Балшықшылар

Балшықшылар (лат.

Қазақстанда 50-ден астам түрі кездеседі, олар далалар мен шөлдердегі өзен-көл жағалауына, кішкене шалшық сулардың маңына өте көп жиналады. Дене тұрқы 14 – 62 см, салм. 20 г-нан 1 кг-ға дейін. Көпшілігінің аяғы ұзын, сирағы қауырсынсыз, 3 – 4 бармақты, артқы бармағы өте кішкене (сондықтан жерге тимейді) немесе мүлдем болмайды. Б-дың (қызғыштан басқасының) қанаты ұзын, жіңішке әрі үшкір, құйрығы қысқа болады, жерде жақсы жүгіріп, суда жақсы жүзеді. Тұмсықтарының пішіні әр түрлі келеді. Б-дың көпшілігі арнайы ұя жасамай, шұбар түсті 2 – 4 жұмыртқасын шұңқырға салады. Кейбір түрлері басқа құстардың тастап кеткен ағаш басындағы ұясын да пайдаланады. Балшықшылар құрттармен, моллюскілермен, шаянтәрізділермен, жәндіктермен және оның дернәсілдерімен қоректенеді. Олар – жыл құсы. Сәуір айында ұшып келіп, қазанда жылы жаққа ұшып кетеді. Балшықшылардың кейбір түрінің еті дәмді, сапалы.

Балшықшылар
Қазбалық ауқымы: Late Oligocene to recent
Балшықшылар
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Жануарлар
Жамағаты: Хордалылар
Табы: Құстар
Сабы: Татреңтәрізділер
Отряд тармақтары:
  • Charadrii
  • Chionidi
  • Scolopaci
  • Thinocori

Бөрте балшықты немесе қалшықдақ - дене мөлшері де (60-65 г, қанат алымы - 40 см мөлшерінде), реңі де бұлыңғыр балшықтыға ұқсас балшықты құс. Алайда бөрте балшықшының жоны лнша қара емес, ұшып жүргенде қара мен ақтың қарсыластығы бірден көзге шалынбайды, қоңырқай түс пен ақ түс айқынырақ көрінеді. Құйрығының үстінде бірнеше жіңішке қошқыл жолақшалар болады. Қалшылдақтың үстіне бұл балшықшының аяғы ұзынырақ, оны ұшқан кезде құйрық жиегінен айқын байқай аламыз. Оның дауысы да ерекше – «фи-фи» дейтін әуезі екі буынды, селкілдеп тұрып сайрайтын болғандықтан, «қалшылдақ» деп те атайды.

Бұлыңғыр балшықты сияқты Еуразиялың тап сол ендігін мекендейді, дегенмен солтүстікке қарай алысырақ кетеді. Қазақстанда солтүстік-батыс және солтүстік облыстарда ұялайды, әйтсе де барлық жерде ұшып жүрген дарақтары кездеседі. Ағаш және бұталарға жиі қонақтанғанымен, ұясын жерге салады. Салындыда 4 жұмыртқа болады, оны аналығы мен аталығы басады. Аналығы ұяда көбірек болады. Балапандар 3 аптадан соң жұмыртқадан жарып шығады . Қазақстанда наурыз-қыркүйек болады.

Дереккөздер


Tags:

АнтарктидаДернәсілЖыл құсыЖұмыртқаЖәндіктерЛатын тіліМоллюскаларТатреңтәрізділерШаянтәрізділерҚазақстанҚұртҚұстар

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

ТуберкулезҚайта құру кезеңіҚазыбек биМұхитМәшһүр Жүсіп КөпейұлыҚазақтың ұлттық ою-өрнегіГенетикаӘн-Ниса сүресіАқан серіБуддизмХимиялық элементтер тізіміБұлшық етІштің қатуыБалуан ШолақБөкей ОрдасыНоғай ордасыҮйсін мемлекетіҚазанғап ТілепбергенұлыБиомеханикаБітеу буынЫбырай АлтынсаринЖұлдызLinuxАрғынТүркістан (қала)ХолециститИнтернетҚазақстан демографиясыСүндеттеуҮстеуҚұтадғу білікҚанайналым жүйесіИслам күнтізбесіМоғолстанДевианттық мінез-құлықУрбанизацияАнтонимКрест жорықтарыСемей полигоныБірінші Мемлекеттік ДумаНанотехнологияГүлді өсімдіктерДулатФосфорСалт-дәстүрЭпитетАлғашқы көмекThe Goddess BunnyАсан қайғы СәбитұлыСталинград шайқасыТүркілерҚұрмалас сөйлемЕкінші дүниежүзілік соғысҚұрсақ тойАсық ойыныҚышқылҚұндылықЕжелгі МысырОмонимІлияс ЖансүгіровЕуразиялық Экономикалық ОдақОрганикалық затЗәр шығару жүйесіМакаров тапаншасыҒұндарЖәндіктерЗәрдің түзілуі және шығарылуыЕртісБайғазыОксидтерБаланы қырқынан шығаруНамазды бұзатын нәрселерЖеуге жарамды және улы саңырауқұлақтарҚазақстанның пайдалы қазбаларыБекзат Сейілханұлы СаттархановБастың ауыруыҚышымаСақтарҚаңлылар🡆 More