«Галактика сақшылары» (ағыл. Guardians of the Galaxy) — режиссёр Джеймс Ганн түсірген, аттас комикстерге негізделген фантастикалық атыс-шабыс фильм; Marvel кинемотография әлеміндегі Темір адам, Ғажайып Халк, Темір адам 2, Тор (кино), Капитан Америка, Кекшілдер, Темір адам 3, Тор: Түнек әлемі және Капитан Америка: Қысқы жауынгер фильмдерінен кейінгі оныншы фильм болып табылады.
Басты рөлдерді Крис Прэтт, Зои Салдана, Дэйв Батиста, сондай-ақ Вин Дизель және Брэдли Купер сомдап, дыбыстаған. "Галактика сақшылары" фильмінің Қазақстан Республикасындагі тұсаукесер күні — 31 шілде 2014 жыл, 3D және IMAX 3D форматтарында өтті.
Галактика сақшылары | |
Guardians of the Galaxy | |
Жанры | фантастика |
---|---|
Режиссёрі | |
Продюсері | Кевин Файги |
Сценарийдің авторы | Джеймс Ганн |
Басты рөлдерде | Крис Прэтт |
Операторы | Бен Дэвис |
Композиторы | Тайлер Бэйтс |
Кинокомпания | Marvel Studios |
Ұзақтығы | 121мин. |
Бюджеті | 170 млн $ |
Кассалық түсімі | 435 485 000 $ |
Мемлекет | |
Тілі | |
Шыққан жылы | |
Келесі фильм | Галактика сақшылары 2 |
IMDb | |
https://www.marvel.com/movies/guardians-of-the-galaxy |
Саяхатшы Питер Квил жұмбақ жәдігерге ие болады. Бұл зат Ғаламды жаулап алуды көздеген Ронан есімді зұлымға тиесілі екен. Питерге бүкіл ғарыш көлемінде іздеу жарияланады. Аман қалудың жалғыз жолы — Роккет есімді жанатпен, адамға ұқсас ағаш хуманоид Грутпен, аса қауіпті Гаморамен және кек жолында жүрген Дракс Қиратқышпен достасу. Олар Галактика сақшылары деген топты құрып, Ронанға қарсы тұрады. Енді бүкіл Галактиканың тағдыра осы кейіпкерлердің қолында.
Marvel ұсынған «Галактика» сақшылары комедиялық блокбастері 2014 жылы қазақ тіліне аударылған үшінші фильм болып табылады. Бұл туынды «Болашақ» қауымдастығы және «MARWIN» компаниясының тікелей қолқабыс етуімен қазақ тіліне дубляждалған.
"Галактика сақшылары" комедиялық блокбастері жалпы есепте қазақ тіліне аударылған 9 фильм болып табылады. Дубляж жұмыстары киноөнімдерді мемлекеттік тілге дубляждауға маманданған алматылық Cinema Tone Production студиясында өткен. Бұл студия Disney, MARVEL және Sony Pictures студияларының голливудтық жобаларын қазақ тіліне аударуға ресми аккредиттелген болып табылады.
Дубляж режиссёрі — Тимур Балымбетов. Тимур үшін "Сақшылар" — голливудтық блокбастармен жасаған алғашқы тәжірибесі.
"Рас айтсам, бұл жобаны алмас бұрын, біраз жүрексіндім. Десе де, қазір бұл фильмнің қазақ тілінде жарық көруіне атсалысып жатқаным үшін қуанамын. Себебі бұл жұмыстың барлығы ұлттық санамызды дамыту үшін, төл тіліміздің насихатын арттыру үшін істеліп жатыр. Бұл игілікті іске өз үлесімді қосып жатқанымды мақтан тұтамын. Ал аударма барысына тоқталар болсақ, бұл орайда айтарлықтай қиындық болған жоқ. Бірақ өте күрделі әрі жауапкершілікті талап ететін жұмыс екен. Мәселен, фильм жастарға арналғандықтан, ондағы кейіпкерлердің барлығы «слэнг» тілінде сөйлейді. Бұл сөздерді қазақшалау, олардың орнына жанама сөздер іздеу біраз уақытымызды алды. Бұл сөздердің баламасы алғашқыда қызық естілуі мүмкін. Десе де, уақыт өте келе құлағымыз үйренеді деп ойлаймын.
Ал актерлер жайлы айтатын болсам, олармен жұмыс істеудің өзі үлкен бақыт дер едім. Жұмыс барысында ешқандай түсініспеушілік болған жоқ. Олар өздеріне жүктелген тапсырманың жауапкершілігін толық сезініп, тамаша нәтиже көрсете білді. Актерлеріміздің кәсібилігіне, еңбекқорлығына тәнті болдым.
Біз барлығымыз фильмдерді орыс тілінде көріп үйреніп қалғанбыз. Менің қалауым, дәл осы жоба жастардың назарын аудартып, қазақ тілін популярласа екен. Фильмдегі көптеген фразалар қанатты сөздерге айналатынына сенімдімін, олар өте қызықты. Оларды тіпті қазірдің өзінде интернетте қазақша трейлерін көргендер дәйексөздеп жатыр."
Кейіпкер | Дыбыстаушы |
---|---|
Питер Квилл/Жұлдызды Лорд | Тимур Пиязов |
Гамора | Гүлназ Әуесбаева |
Роккет Жанат | Ержан Жарылқасынов |
Дракс Қиратқыш | Руслан Сеңкебаев |
Ронан | Бейбіт Қамаранов |
Грут | Бауыржан Қаптағай |
Йонду Удонта | Бақытжан Жармұхамбетов |
Нэбула | Сәуле Тұрдақынова |
Корат | Ержан Түсіп |
Корпсмэн Дэй | Руслан Ахметов |
Нова Прайм | Тынышгүл Сұлтанбердиева |
Танелир Тэван/Коллекция жиюшы | Қайрат Домбаев |
Мередит Квилл | Әйгерім Байбергенова |
Краглин | Ерғали Төлебаев |
Денариан Саал | Азамат Қанапия |
Делдал | Ерғали Төлебаев |
This article uses material from the Wikipedia Қазақша article Галактика сақшылары (фильм), which is released under the Creative Commons Attribution-ShareAlike 3.0 license ("CC BY-SA 3.0"); additional terms may apply (view authors). Мәлімет CC BY-SA 4.0 лицензиясы аясында қолжетімді (басқа шарттар көрсетілмеген жағдайда). Images, videos and audio are available under their respective licenses.
®Wikipedia is a registered trademark of the Wiki Foundation, Inc. Wiki Қазақша (DUHOCTRUNGQUOC.VN) is an independent company and has no affiliation with Wiki Foundation.