Алтынемел Ұлттық Паркі

Алтынемел мемлекеттік ұлттық табиғи паркіЖетісу Алатауының оңтүстік сілемдерінің арасында орналасқан ұлттық табиғи саябақ.

Алтынемел мемлекеттік ұлттық табиғи паркі
Алтынемел Ұлттық Паркі
ХТҚО санаты — II (Ұлттық парк)
Жалпы мағлұмат
Ауданы307 653,35 га
Құрылған уақыты10 сәуір 1996 жыл
Басқаратын ұйымҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті
Орналасуы
44°20′00″ с. е. 78°26′00″ ш. б. / 44.3333° с. е. 78.4333° ш. б. / 44.3333; 78.4333 (G) (O) (Я) 78°26′00″ ш. б. / 44.3333° с. е. 78.4333° ш. б. / 44.3333; 78.4333 (G) (O) (Я) (T)
ЕлАлтынемел Ұлттық Паркі Қазақстан
АймақЖетісу облысы
АудандарКербұлақ ауданы, Панфилов ауданы
Алтынемел ұлттық паркі (Қазақстан)
Алтынемел Ұлттық Паркі
Алтынемел мемлекеттік ұлттық табиғи паркі
Алтынемел ұлттық паркі (Жетісу облысы)
Алтынемел Ұлттық Паркі
Алтынемел мемлекеттік ұлттық табиғи паркі
Алтынемел Ұлттық Паркі Алтынемел мемлекеттік ұлттық табиғи паркі Ортаққорда
Алтынемел Ұлттық Паркі Басқа мағыналар үшін Алтынемел деген бетті қараңыз.

Жер көлемі - 520 мың гектар. Саябақ аумағында туристерді қатты қызықтыратын бірегей табиғи құрылымдар және байырғы тарих ескерткіштері орналасқан. Шатқалдарында ежелгі адамдардың тасқа қашап салған суреттерін көруге болады. Қапшағай мемлекеттік аңшылық шаруашылығы негізінде 1996 жылы құрылды.

Географиялық орны

Жетісу облысы Кербұлақ және Панфилов аудандарында орналасқан.

Жер бедері

Аумағы 469620 га. Бақтың құрамына Қапшағай бөгенінің солтүстігі бөлігі мен Іле өзенінің оң жағалауы, Жетісу (Жоңғар) сілемдері: Кіші және Үлкен Қалқан, Ақтау, Қатутау, Дегерес, Матай, Шолақ, Қояндытау таулары және өте сирек кездесетін табиғат ескерткішінің бірі – «Әнші құм» («Айғай құм») кіреді. Қапшағай бөгенінің оң жағалауындағы тау етегі жазықтығында көптеген қорғандар (мысалы, сақ хандарының қабірі – Тигрхауда, 7 – 4 ғасырлар), тау сайларында әр түрлі жануарлардың суреті салынған жартас көрмесі бар.

Климаты

Бақтың климаты қатаң континенттік, қысы суық, жазы ыстық. Жылдық жауын-шашын мөлшері 330 мм-ден аспайды. Қаңтардың орташа температурасы – 8,6°С, шілденің орташа температурасы 26°С. Қар аз түседі, ол жабайы жануарлардың қыстап шығуына қолайлы жағдай туғызады.

Өсімдігі мен жануарлар дүниесі

Бақ флораға бай, онда жоғары сатыдағы өсімдіктердің 1500 түрі, «Қызыл кітапқа» енген 22 түрі (мысалы, Мүсілім сылдыршөбі, Қопал таспашөбі, Іле бөріқарақаты, т.б.) бар.

Алтынемел Ұлттық Паркі 

Бақ жануарлар әлеміне де бай. Омыртқасыздардың ішінде ең көп кездесетіні – өрмекшітәрізділер мен жәндіктер. Жәндіктердің 5000-нан аса түрі белгілі, оның 25 түрі Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген. Мысалы, Галузо отынкескіш қоңызы, Сольский барылдауық қоңызы, дала сколиясы, жолақты тораңғы көбелегі, т.б. Омыртқалы жануарлар фаунасы да бай. Балықтың 20 түрі, оның ішінде 3 түр эндемиктер (балқаш алабұғасы, балқаш шармайы, бір түсті салпыерін) болып саналады. Қосмекенділерден жасыл құрбақа, қызылаяқ бақа және көлбақа бар. Бауырымен жорғалаушылардың 25 түрі кездеседі. Мысалы, қалқантұмсық жылан, дала тасбақасы, жалтырауық жармасқы, оқжылан, т.б. Құстардың 200 түрінің 174 түрі саябақта ұялайды. 18 түрі «Қызыл кітапқа» енгізілген, мысалы, қара дегелек, балықшы тұйғын, жұртшы, үкі, т.б.

