Ахемен Әулеті

Ахемен әулеті (көне парс.

Ariyānām Xšaçam — «Арий империясы»), сондай-ақ Бірінші Парсы империясы — б.з.д. VI - IV ғасырларда өмір сүрген, Алдыңғы Азия және Африканың солтүстік-шығыс аумағында парсы әулеті Ахеменидтер құрған ежелгі мемлекет. Б.з.д. VI ғасырдың соңына қарай Ахеменид империясының шекарасы батыста Эгей теңізінен бастап шығысында Үнді өзеніне дейін, оңтүстікте Нілдің алғашқы шегінен солтүстікте Кавказға дейін созылған.

Ахеменидтер әулеті
көне парс. Ariyānām Xšaçam

Ахемен Әулеті
Б. з. д. 550 жыл — Б. з. д. 330 жыл


Ахемен Әулеті
Ахемен Әулеті Ахемен Әулеті
байрақ Елтаңбасы
Ахемен Әулеті
Астанасы Персеполис (50 000), Пасаргады, Экбатана (50 000), Сузы (100 000), Вавилон (200 000)
Ірі қалалары Персеполис, Вавилон, Бактра (200 000), Сарды (100 000), Сузы, Пасаргады, Экбатана, Мемфис (50 000), Милет (40 000), Дамаск (40 000), Мараканда (40 000), Сур (40 000)
Тіл(дер)і Көне парсы, арамей, элам, аккад, армян
Ақша бірлігі Дарик
Аумағы 5 500 000 км²
Халқы 50 млн. адам (б.з.д. 480 ж.)
35 млн. адам (б.з.д. 330 ж.)
Басқару формасы монархия
Династиясы Ахеменидтер
Шаһиншаһ
 - б.з.д. 559530 Кир II
Тарихы
 - б.з.д. 550 Құрылды
 - б.з.д. 500 - б.з.д. 449 Грек-Парсы соғысы
 - б.з.д. 330 Өмір сүруін тоқтатты
Мидия
Жаңа Вавилон патшалығы
Соғды
Бактрия
Лидия
XXVI династиясы
Ежелгі Македония
Селевкидтер мемлекеті

Мемлекет тарихы жайлы дереккөздер

Парсылардың шығу тегі

Әкімшілік бөлімі

Ахеменид империясының кеңеюі мен құлдырауы

Ахеменнің ұлы Теисп (Чишпиш) және оның тікелей ұрпақтары — Кир І, Камбиз І, Кир ІІ Аншананың (Солтүстік Эламдағы) патшалары атанған. Ежелгі Шығыс елдерінің көпшілік бөлігін қол астына қаратқан Кир ІІ Ахемен әулетінің ұлы империясын құрды. Ахемен әулетінің үлкен бұтағы Камбиз ІІ-мен (522 ж.) бітеді. Әулеттің кіші бұтағы Дарий І-ден басталады. А. ә-нің билеушілері: Ұлы Кир (546 — 530, 558 жылдан бастап Персия мен Аншананы биледі), Камбиз (530 — 522), Дарий І (522 — 486), Ксеркс І (486 — 465), Артаксеркс І (465 — 424), Ксеркс ІІ (424), Согдиан (424 — 423), Дарий ІІ (423 — 404), Артаксеркс ІІ (404 — 358), Артаксеркс ІІІ (358 — 338), Арсес (338 — 336), Дарий ІІІ (336 — 330). А. ә. тұсында еркін, жеке мемлекеттік жүйе орнады. Мемлекетті шаһиншах биледі.

Ұлы Кир тұсында Лидия, Маргиана, Вавилон, Соғда, Финикия жаулап алынды. Дарий І тұсында парсы елі аумағы шығысында Үндістанмен, Памирмен, батысында Адриатика теңізімен, Ливияның батыс шебімен, солтүстігінденде Каспий теңізімен, Қап (Кавказ) тауларымен және Қара теңізбен, ал оңтүстігінде Оман теңізімен, Парсы шығанағымен, Арабиямен шектесті. Ахемен әулеті тұсында билеуші топ 2 сатыдан тұрды: біріншісі (7 парсы әулеті) мемлекеттік істерге араласып, шаһиншах әскеріне басшылық етті. Екінші сатыдағылар діни істермен айналысты. Біздің заманымыздан бұрын 330 жылы Ескендір Зұлқарнайын (қ. Александр Македонский) шапқыншылығы салдарынан 220 жыл ғұмыр кешкен Ахемен мемлекеті біржолата талқандалып, Ахемен әулетінің билігі үзілді.

Дереккөздер

Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Category:Achaemenid Empire

Tags:

Ахемен Әулеті Мемлекет тарихы жайлы дереккөздерАхемен Әулеті Парсылардың шығу тегіАхемен Әулеті Әкімшілік бөліміАхемен Әулеті Ахеменид империясының кеңеюі мен құлдырауыАхемен Әулеті ДереккөздерАхемен ӘулетіКавказКөне парсы тіліНілПарсы империясыЭгей теңізіҮнді өзені

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Қазақ тіліндегі өсімдік атауларының тізіміPythonСөз табыАралас құрмалас сөйлемБесін намазыСарқылмайтын ресурстарАрқарӨсімдіктерФерменттерКеңестік Социалистік Республикалар ОдағыАнтропогендік факторБәйтерек (мифология)Дәнеш РақышевӘжеЖай сөйлем және оның түрлеріҚұрманғазы СағырбайұлыСаясатАцетиленЖаңа білім беру жүйесіАлкандарСын есімЭлектр тогыҚорғансыздың күні (әңгіме)ФотосинтезОңтүстік-шығыс Азия елдерінің ассоциациясыКөміртегіСөйлемнің бірыңғай мүшелеріҒабиден МұстафинКенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалысӘбілхан ҚастеевАлкиндерҚазақ руларыСырым Датұлы бастаған қазақтардың ұлт-азаттық қозғалысыРинат Рифхатұлы ЗайытовНанотехнологияБұлшық етБұқар жырау ҚалқаманұлыИтМонро доктринасыЕжелгі Рим өнеріБасты бетАғзалардың жеке дамуыТүркістан (қала)Абылай ханТеміртауНегіздерҚазақ театрыӘсет НайманбайұлыҚозыке Бишімбайұлы БишімбаевТүркістан автономиясыҚазақстан географиясыМэйдзи жаңғыртуыЕсім ханның ескі жолыФотоэлектрлік құбылыстарМұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрыҚазақстанның өсімдіктері мен жануарлар дүниесіҚиял1920-30 жылдарындағы Қазақстан әдебиеті мен өнеріҚазақ әліпбиіАхмет БайтұрсынұлыЖасушаӘл-ХорезмиҚазақ қолөнеріИосиф Виссарионович СталинТәуелсіз Мемлекеттер ДостастығыҚажығали МұханбетқалиұлыАустралияТуберкулезТабиғи газЖай санЕуропа одағыРасул Ғамзатұлы ҒамзатовVII — IX ғасырдағы сәулет өнері ескерткіштеріТемірЖелтоқсан көтерілісіне қатысқандар тізіміТұздар (химия)Дәрілік өсімдіктерАИВ/ЖИТССөйлем🡆 More