«Ағай» (кор.
Басты рөлді екі жылдық үзілістен кейін оралған актёр Вон Бин ойнады. Фильм - 2010 жылғы Кореядағы түсімі бойынша, рекорд жасаған фильм. 2010 жылдың 1 қазанында АҚШ пен Канада елінде айналымға жіберілді. Қазақстанда ресми түрде кинотеатрларға шықпады.
Ағай | |
아저씨 | |
Жанры | экшн, триллер |
---|---|
Режиссёрі | Ли Джон Бом |
Продюсері | Ли Тэ Хон |
Сценарийдің авторы | Ли Джон Бом |
Басты рөлдерде | Вон Бин |
Операторы | Ли Тхэ Юн |
Композиторы | Сим Хён Джон |
Кинокомпания | Cinema Service, Opus Pictures, United Pictures |
Ұзақтығы | 119 мин. |
Кассалық түсімі | $ 43 млн |
Мемлекет | |
Тілі | |
Шыққан жылы | |
IMDb | |
http://www.ajussi2010.co.kr |
Чха Тхэ Сик — тыныш аудандағы кішігірім ломбард иесі. Оның өмірі тыныш өтіп жатты. Оның араласатын жалғыз адамы Со Ми атты кішкентай қыз еді. Со Мидың анасы Хё Джон жаман іс жасап, нашақор досымен қылмескерлерге тиесілі затты ұрлап әкетеді. Қылмыскерлер адам мүшелерін саудалаумен айналысатын. Олар Хё Джонды өлтіріп, мүшелерін сатып, Со Миды ұрлап кетеді. Ағайынды Мансук пен Ченсук қылмыскерлердің басшысы болатын. Олар Тхе Сикке телефон арқылы бұйрық беріп отырады. Олардың бұйрығы бойынша Тхе Сик Мансуктің жауы Оха Мен Кюге есірткі алып барады. Мансук дәл сол уақытта полицияға Оха Мен Кю есірткі сақтайды деп хабар беріп, оны ұстап беруге тырысады. Оха Мен Кю полициядан қашуға әрекет жасайды. Тхе Сик оның соңынан қуамын деп, жан түршігерлік көрініске куә болады. Ол мінген көлікте Хё Джонның мүшелері алынған жансыз денесі жатады. Ал Со Миды құтқаратын жалғыз адам Чха Тхе Сик еді. Ол Со Миды құтқарып, Мансук пен Ченсуктің көзін құртады.
«Ағай» 2010 жылғы корей киномаусымының марапаттау рәсімінде ең көп марапат (7) алған фильм, онымен қоса ең үздік ер адам рөлі марапатын алды (Вон Бин). Экшн-фильм, Ли Джон Бомның еңбегінің арқасында үздік ер адам рөлі, үздік әйел адам рөлі, үздік операторлық жұмыс, үздік музыка, үздік жарық, үздік визуалды әсерлер, және үздік монтаж номинацияларының иегері болды. Фильм жылдың ең танымал фильміне айналды, оны тамашалағандар саны 6 млн адам болды.
This article uses material from the Wikipedia Қазақша article Ағай (фильм), which is released under the Creative Commons Attribution-ShareAlike 3.0 license ("CC BY-SA 3.0"); additional terms may apply (view authors). Мәлімет CC BY-SA 4.0 лицензиясы аясында қолжетімді (басқа шарттар көрсетілмеген жағдайда). Images, videos and audio are available under their respective licenses.
®Wikipedia is a registered trademark of the Wiki Foundation, Inc. Wiki Қазақша (DUHOCTRUNGQUOC.VN) is an independent company and has no affiliation with Wiki Foundation.