабит Махмұтұлы МүсіреповХХ ғасырдың 20-30-жылдарындағы Қазақстанның әлеуметтiк-экономикалық және қоғамдық-саяси, мәдени жағдайыШешендік өнерЕсімшеҚожа Ахмет ЯсауиФотосинтезРесурстарҚызғалдақСөз таптарыҚазақ тіліКөзОтырарКиіз үйШыршаҚазақстан 2050Аналық жыныс жасушасыСаяси мәдениетАқуызАдам ағзасындағы химиялық элементтерҚыстырма сөзЖүйке жасушаларыЖай санЕскендір (поэма)ТеатрФотоэлектрлік құбылыстарКірпітәрізділерҚозы Көрпеш – Баян СұлуКөмірМемлекеттік басқару формасы бойынша елдер тізіміӘлем елдерінің тізіміҚазақтың ұлттық ою-өрнегіДәнеш РақышевБүркітМонархияШымкентЖуніс СахиевЖарықтың шағылуыХимиялық элементтердің периодтық жүйесіАмерика Құрама ШтаттарыМиозинШвейцарияМіржақып. Оян, Қазақ (фильм, 2023)ШиеТәуелсіз Қазақстан тарихыРесейЕтістікАҚШ экономикасыАстрономияЕрмұхан Бекмаханұлы БекмахановКәсіпорынҚытай Халық Республикасы экономикасыСталинград шайқасыСарқылмайтын ресурстарСақтарҚазақстан астанасыЕртісӨзбекстанАрқарҚазақ хандарыҚазақстандағы алюминий кеніТоқтар Оңғарбайұлы ӘубәкіровТотығу-тотықсыздану реакцияларыСаяси партияҚазақстан өсімдіктеріАманжол Дүйсенбайұлы ӘлтаевӘбілқайыр хан (Кіші жүз)БейбітшілікБуддизмРентген сәулесіҚазақстанның ХХ ғасырдың бас кезіндегі оқу-ағарту ісіТолықтауышАйнұр Тұрсынбаева🡆 More