Албырттар

Албырттар (лат.

Каспий, Арал теңізінде, Зайсан көлінде, Бұқтырма су бөгенінде, Ертіс, Жайық өз-нде, Каспий, Арал албырттарында, Ақбалық, Сылан түрлері кездеседі. . Албырттардың тұщы суларда тұрақты мекен ететін (Сигалар, Омулдар мен таймендер деп аталатын) түрлері бар. Албырттардың дене тұрқы 130 см, салм. 2-3 кг. Денесі тығыз қабыршақты келеді, бүйір сызығы жақсы дамыған. Албырттар — қазіргі кезде тіршілік ететін сүйекті балықтардың ішіндегі өте қарапайым түрі. Оның басқа балықтарға қарағанда бас сүйегі нашар сүйектенген және жүзу торсылдағы өңешпен бірігіп кеткен. Қанат қауырсындары жұмсақ және бунақты, ал арқасындағы жүзгіш қанаты қысқа. Сонымен қатар арқасында жұмсақ тері қатпары бар, оны майлы қанат деп атайды. Албырттар — өткінші балықтар. Олардың өсіп жетілуі көбінесе теңізде өтеді де, ал уылдырығын өзендерге шашады. Уылдырық шашу кезіндегі өрістеуі бірнеше мың км-ге дейін жетеді. Уылдырықтарын өздері қазған су түбіндегі арнаулы шұңқырға шашып, оның бетін ұсақ тастармен, немесе ірі құмдармен жауып тастайды. Шабақтары өзенде қыстап шығады да, көктемде теңізге өтеді. Албырттар — кәсіптік маңызы зор, өте бағалы балықтар. Олар өте дәмді еті әрі қызыл уылдырығы үшін ауланады.

Албырттар
Қызыл албырт

Албырттар өнерсәсіптік жолмен ауланатын балықтар тобы, оларға Тынық мұхит албырттары (горбуша, кета, чавыча, кижуч, нерка, Сима, кунджа, шальма), семга, Каспий албырттары, кумжа, форель-бақтақ және голең балықтары жатады. Албырттардың көбі өзендер мен көлдерде тіршілік етеді, сондай-ақ кейбіреулері негізінде көлдерді мекендегенімен, уылдырық шашарда өзендерге шығады. Етінің түсі ашық қызыл, жұмсақ және майсыз ұсақ сүйегі жоқ, хош иісті болады.
Албырттық етінен — таза консервілер, түрлі балық тағамдарын дайындауға, сондай-ақ тұздай ысталған күйінде (шамалан тұздалған), ет және уылдырық тағамдарын әзірлеуге болады. Консервіленген албырттан сорпа жасалады, ол салат пен окрошка әзірлеу үшін де қолайлы. Оның жас немесе тоңазытылған еті асуға, қуыруға, булан пісіруге жақсы. Сондай-ақ албырттық етінен сорпа қайнатуға, дірілдек т. б. тағам дайындауға болады.

  • Тынық мұхит албырттарына — қызыл (нерка), кижуч және сима жатады, олардың салмағы 3—5 килограмға дейін жетеді. Бұл балықтардың етінің дәмділігі горбуша мен кетенің етінен кем емес, әдетте оны тұздайды, ыстайды немесе кептіреді, одан консерві әзірлеуге болады.
  • Кунджа мен мальма (Тынық мұхит голеңі) онша үлкен емес, салмағы 0,4 килограмнан 4 килограмға дейін. Етінің сапасы басқа албырт-лосостарға қарағанда төмен.
  • Каспий албырты негізінен Каспий теңізінің батыс және оңтүстік жағалауындағы ,өзендерден ауланады. Салмағы 8—ІЗ кг. Каспий албыртының шала тұздалған еті сирек кездесетін тағам болып табылады.
  • Кумжа оны семгамен бірге Баренң, Ақ және Балтық теңіздері бассейндерінен аулайды. Салмағы—1—5 кг.
  • Голец КСРО-ның солтүстігіндегі сулардан ауланады. Салмағы 0,3 килограмм ан 1,5 килограмға дейін болады. Еті майлы, әрі дәмді, оны негізінен тұздал және ыстап-кептіріп жейді.

Қазақстанда Каспий А. мен Арал А. деп аталатын екі түрі кездеседі. Соңғысы біршама ірі, салмағы 14 кг деңгейіңде. Екеуінің де саны өте аз болғандыктан Қазақстанның Қызыл кітабында тіркелген.

Дереккөздер

Tags:

АралАрал теңізіАқбалықБалықЕртісЖайық өзеніЗайсан көліКаспийЛатын тіліСыланУылдырық

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Қазақстан 2030Айнұр ТұрсынбаеваҰйғырларАзаматтық құқықОрбұлақ шайқасыЖануарларНесіпбек Тұрысбекұлы АйтЭлектрондық сандық қолтаңбаТотығу-тотықсыздану реакцияларыҒұндар мемлекетіҮшбұрышқа іштей және сырттай сызылған шеңберлерИталияКөктемРесейОрталық жүйке жүйесіДомбыраОтын-энергетикалық кешенГеографияҚазақстан теңгесіҚазақстан демографиясыТұсаукесерЖынысты көбею және ұрықтану ерекшеліктеріЖақсыз сөйлемМәтін16-17 ғасырлардағы Қазақ хандығыАққулар ұйықтағандаСарқылатын ресурстарАлғашқы қайта өрлеу дәуіріҚазақстан экономикасының тарихыЭлектромагниттік толқындарСпартак көтерілісіӨсімдік селекциясыРоботТабиғи газЖоғары молекулалы қосылыстарМал шаруашылығыҚанҚазақстанда генетика және селекция ғылымдарының дамуыТөлеген ТоқтаровҚырғызстанБақытсыз ЖамалОм заңыСан есімДүниежүзінің табиғат ресурстарыАбай жолы (роман)Қазақстанның тұңғыш мектептеріХромосомаларКөмірсуларЕгемендікҚорқыт атаТұқым қуалайтын ауруларПопуляцияҚазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніМиозинМағжан Бекенұлы ЖұмабаевЭкономикаАйтысТел өскен ұлАлюминийМұқағали Сүлейменұлы МақатаевҚазақ Кеңестік Социалистік РеспубликасыМетаморфтық тау жыныстарыБалғынбек ИмашевБір жасушалыларАдам ағзасындағы химиялық элементтерГүлБауырымен жорғалаушыларКөлік кешеніҚасым-Жомарт Кемелұлы ТоқаевЭкстремизмМитохондрияҰлы жүзКайнозойАмерикадағы азамат соғысыЖүктілікЖалаң сөйлемҚұстарМәшһүр Жүсіп КөпейұлыМақал-мәтелдер🡆 More