Аммоний

Аммоний, NH4+ – аммиактың судағы ерітіндісінде түзілетін атомдар тобы; бір зарядты катион.

Тұрақсыз, қыздырғанда аммиакқа және суға ыдырайды. Мүсәтір спиртінің (NH4OH) және А. тұздарының құрамына кіреді.

Аммоний
Аммоний катионының моделі
Аммоний
Аммонийдің түзілуі

Аммоний қосылыстары

Аммоний қосылыстары — құрамына аммоний тобы NH4 енетін хим. заттар. Олардың көпшілігі тұздарға жатады және аниондары бойынша аталады. Негізгілері — аммоний карбонаттары, аммоний нитраты, аммоний сульфаты, аммоний фосфаттары болып табылады. Аммоний карбонаттары — көмір қышқылының аммоний тұздары. Құрамына қарай бикарбонат немесе гидрокарбонат, карбонат және карбаминат болып жіктеледі. Карбонат аммиак ерітіндісіне көмірқышқыл газын жіберу арқылы алынады. Ол 20 °С дейін қыздырғанда ыдырап, аммиак және бикарбонат түзеді. Аммонийдің басқа тұздарын алу үшін, шарап ашытқанда фермент әсерін күшейту үшін пайдаланылады. Аммоний нитраты — аммонийдің азот қышқылды тұзы, түссіз кристалды зат, 169,5 °С дейін қыздырғанда балқиды, одан жоғары темп-рада су және азотоксидін түзеп отырып айырылады. Суда ерігенде жылуды сіңіреді. Тыңайтқыш есебінде және қопарғыш заттар алуда қолданылады. Аммоний сульфаты — күкірт қышқылды аммоний тұзы. Суда еритін кристалды зат. Күкірт қышқылына аммиакты жіберу арқылы немесе гипсті аммиак және көмір қышқылымен әрекеттестіріп алады. Аммоний сульфаты — азот тыңайтқыштарының бірі. Аммоний фосфаттары — аммонийдің фосфор қышқылды тұздары. Олар фосфор қышқылы аммиакпен әрекеттескенде түзіледі. Аммоний фосфаттары құрамында азоты және фосфоры бар күрделі тыңайтқыш ретінде қолданылады.

Tags:

АзотАммиакАтомЕрітіндіКатионСуСутегіТұздар

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Ұйқы безіБатыс ҚазақстанХиуаз Қайырқызы ДоспановаСперматозоидҚазақ тіліАзотШешендік сөзҚазақстан теңгесіСын есімИталияБронхитҰрықЖер сілкінуАсқорыту мүшелеріКөсемшеҚұқықтық мемлекетХХ ғасырдың 20-30-жылдарындағы Қазақстанның әлеуметтiк-экономикалық және қоғамдық-саяси, мәдени жағдайыБаскетболКорея РеспубликасыТәңір тауыДомбыраДүниежүзі елдерін даму деңгейі бойынша топтастыруТұмар ханшаСөйлемнің бірыңғай мүшелеріТүйелерАвтоматтандыруАналық жыныс безіКомпьютерлік вирусДәулеткерей ШығайұлыМұқағали Сүлейменұлы МақатаевОңтүстік АмерикаМемлекеттік шекараҮстеуЖеті жарғыТар жол, тайғақ кешуОперациялық жүйелерРухани мәдениетКүй аңызы (әңгіме)ХолециститМемлекет астаналары тізіміСаяси тұрақтылықҰлтаралық қақтығысДауыссыз дыбыстарҰлықбек Оразбайұлы ЕсдәулетҚырғызстанЫбырай АлтынсаринХақназар ханҚазақстан азамат соғысы жылдарындаАқан серіМәдениеттануКөлеңкеБауыржан МомышұлыМұнай экспорттаушы елдер ұйымыҚазақстан экономикасыЖылулық сәулеЖел энергетикасыТоталитаризмТүркістан облысыДикторАуған соғысы (1979—1989)Сүндет тойТері ауруларыНАТОҚазақтың музыкалық аспаптары тарихыҚазақстанның мұнай өнеркәсібіБесеудің хатыҚазақтың салт-дәстүрлері (тізім)ФосфорБаланы қырқынан шығаруТабиғи газБақытсыз ЖамалНаурызКеңестік кезеңдегі Қазақстан тарихнамасыӘміре ҚашаубаевТынымбай НұрмағамбетовАспанНайзағайМитохондрия🡆 More