Атом Ядросы

Атом ядросы — протондар мен нейтрондардан (нуклондардан) құралатын атомның ең ауыр, орталық бөлігі.

Ядролық физика
Атом Ядросы

Aтoм ядросы · Ядролық реакция · Табиғи радиоактивтік

Тағы қараңыз «Физика порталы»
Атом Ядросы

Атом ядросының заряды

Томсонның (1856 – 1940) ұсынған моделі бойынша атом оң зарядталған сферадан және бос орындарына электрондар біркелкі орналастырған болатын. Атом ядросының негізгі сипаттамаларының бірі оның электр заряды болып табылады. Атом ядросының зарядын алғаш рет 1913 жылы Г.Мозли өлшеген. Ал ядроның зарядын тікелей өлшеуді ағылшын физигі Дж.Чедвик 1920 жылы жүзеге асырды. Атом ядросының заряды элементар электр зарядының Менделеев кестесіндегі химиялық элементтің Атом Ядросы  реттік нөміріне көбейтіндісіне тең болады:

Атом Ядросы .

Сонымен, Менделеев кестесіндегі химиялық элементтің реттік нөмірі кез келген элемент атомының ядросындағы оң зарядтардың санымен анықталады. Сондықтан элементтің Атом Ядросы  реттік нөмірін зарядтық caн деп атайды.

Атом ядросының массасы

Атом ядросының физикалық қасиеттері оның зарядымен қатар массасымен де анықталады. Ядроны сипаттайтын шамалардың ең маңыздыларының бірі — масса. Ядролық физика иондар мен атом ядросының массасын көбінесе масс-спектрографтың көмегімен анықтайды. 8.2-суретте масс-спектрографтың сұлбасы келтірілген. Зерттелетін заттың атомдары иондық көзде (ИК) оң иондалып, әлсіз электр өрісінің әсерінен Атом Ядросы  диафрагма арқылы әр түрлі жылдамдықпен өтеді. Атом Ядросы  және Атом Ядросы  диафрагмалары арасында оң иондар электр өрісінде үдемелі қозғалады. Және осы мезетте оң иондарға индукциясы Атом Ядросы  болатын магнит өрісі де әсер етеді. Осылайша үдетілген оң иондар, оған бір-біріне перпендикуляр бағытталып әсер ететін Атом Ядросы  электр және Атом Ядросы  магнит өрістері арқылы сұрыпталып өтеді. Атом Ядросы  диафрагма арқылы бұрылмай өтуі үшін Атом Ядросы  немесе Атом Ядросы  шарты орындалуы керек. Бұл теңдеуден жылдамдықты анықтайық:

Атом Ядросы 

Осы жылдамдыққа ие болған оң иондар біртекті Атом Ядросы  магнит өрісінде орналасқан ВК вакуумдік камераға өтеді. Магнит өрісінің индукция векторы Атом Ядросы  иондардың жылдамдық векторына перпендикуляр орналаскан. Магнит өрісінде козғалған оң иондарға модулі Атом Ядросы  болатын Лоренц күші әрекет етеді. Иондар осы күштің әрекетінен шеңбер бойымен қозғалады. Жартылай шеңбер сыза отырып, массалары бірдей иондар ФП фотопластинаның түрлі орындарында тіркеледі.

Атом Ядросы  немесе Атом Ядросы  болғандықтан, ионның массасын

Атом Ядросы 

өнергі бойынша жоғары дәлдікпен анықтайды. Атом ядросының массасын Атом Ядросы  әрпімен белгілеу қабылданған.

Ядролық физикадағы өлшем бірліктер

Өлшем бірліктерінің Халықаралык жүйесіндегі қолданылатын ұзындықтың, массаның және т.б. өздеріңе таныс өлшем бірліктерімен қатар, ядролық физикада арнайы бірліктер қолданылады. Бұл қажеттілік ядролық процестердің субатомдық әлемде өтетінінен туындайды.

Мысалы, ядролық физикадағы ең үлкен қашықтық атом радиусының өзі 10−10 м-ге тең. Ұзындық бірлігі ретінде ферми алынады: 1фм = 10−15 м. Массаның бірлігі ретінде көміртегі Атом Ядросы  атомы массасының бөлігі алынады, ол массаның атомдық бірлігі болып табылады:

1 м.а.б.=1,660546 · 10-27 кг, 1 кг=6,023091 · 1026 м.а.б.

Салыстырмалы атомдық масса

Атом Ядросы 

атомның абсолюттік массасында неше массаның атомдық бірлігі бар екенін көрсетеді. Мысалы, сутегі үшін Ar= 1,00783, көміртегі үшін Ar = 12,0 , оттегі үшін Ar = 15,99482.