Сүтқоректілердің 70-тен астам түрі мекендейді, олардың ішінде ортаазия тас сусары, шұбар күзен, ортаазия өзен құндызы, Тянь-Шань арқары және бозтүсті ергежейлі қосаяқ қорғауға алынған. Саябақта 197677 жылдардан бері ақ бөкендер, 400-ден аса құлан мекендейді. Табиғатта сирек кездесетін бір түр – Пржевальский жылқысы дүние жүзінде бірнеше зообақта ғана сақталған. 2003 жылы саябаққа Германиядан бірнеше жылқы әкелініп, жерсіндірілді. Саябақта табиғат шежіресі жүргізіліп, жан-жақты жабдықталған бірнеше туристік маршруттар жұмыс істейді.

Саябақ археологиялық ескерткіштер мен ежелгі таңбалар және суреттер салынған үңгірлермен тастарға бай. Сақ дәуірінде салынған «Бесшатыр» обаларының маңызы үлкен. Ш.Ш.Уәлихановтың тарихи-мемориалдық мұражайы осында орналасқан. Саябақта өсімдіктердің 1800 түрі: балқаш сексеуілі, баялыш, шырша, үйеңкі, тораңғы, қызыл тал, жиде, жыңғыл, сексеуіл, қылша, т.б. өседі. Саябақтың жануарлар әлемі де алуан түрлі: сүтқоректілерден құлан, қарақұйрық, арқар, түлкі, тас сусары, қоян; құстардың 15 түрі: бүркіт, тазқара, ителгі, кекілік, қырғауыл, бұлдырық; балықтардан сазан, көксерке, ақмарқа, табан балық, т.б. кездеседі. Омыртқасыз жануарлар дүниесі толық зерттелмеген. Саябақта 17 қорықша бекеті және бірнеше туристік маршрут жұмыс істейді.

Галерея

Дереккөздер

Tags:

Алтынемел Ұлттық Паркі Географиялық орныАлтынемел Ұлттық Паркі Жер бедеріАлтынемел Ұлттық Паркі КлиматыАлтынемел Ұлттық Паркі Өсімдігі мен жануарлар дүниесіАлтынемел Ұлттық Паркі ГалереяАлтынемел Ұлттық Паркі ДереккөздерАлтынемел Ұлттық Паркі

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Оңтүстік АмерикаИнеліктерМұнай өнеркәсібіҚазақ қолөнеріШоқан Шыңғысұлы УәлихановСаңырауқұлақтарҚазақстандағы ЮНЕСКО Әлемдік мұра нысандар тізіміТөтенше жағдайӘлия Нұрмұхамедқызы МолдағұловаГуманизмЖеке еңбек шартыМәншүк Жиенғалиқызы МәметоваЗәр шығару жүйесіАзияСөз таптарыДидактикаТуыстық атауларыАқан серіЖүсіпбек АймауытовҚазақстанның ХХ ғасырдың бас кезіндегі оқу-ағарту ісіТылОперациялық жүйелерШәкәрім ҚұдайбердіұлыНегіздерЕл тізімі (жалпы қабылданған атаулар)Қазақстандағы «қайта құру» саясатыКеңес Одағының БатырыАрал теңізіҚазақстан және БҰҰАтомның ядролық үлгісі. Резерфорд тәжірибесіКонсументтерҚазақстандағы су айдындарының экологиялық жағдайларыТүркістан (қала)СоқырішекОтынҚазақ халқының ұлттық тағам түрлеріГендік инженерияТүпті жуаҚызғалдақАққулар ұйықтағандаОзон қабатыХалықаралық еңбектiк миграцияБұқаралық мәдениетКиіз үйРинат Рифхатұлы ЗайытовҚазақ халқының әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрлеріҒарышкерҚазақстанның білім беру жүйесінің тарихыҒұндарАзаматтық іс жүргізу құқығыҚасым АманжоловАралас құрмалас сөйлемОттегіБұлшық етНесіпбек Тұрысбекұлы АйтҚоректік тізбекТәуекел ханЖасанды интеллектКөне түркі жазбаларыФилософияМиссионерлiкГенетикаОрманЗат есімҚазақ билеріӨмірзая (роман)Тарих философиясыСаясатҚазақстан жерінде мал шаруашылығының қалыптасуы16-17 ғасырлардағы Қазақ хандығыЖамбыл ЖабайұлыМонархияСын есімТеміртауАсқазан мен он екі елі ішектің жара ауруыҚазақтың арқар-мериносыКүй аңызы (әңгіме)Әмір Темір🡆 More