Булану

Булану (Испарение) — заттың сұйық немесе қатты агрегаттық күйден газ тәрізді (бу) күйге (бірінші текті фазалық ауысу) ауысу процесі.

Булану
Булану процесі
Сенсорға жабысқан этанол тамшыларының буланғандағы температураның төмендеуі

Қатты дененің Булануы сублимация деп аталады. Булану процесі кез келген температурада жүруі мүмкін, бірақ ол температура жоғарылаған сайын тезірек өтеді. Жабық ыдыстағы Булану процесі сұйықтықтың не қатты дененің үстіндегі кеңістік қаныққан буға толғанша тұрақты температурада жүреді. Қаныққан будың қысымы тек температураға ғана тәуелді және ол температура жоғарылаған сайын артып отырады. Егер қаныққан будың қысымы сыртқы қысымға тең не артық болса, онда Булану қайнау процесіне айналады. Қайнаудың ең жоғары температурасы берілген заттың алмағайып температурасы болып есептеледі. Одан жоғары температурада сұйықтық пен будың арасындағы тепе-теңдік күй сақталмайды. Сұйықтық буға айналуы үшін оның құрамындағы молекулалар ілініс күшін жеңуі керек. Осы күшті жеңуге (шығу жұмысы) және түзілген сыртқы будың қысымын жеңуге жұмсалатын жұмыс молекулалардың жылулық қозғалысының кинетикалық энергиясы есебінен атқарылады. Булану салдарынан сұйықтықтың температурасы төмендеп, салқындайды, сондықтан Булану процесі тұрақты температурада жүруі үшін оған үнемі жылу беріп отыру керек. Заттың бірлік массасын тұрақты температурада буға айналдыруға қажетті жылу мөлшері булану жылуы деп аталады. Булану процесі техникада (іштен жанатын қозғалтқышта, салқындатқыш қондырғыларда, т.б.) кеңінен қолданылады. Булану табиғаттағы ылғал алмасудың негізі болып табылады.

Тағы қараңыз

Дереккөздер

Tags:

БуГазСұйықФазалық ауысуҚатты дене

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Әл-Фатиха сүресіБір жасушалыларАстық шаруашылығыТемпераментМенің атым Қожа (повесть)ЖІӨ (номинал) бойынша елдер тізіміҒаламдық экологиялық проблемаларҚарағайЧарлз ДарвинЖүсіп БаласағұниСинонимТуберкулез18 ғасырдың бірінші ширегіндегі қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайыҚанКөмірсутекФотоэлектрлік құбылыстарОтынӨнеркәсіпҚазақстан жоғарғы оқу орындарының тарихыДүниежүзілік сауда ұйымыII ЕкатеринаЖарықтың шағылуыАбайдың қара сөздеріАвторлық құқықҚоғамШығыс ҚазақстанМәншүк Жиенғалиқызы МәметоваАцетиленҰлы жүз1916 жылғы Қазақстандағы ұлт-азаттық көтерілісИмпрессионизмСолтүстік Қазақстан облысыДауысты дыбыстарҒарышОрганикалық қосылыстарҚұрмалас сөйлемАғашМодернизмТоқырау жылдарындағы ҚазақстанРайымбек батырЛаңкестік әрекетЖеуге жарамды және улы саңырауқұлақтарЮНЕСКОМұхитҚарлығаштарМахаббат, қызық мол жылдарҚайыңҒұндарЖеті қазынаАқтабан шұбырындыГуманизм314-атқыштар дивизиясыМемлекеттік басқару формасы бойынша елдер тізіміҚазақ мәдениетіТүрік қағанатыМәлік ҒабдуллинАхмет БайтұрсынұлыОрганикалық затҚазақстанның Қызыл кітабыВирустарБактериялар1836-1838 жылдардағы халық-азаттық көтерілісҚан мен терОрта ғасырлардағы мәдениетБұрындық ханЕсім ханның ескі жолыСақ мәдениетіОрта ғасырлардағы Шығыс философиясыКүш моментіСу көлігіБағыныңқы сөйлемТозаңдануҒабит Махмұтұлы МүсіреповПсихологияЕуропаСұлтанәлі Базарбайұлы БалғабайЕртісҒылым🡆 More