Ядролық физикада энергияны электронвольтпен өлшейді,

1 эВ = 1,6 · 10-19 Дж.

Еселік мәндер де қолданылады:

1 кэВ =103 эВ; 1 МэВ =106 эВ;1 ГэВ =109 эВ.

Көбінесе элементар бөлшектердің массаларын массаның атомдық бірлігімен қатар энергияның өлшем бірлігі МэВ немесе ГэВ-пен де өлшейді. Сондықтан массаның атомдық бірлігіне сәйкес болатын энергияның эквивалентін анықтайық. Масса мен энергияның өзара байланыста болатыны Эйнштейннің Атом Ядросы  формуласынан белгілі.

Атомдағы электрондар массасы ядроның массасымен салыстырғанда өте аз, оны ескермеуге болады. Сондықтан массаның атомдық бірлігімен алынған және атом массасына ең жақын бүтін санды массалық сан деп атайды. Оны Атом Ядросы  әрпімен белгілейді. Ол жоғары дәлдікті қажет етпейтін есептеулерде, әсіресе массалардың қатынасы кіретін өрнектерде ядро массасының шамасы ретінде қолданылады. Мысалы, гелий атомының массасы MHe = 4,0026 м.а.б. болса, массалық саны A = 4 болады.

Атом ядросының пішіні мен өлшемі

Көптеген эксперименттік зерттеулер атом ядросының пішіні сфера тәрізді болатынын көрсетті. Атом ядросының радиусын мына формула бойынша жуықтап анықтауға болады:

Атом Ядросы 

мұндағы R0 = 1,25 = 1,25 · 10-15 м, A — массалық сан. Ал ядроның радиусы оның массалық санының кубтық түбіріне пропорционалдығынан ядролық заттың орташа тығыздығы үшін

Атом Ядросы 

шығады, мұндағы Мя = (mр + mn) · А — ядроның массасы. Есептеулер жуықтап алғанда ядролық заттың орташа тығыздығы р ~ 2,7 · 1017 кг/м3 - екенін көрсетті. Заттың осындай тығыздығы ғарыштағы нейтрондық жұлдыздар-пульсарларға да тән көрінеді.

Дереккөздер

Tags:

Атом Ядросы Атом ядросының зарядыАтом Ядросы Атом ядросының массасыАтом Ядросы Ядролық физикадағы өлшем бірліктерАтом Ядросы Атом ядросының пішіні мен өлшеміАтом Ядросы ДереккөздерАтом ЯдросыНейтронПротон

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

ТабиғатМайларЛитосфераАқындар айтысыӘл-Ихлас сүресіБатыс Түрік қағанатыБастауышҚазақ халқының жоңғар басқыншыларына қарсы азаттық күресіАнтропогендік факторОңтүстік Қазақстан2022 жылғы Қазақстандағы наразылық шараларыҚабынуМитозӘбу Насыр Әл-ФарабиӨтПугачев бастаған шаруалар соғысыТәрбиеНамаз уақытыБатыс ҚазақстанБұрындық ханҚазақстан Парламентінің МәжілісіАтмосфераҚазақстанның пайдалы қазбаларыАсық ойындарыМеталдарКремнийТопырақ құнарлылығыЖарасқан ӘбдірашевЭволюцияЕуропаӨсімдіктерАйқапЖерЖетіген (аспап)Абайдың қара сөздеріЛәззат Мұратқызы ТанысбайСілтілік металдарЕсімшеТүркістан облысыЗат алмасуЭтносБірінші дүниежүзілік соғысДулат БабатайұлыКөксерек (әңгіме)XI-XV ғасырлардағы АнглияҚазақ тіліндегі өсімдік атауларының тізіміЖүрек-қан тамырлар ауруларының алдын алуӘдеби жанрлар1930—1933 жылдардағы Қазақстандағы ашаршылықМұрат МөңкеұлыИталияМүктәрізділерАнтонимӘбіш КекілбайұлыЖануарларКөлденең жолақты ет ұлпасыҚанның ұюыҚаңлыларПатша үкіметінің отаршылдық қоныс аудару саясатыЖалаң сөйлемҚазақстан мәдениетіАнглияПайдалы қазбаларСүреМаркетингДомбыраҚарлұқ қағанатыҚазақтың балаға ат қою рәсіміМиграцияБесін намазыЖоңғар шапқыншылығыЗәрдің түзілуі және шығарылуыФизикаЖасанды интеллектҒұндар мемлекетіҚазақстан аудандарыТүркияТранспирацияСахабалар🡆 More