Билл Скарсгорд

Билл Истван Гюнтер Скарсгорд (швед.

Билл Скарсгорд
швед. Bill Skarsgard
Сурет
Жалпы мағлұмат
Туған кездегі есімі

Билл Истван Гюнтер Скарсгорд

Туған күні

9 тамыз 1990 (1990-08-09) (33 жас)

Туған жері

Стокгольм, Швеция

Азаматтығы

Билл Скарсгорд Швеция

Мамандығы

актер

Белсенді жылдары

2000 — қазіргі күн

IMDb

ID 0803889

«Хемлок Гроув» телехикаясында «Роман Годфри» рөлі бойынша, сондай-ақ Стивен Кингтің «Ол» және «Ол 2» романының экранизациясындағы «Пенниуайз» деген сайқымазақтың рөлі бойынша танымал.

Биллдің жеңіл қылилығы бар. Егер ол көздің бұлшық етін босаңсытса, оның сол көзі ағып кеткендей көрінеді. Ол бұны фильмде қолдану тамаша болар еді деп ойлады, сондықтан Пенниуайздың көзі барлық таспада әр түрлі жаққа қарайды. Оның үстіне, актер шынымен Пенниуайз сияқты күле алады. Бұл компьютерлік графика емес, және бұл өте қорқынышты және шынайы.

Өмірбаяны

Билл – Швецияның Стокгольм қаласында актер Стеллан Скарсгорд пен дәрігер Мю Скарсгардтың отбасында дүниеге келген. Оның жеті бауыры бар: Александр, Густаф, Валтэр (барлығы актер), сондай-ақ Сәм, Эйя, Оссиан және Кольбёрн. Оссиан мен Кольбёрн - Стеллан Скарсгорд пен Мэган Эверетттің некесінен туылған ағайындылар. Отбасында бәрі ұзын бойлы. Ағайынды Скарсаргродтың орташа бойы 190 см-ден асады.

Мансабы

2011 жылы Билл «Ғарышта сезім болмайды» фильміндегі Саймон басты рөлі үшін «Алтын қоңыз» марапатына ұсынылды. 2012 жылы, 21 жасында Еуропалық киноакадемияның Берлин кинофестивалі аясында, «Shooting stars» марапатын жеңіп алды. 2013 жылдан бастап, Билл Netflix компаниясының Хемлок Гроув сериалында Роман Годфри рөлін ойнады. 2014 жылдың сәуірінде Билл "Хеди Слиман" түсірген «Hero» — екі-жылдық ерлер сәні мен мәдениеті журналының мұқабасында пайда болды. Бұл нөмірде, ол өз әкесінен сұхбат алады.

Билл «The Divergent Series:Allegiant (2016)» ғылыми-фантастикалық триллерінде Мәттью рөлін ойнады: Бұл оның алғашқы ірі американдық фильмі.

2017 жылы «Ол» фильмінде Билл қорқынышты, зұлым Пенниуайзды ойнады, және бұл рөлді 2019 жылы «Ол 2»-де қайталады. Оның рөлін жанкүйерлер де, сыншылар да мақтады. Билл 2018 жылы «Касл Рок» сериалында әдеттегіден тыс заңды мәселесі бар жас адам ретінде болды. Ол сонымен қатар, «Дедпул 2»-де Зайтгайст-ті бейнелеген.

Жеке өмірі

2015 жылы Билл швед актрисасы Алида Морбергпен кездесіп жүрді. 2018 жылдың қазан айында ерлі-зайыпты қызды болды.

Марапаттар мен номинациялар

Жыл Еңбек Қауымдастық Дәреже Нәтиже Дер.
2011 Ғарышта сезім болмайды Алтын қоңыз (марапат) Үздік актер Номинация
Жас Әртіс Марапаты Халықаралық көркем фильмдегі үздік қойылым - жетекші жас актер Номинация
2012 Өзі Берлин кинофестивалі Shooting Stars Award Жеңіс
2017 Ол Қорқыныш Метр Марапаты Екінші дәрежедегі үздік актер Жеңіс
Сиэтл Кино сыншылар Марапаты Үздік Зұлым Номинация
2018 Ол Сатурн марапаты Екінші дәрежедегі үздік актер Номинация
MTV Movie & TV Awards Үздік Зұлым Номинация
Teen Choice Awards Кино Зұлым таңдауы Номинация

Дереккөздер

Сілтемелер

Tags:

Билл Скарсгорд ӨмірбаяныБилл Скарсгорд МансабыБилл Скарсгорд Жеке өміріБилл Скарсгорд Марапаттар мен номинацияларБилл Скарсгорд ДереккөздерБилл Скарсгорд СілтемелерБилл Скарсгорд19909 тамызАктерСтокгольмХалықаралық фонетикалық әліпбиШвед тіліШведтерШвеция

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Дін философиясыҚазақстан әкімшілік бірліктеріҚазақстанның орта ғасырлардағы сәулет өнеріҚұстарҚазақстан астанасыГормондарБиотехнологияҚазақстанның тұңғыш мектептеріҚытай Халық Республикасы экономикасыҚазақстан тарихыҚорғансыздың күні (әңгіме)МәтінТыныс алу жүйесіХХ ғасырдың 20-30-жылдарындағы Қазақстанның әлеуметтiк-экономикалық және қоғамдық-саяси, мәдени жағдайыЭкологиялық жүйеЖайылма сөйлемТемірАғашЖан басына шаққандағы ЖІӨ (АҚТ) бойынша елдер тізіміЖыныс қатынасынан жұғатын ауруларҚазақстандағы су айдындарының экологиялық жағдайларыЕуропа одағыЭкологияОрталық ҚазақстанҚазақстанның сыртқы саясатыАустралияМұхитқа шыға алмайтын елдерҰйқы безіАлматы қорығы38-атқыштар дивизиясыАзотЖалпы ішкі өнімАмерикаҚазақ әліпбиіӨзбектерДүние жүзінің саяси картасыНарықтық экономикаАлтын ОрдаНұрдәулет Бәбиханұлы АқышҚұлдықБасынқы сөйлемСырым ДатұлыСпартак көтерілісіТөлен ӘбдікҒылыми-техникалық прогрессVII — IX ғасырдағы сәулет өнері ескерткіштеріҚазақтың ұлттық ойындарының тізіміБензолКөмірсутекҚазақ тіліндегі өсімдік атауларының тізіміҚарағанды облысыЖаһандануҚосарлы ұрықтануЖұқпалы ауруларАнемияЖүктілікБесеудің хатыСақ мәдениетіӨсімдік шаруашылығыШвейцарияҒарышкерВолейболТұқым қуалайтын өзгергіштікБейімбет Жармағамбетұлы МайлинДостықДінмұхамед Ахметұлы ҚонаевЕуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымыЕліктеу сөзПродуценттерАңырақай шайқасыЕгемендікҚояндарҚан топтарыШиеҚұндылықБақбақАтом ядросыМәдени мұраҰлықбек🡆 More