Джулиан Ассанж(ағылш.
шілденің 3 1971 жылы, Таунсвилл) — Аустралия интернет тілшісі, Уикиликс торбетінің негізін салушы. Аустралиядағы «Сидней бейбітшілік қоры» осы елдің азаматы, «Уикиликс» интернет сайтының негізін қалаған Джулиан Ассанжды «құқық қорғау саласындағы қызметі» үшін «Сидней бейбітшілік сыйлығымен» марапаттады.
«Сидней бейбітшілік қоры» Ассанждың «саяси саладағы ғасырлар бойғы қалыптасқан құпиялылықты шайқалтып, азаматтардың ақпарат алу еркіндігін қорғаудағы қызметін» атап көрсеткен
Швеция үкіметі оған «әйел зорлаған» деген айып тағып отыр. Бірақ Ассанж бен оның жақтастары АҚШ үкіметінің құпия жазбаларын жариялағаны үшін «Уикиликс» сайтының авторлары қудалауға түсті деп біледі.
2011 жылы ақпанда Ұлыбритания соты Джулиан Ассанжды Швецияға экстрадициялау жөнінде шешім шығарды. Бірақ Асанждың адвокаттары онымен келіспей, аппеляциялық шағым беретінін мәлімдеді. Швецияда бірнеше әйел жыныстық қатынасқа итермелеп, зорлады деп оның үстінен шағым түсірген. Ассанж болса мұның жала екенін айтады. Сондықтан, адвокаттары швеция құқық қорғаушыларының әрекетінен саяси астар іздеп отыр.
Ортаққорда бұған қатысты медиа санаты бар: Julian Assange |
This article uses material from the Wikipedia Қазақша article Джулиан Ассанж, which is released under the Creative Commons Attribution-ShareAlike 3.0 license ("CC BY-SA 3.0"); additional terms may apply (view authors). Мәлімет CC BY-SA 4.0 лицензиясы аясында қолжетімді (басқа шарттар көрсетілмеген жағдайда). Images, videos and audio are available under their respective licenses.
®Wikipedia is a registered trademark of the Wiki Foundation, Inc. Wiki Қазақша (DUHOCTRUNGQUOC.VN) is an independent company and has no affiliation with Wiki Foundation.