Жалқауаң

Жалқауаң (лат.

Көкбауыры мен ұйқы безі денесінің сол жағынан оң жағына ауысқан ерекше сүтқоректі.

Жалқауаң
Ұйықтап жатқан жалқауаң
Ұйықтап жатқан жалқауаң
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Жануарлар
Жамағаты: Хордалылар
Табы: Сүтқоректілер
Тұқымдасы: Екібармақтылар
Тегі: Екі бармақты жалқауаңдар
Түрі: Жалқауаң
Екі-есімді атауы
Choloepus hoffmanni
Peters, 1858

Табиғатта таралуы

Жалқауаңдар өзінше бір тұқымдасқа топтастырылған. Қазіргі кезде олардың 5 түрі бар. Жалқауаңдар негізінен Орталық және Оңтүстік Америкада таралған. Олар ағаштарға арқасын төмен салбыратып 4 аяқтарының барлық саусағымен мықтап ұстап қозғалмай бекініп тұрады. Тіпті абайсызда қалғы кетсе де құламайды. Себебі, алдыңғы аяқтарының 3 саусағы (кей түрінде 2 саусақ) артқы аяқтарының 3 саусағы ұшындағы ішке иілген ұзын тырнақтарымен ілгек тәрізді бірігіп кеткен. Сол ілгектерімен ағашқа мықтап бекінеді. Денесіндегі түктерінің ұшы да арқа жағына қарай бағытталған ұын қылшықтары болады. Жаңбыр суы денесінен қылшықтарының бойымен төмен жерге қарай ағады. Түктерінде көк- жасыл бактериялар қалың жабысқандақтан (зиянсыз), қоңырқай- сұр түсі жасылдау болып көрінеді.

Негізгі сипаттамасы

Қалың ормандарда жасыл бактерияларға толы ол байқалмай, қозғалмай ілініп тұрған жануарды ешкім байқамайды. Жауынан қорғанудың бір тәсілі- қозғалмау. Жалқауаңдар арқасын төмен қаратып ағаш бұтағына 4 аяғымен салбырап ілінген қалпын өзгертпеген соң ішкі мүшелерінің де орындары ауысып орналасқан. Оның сыртын қарны жауып тұрады. Көкбауыры мен ұйқы безі сол жағынан оң жағына ауысқан, кеңірдегі екі жерден иілген, қуығы өте үлкен көкетке жанаса орналасқан. Бұл құбылыстың барлығы да олардың мекен ететін орта жағдайында бейімделгендігінің дәлелі бола алады.

Тіршілік етуі

Жалқауаңдар ағаштардың жапырағын, жас өркендерін, гүлдері мен жемістерін қорек етеді. Терісі қатайып әбден мүйізденіп кеткен. Еріндерімен олар қорегін үзіп (жұлып) жейді. Бір ағашта қорегі таусылған жағдайда жалқауаңдар жерге түсіп келесі ағашқа жармасады. Жерге түскенде тіпті дәрменсіз. Жерге жатып аяқтарын созып ағашқа қалай жабысу керек екендігін мойнын жан- жағына бұрып іздестіре бастайды. Біра жерге әрең қозғалып, зорға дегенде басқа ағашқа тырнағымен жабысады. Жалқауаңдар тәулігіне 15 сағат ұйықтайды. Олардың тыныс алуы өте баяу, дене температурасы +24, +33 градусқа дейін төмендейді. Аптасына бір рет қана жаңбырдан соң үлкен дәретке ағаш түбіне түседі. Жалқауаңдар аштыққа өте шыдамды.

Дереккөздер



Tags:

Жалқауаң Табиғатта таралуыЖалқауаң Негізгі сипаттамасыЖалқауаң Тіршілік етуіЖалқауаң ДереккөздерЖалқауаңЛатын тілі

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

ЕртегіТұсаукесерЖау тылындағы балаЕтістікЖүсіпбек АймауытовВирусты гепатит ВҚұтадғу білікҚант диабетіЕсет КөтібарұлыНьютонның бірінші заңыДаун синдромыҚазақтың 500 ән-күйіАнтонимЖылқыЖүрек-қан тамырлар ауруларының алдын алуҚазақ Автономиялы Кеңестік Социалистік РеспубликасыЭлектр өрісіҚазақстан тарихы1930—1933 жылдардағы Қазақстандағы ашаршылықКомпьютердің құрылғыларыӘбу Райхан әл-БируниӘбіш КекілбайұлыЕуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымыҚазақстан қорықтарының тізіміСаяси билікЕрітіндіХлорофиллФариза ОңғарсыноваҚұнанбай ӨскенбайұлыБалдырӘлеуметтануСәбит ДөнентаевКөмірсуларМәңгілік бала бейнеИнвестицияҚылмысАщы ішекФосфорҚазақстан Парламентінің СенатыҚазақ ұлттық киімдеріТотығу-тотықсыздану реакцияларыҒаламшарОттегіНьютон заңдарыСырдарияҚаныш Имантайұлы СәтбаевБірінші дүниежүзілік соғысБайқоңыр (ғарыш айлағы)МотивацияОвуляцияАбортКанадаҚазақстандағы жаңа экономикалық саясатТопырақҚазақстанда кеңес өкіметі орнауының ерекшелігі. Азаматтық қарсы тұруҚазақ тіліндегі жыл айларының атауларының мағынасыӨзбекстанҚазақстандағы ЮНЕСКО Әлемдік мұра нысандар тізіміШұғаның белгісіҒұндарТасымал (лингвистика)Жоламан Тіленшіұлы бастаған көтерілісМағжан Бекенұлы ЖұмабаевЖарықАутизмҚазақстан Республикасының Мемлекеттік ӘнұраныІлеКөкжөтелНарықтық экономикаҚанның ұюыСөз тіркесіҚабынуАдам тісіТұмар ханшаАбиотикалық факторларЖапырақMicrosoft Office WordБаскетболЖусан иісі (повесть)🡆 More