Балх

Балх — Солтүстік Ауғанстандағы қазіргі Вазирабад (Балх) қаласының жанындағы көне қала.

Ежелгі Балх Қытай мен Қашқар, Орта Азия мен Түркістан, Иран мен Үндістан, Таяу Шығыс елдерін жалғастырған Ұлы Жібек жолдары торабына салынып, ірі мәдени-экономикалық орталыққа айналған. Б.з.б. 250 — 130 жылдары шамасында Бактрия мемлекетінің, б.з.б. 1 ғасырдың соңы — б.з. 3 ғасырының басында Кушан патшалығының астанасы болды. Жазба деректер бойынша, Балх ислам діні пайда болып, Орта Азияға тарағанға дейінгі кезеңнің өзінде-ақ кемеліне келген ірі қала болған. 7 ғасырдағы арабтар жорығы кезінде қираған Балх 725 жылы қалпына келтіріле бастады. Сафари, Самани және Ғазнеуи әулеттері билік еткен тұста да (11—12 ғасырлар) қайтадан өркендеп, ең ірі саяси, мәдени және сауда орталықтарының бірі ретінде әлемдік деңгейге көтерілді. 1221 жылы көктемде қаланы Шыңғыс хан әскері басып алды. Бұл жөнінде ибн әл-Асир “қала өз еркімен беріліп, Шыңғыс хан кешірім етіп қиратпаған” деп көрсетсе, Ала әд-Дин Ата Мәлік Жуайни “моңғол ханы өз уәдесінде тұрмай, қаланы тас-талқан еткен” дейді. 1262 жылы қаланы өз көзімен көрген Марко Поло оның бұрын үлкен әрі әдемі қала болғанын, қазір де “әдемі сарайлары мен тамаша мәрмәр ғимараттары бар” ірі қала екенін жазған. 14 ғасырдың 40 — 50-жылдары Балхты Хусейн Әмірге шартты бағынған Илшигидайдың немересі Камил Шейһ хан басқарды. Осы жылдары басталған қайта қалпына келтіру жұмыстары 1368 жылы түгелге дерлік аяқталды. Қала 16 — 17 ғасырларда айтарлықтай дамыды, әсіресе, Шайбани, Аштархан әулеті үстемдік құрған тұста гүлдене түсті. Бұл кезде Балхта бірқатар архитектуралық ескерткіштер бой көтеріп, тамаша бақтар мен гүлзарлар салынды, суландыру ісі дамыды. Балх 16 ғасырдың 2-жартысынан бастап, 19 ғасырдың ортасына дейін Бұхар әмірі мирасқорының ордасы болды.

Балх
Балх

Дереккөздер


Tags:

Ала Әд-Дин Ата Мәлік ЖуайниАрхитектураАуғанстанАштарханБактрияБақГүлзарИранИслам дініМарко ПолоМәрмәрОрта АзияСафариТаяу ШығысТүркістанШыңғыс ханҒимаратҚашқарҚытайҮндістан

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Бейімбет Жармағамбетұлы МайлинБастауышӨнеркәсіптің дамуы және оның шикізаттық бағыт-бағдарыЖалаң сөйлемКиіз үйЭволюцияӘлихан Нұрмұхамедұлы БөкейхановЖыныс қатынасынан жұғатын ауруларҚазақ философиясыСпортНаурыз мейрамыАйтысӨзбекстанЖеті қазынаДамыған елдерМобильді қосымшаларБуддизмҚорқыт атаЖоңғар шапқыншылығыҚанТылҚайыңШиеКөмірсутекҚазақ Кеңестік Социалистік РеспубликасыҚан мен терКүн жүйесіБалғынбек ИмашевАнықтауышКиноКөптік жалғауБиоценозҚазақ ұлттық киімдеріШахмет Құсайынұлы ҚұсайыновБалуан ШолақМонархияАғзалардың жеке дамуыҚатерлі ісікМұражайҚой шаруашылығыАңырақай шайқасыҚаныш Имантайұлы СәтбаевГалогендер16-17 ғасырлардағы Қазақ хандығыЖәркен БөдешұлыСәбит Мұқанұлы МұқановҚазақстан қорықтарының тізіміАқпарат технологиясыЧарлз ДарвинҚожа Ахмет Ясауи кесенесіЛуврҚазақ хандығыДүниежүзі елдерін даму деңгейі бойынша топтастыруТанымал қазақтардың тізіміФотосинтезҚазақ тіліндегі өсімдік атауларының тізіміКеңестік Социалистік Республикалар ОдағыМұнай экспорттаушы елдер ұйымыТүпті жуаКайнозойДыбыстың сипаттамаларыЫбырай АлтынсаринСыбайлас жемқорлықГемоглобинМақалаЖай сөйлем және оның түрлеріЖұмбақтасАфрикаАсқазан мен он екі елі ішектің жара ауруыРим империясыСолтүстік Қазақстан облысыСемей полигоныЕжелгі Рим өнеріМемлекетҚазақ билеріОнтогенезМенің атым Қожа (повесть)СаңырауқұлақтарОрбұлақ шайқасы🡆 More