Германия Федералдық Президенті

Германия Федералды президенті (нем.

Қызметте 2017 жылдың 19 наурызынан Франк-Вальтер Штайнмайер.

Германия Федералдық президенті
Bundespräsident
Германия Федералдық Президенті
Германия Федералдық президентінің стандарты
Германия Федералдық Президенті
Лауазымды иеленуші
Франк-Вальтер Штайнмайер
Ресми резиденциясы

Бельвю сарайы

Тағайындалды

Федералдық жиналыстың дауыс беруі

Өкілеттігінің мерзімі

5 жыл; қайта сайлану мүмкіндігі бар

Лауазым пайда болды

11 ақпан 1919 жылы (Веймар республикасы),
13 қыркүйек 1949 жылы (ГФР)

Лауазымдағы алғашқы қызметші

Фридрих Эберт (Веймар республикасы),
Теодор Хойс (ГФР)

Сайты

www.bundespraesident.de

Германияның Федералдық президентін арнайы осы мақсатта құрылатын конституциялық мекеме — Федералдық жиналыс сайлайды. Оның құрамына бундестаг депутаттары кіреді және сол шамадағы жергілікті парламенттардың өкілдері тең қатынас принципімен сайланады. Федералдық президент басым дауыспен бес жылға сайланады. Бір рет қайта сайлануға құқылы.

Федералдық президенттің резиденциялары — Берлиндегі Бельвю сарайы және Бонндағы Хаммершмидт вилласы.

Өкілеттіктері мен қызметі

Ең алдымен, федералдық президент өкілдік қызмет атқарады — ол ГФР-ді халықаралық аренада ұсынады және дипломатиялық өкілдерді аккредиттейді. Одан басқа, ол сотталғандарға рақымшылық жасау құқығы бар.

Оның ресми міндеттеріне:

  • Федералдық заңдарға қол қою және хабарландыру (бұл жағдайда, ол заң қызметің үстінен конституциялық шолу жүзеге асыруға құқылы)
  • Федералдық канцлердің үміткерлігін парламентке ұсыну және оны қызметтен босату және бекіту.
  • Федералдық канцлердің ұсынысы бойынша федералдық министрлерді тағайындалған қызметіне бекіту және босату.
  • Федералдық судьялардың, федералдық мемлекеттік қызметшілердің, әскери офицерлiк және унтер-офицерлерді қызметке қабылдау және босату.

Жоғарыда жағдайларда, ол басқа органдардың қабылдаған шешімдердің тек орындаушысы болып табылады. Федералды Президенттің аса елеулі саяси өкілеттігі тек ерекше жағдайларда бар.

Герман мемлекетінің дамуындағы қазіргі кезеңіндегі Федералдық Президент лауазымының әлсіреуі Веймар Республикасындағы қайғылы тәжірибесі байланысты.

Сайлау және ант қабылдау

Федералдық президент қызметіне кіріскен кезде бундестаг пен бундесрат жиналған мүшелерінің алдында мынадай мазмұнда ант береді: «Мен неміс халқының игілігі үшін өз күші-қуатымды арнауға, оның байлығын көбейте отырып және оны залалдан, бүлінуден қорғауға, Негізгі заңын және Федерацияның заңдарын сақтауға және өз міндеттерімді адал орындауға және әркімге әділдік сақтауға ант етемін. Құдай маған жар болсын». Конституцияға сәйкес, ант қабылдау діни жолдаусыз жеткізілуі мүмкін.

Кандидатты таңдау

Германия Федеративтік Республикасындағы президенттік сайлауға, басқа елдердегі сияқты, белгілі бір талаптар қойылады. Бұл талаптар Негізгі Заңының 54-бабында баяндалған.

  • Біріншіден, бұл ұлттық азаматтық талап, яғни Германия президенттігіне кандидатына, осы елдің азаматы болуы талап етіледі («әрбір неміс» президент бола алады).
  • Екіншіден, бұл сайлануға құқығы болуы, яғни парламент төменгі палатасына (Бундестаг) сайлануға құқығы болуы.
  • Үшіншіден, жас шегі, президенттікке кандидаттың жасы кем дегенде қырық жас болуы тиіс. Қайта сайлануға тек бір рет рұқсат етіледі.

Тағы қараңыз

Сілтемелер

Tags:

Германия Федералдық Президенті Өкілеттіктері мен қызметіГермания Федералдық Президенті Тағы қараңызГермания Федералдық Президенті СілтемелерГермания Федералдық ПрезидентіГерманияНеміс тілі

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Зәр шығару жүйесіҒылыми әдісҚыстырма сөзҚазақстан астанасыТөменгі сатыдағы өсімдіктерСаясатҮкіМысӘпке (драма)Байтұрсыновтың ұрпақ сауатын ашудағы қосқан үлесіБөкей ОрдасыҚазақстандағы 1926-1941 жылдардағы индустрияландыруҚазақ халқының ұлттық тағам түрлеріБұлтты технологияАятЖатыр мойны эрозиясыАқтауПайдалы қазбаларДамушы елдерҚартаюЖанғожа Нұрмұхамедұлы бастаған Сырдария қазақтарының көтерілісіАсқазан мен он екі елі ішектің жара ауруыУлануБауыржан МомышұлыШығыс Түрік қағанатыҚазақ хандығының құрылуыHTMLСи ЦзиньпинМотивацияТеңіз балдырларыЖапонияШыңғыс Төреқұлұлы АйтматовПсихология тарихыӨзін-өзі өлтіруДыбысГалогендерМемлекет астаналары тізіміҚадыр Мырза ӘліКарбон қышқылдарыТұқым қуалаушылықМұхаметжан ТынышбайұлыӘлімұлыОңтүстік ҚазақстанИнсулинДистрофияИса МәсихДәретБастауышЖүрек-қантамырлар жүйесіАнтропогенезҚазақ Кеңестік Социалистік РеспубликасыАристотельМіржақып ДулатұлыЕскендір (поэма)Әбу Райхан әл-БируниҚуық түбі безінің қабынуыОңтүстік АмерикаҚазақ ұлттық киімдеріКөнерген сөздерҒұсылПугачев бастаған шаруалар соғысыТеатрАтлант мұхитыОрманды дала зонасыАмерика Құрама ШтаттарыИнсультЗалалсыздандыруМұстафа ШоқайЖұмыс уақытыҚазақтың XX ғасырдағы мәдениетіАминдерБуржуазиялық РеволюцияДекларацияТеміреткіҚазақстанның Қызыл кітабыМультимедиаҚазақстанның 1920-1940 жылдардағы қоғамдық-саяси жағдайыДидактика🡆 More