Алакөл ауданы — Жетісу облысының солтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан әкімшілік бөлік.
1928 жылы құрылған. Аудан орталығы — Үшарал қаласы.
Қазақстан ауданы | |||
Алакөл ауданы | |||
| |||
Әкімшілігі | |||
---|---|---|---|
Облысы | |||
Аудан орталығы | |||
Ауылдық округтер саны | 23 | ||
Қалалық әкімдіктер саны | 1 | ||
Ауыл саны | 55 | ||
Қала саны | 1 | ||
Әкімі | Алмас Сапарғалиұлы Абдинов | ||
Аудан әкімдігінің мекенжайы | Үшарал қаласы, Қонаев көшесі, №74 | ||
Тарихы мен географиясы | |||
Координаттары | 44°13′48″ с. е. 76°51′00″ ш. б. / 44.23000° с. е. 76.85000° ш. б. (G) (O) (Я) 76°51′00″ ш. б. / 44.23000° с. е. 76.85000° ш. б. (G) (O) (Я) | ||
Құрылған уақыты | 1928 | ||
Жер аумағы | 23,7 мың км² | ||
Уақыт белдеуі | |||
Тұрғындары | |||
Тұрғыны | 75 204 адам (2023) | ||
Ұлттық құрамы | қазақтар (85,28%), орыстар (13,18%), татарлар (0,73%), шешендер (0,40%), немістер (0,11%), басқалары (0,3%) | ||
Сандық идентификаторлары | |||
Пошта индексі | 040200-040238 | ||
Автомобиль коды | 19 | ||
Аудан солтүстігінде Абай облысының Аягөз, Үржар, Мақаншы аудандарымен, батысында Сарқан ауданымен, оңтүстігінде Қытаймен шектеседі.
Алакөл ауданы Балқаш-Алакөл ойысы мен Жетісу (Жоңғар) Алатауы аралығында орналасқан. Жерінің оңтүстік-шығысын Жетісу Алатауының Шыбынды, Қайқаң, Жабық, Күнгей Тастау, т.б. жоталары алып жатыр. Ауданның қалған бөлігі салыстырмалы түрде жазық келеді. Бұл жерлерде аласа таулар (Арғанаты, Арқарлы, т.б.) мен құмды алқаптар (Қарақұс, Сарықұм, Тасқарақұм) алып жатыр. Солтүстігінде Алакөл топ көлдері (Алакөл, Қошқаркөл, Сасықкөл, Жалаңашкөл) орналасқан. Жетісу Алатауынан бастау алатын Лепсі, Тентек, Шынжылы, Көксуат өзендері аудан аумағын кесіп өтіп, солтүстіктегі Алакөл, Сасықкөл көлдеріне құяды.
Алакөл ауданының климаты тым континенттік, қысы суық. Қаңтардың орташа температурасы –12 – 16°С, шілдеде 18 – 23°С. Жылдық жауын-шашын мөлшері жазық аймақтарда 150 – 260 мм, тау бөктерлері мен аңғарларында 350 – 550 мм. Жерінің басым көпшілігін шөлейт белдемнің сұр топырағы, ал тау бөктері мен аңғарларында қара қоңыр, бозғылт қоңыр топырақ құрайды. Құмды алқаптарда сор, сортаң топырақ түрлері кездеседі. Даласында жусан, ебелек, баялыш, күйреуік, изен, қияқ, т.б. шөптесін өсімдіктер өседі. Биік тау беткейлері мен аңғарларын шыршалы-қарағайлы орман қамтыған. Аңдардан қасқыр, түлкі, қоңыр аю, қабан, борсық, таутеке, арқар, марал; құстардан үйрек, қаз, аққу, реликті шағала, қырғауыл мекендейді; суларында сазан, алабұға, маринка, ақ амур, көксерке кездеседі. Алакөл ауданына аумағы 12,5 мың га жерді алып жатқан Алакөл мемлекеттік сулы-сазды қорығы, жалпы аумағы 27 мың га болатын Тоқты және алма ағаштарынан тұратын ауданы 32 мың га Лепсі қорықшалары кіреді. Кен байлықтарынан Андреев және Ілдерсай бентонитті кендері бар.
Алакөл ауданында суғармалы және тәлімі егін шаруашылығы дамыған. Онда негізінен астық тұқымдастар, техникалық дақылдар (қызылша) және картоп өсіріледі. Алакөл ауданына пайдаланылатын жерінің аумағы 165,5 мың га, оның ішінде жыртылған жері 76,7 мың га, шабындығы 87,3 мың га, жайылымы 1,46 мың га. Аудан жерінен Ақтоғай-Достық темір жолы және Алматы – Өскемен автомобиль жолдары өтеді. Үшаралдан облыс орталығы — Алматы қаласына дейінгі қашықтық 570 км.
1939 | 1959 | 1970 | 1979 | 1989 | 1999 | 2009 | 2021 |
---|---|---|---|---|---|---|---|
15432 | ▲26413 | ▲43726 | ▲48452 | ▲51619 | ▲79773 | ▼69398 | ▲75554 |
Тұрғындар саны – 69679 (2019).
Аудандағы 56 елді мекен 23 ауылдық әкімшілік округ пен 1 қалалық әкімдікке біріктірілген:
Ауылдық округтері | 2009 | 2021 | 2021 2009-ға пайызбен | Ерлер 2009 | Ерлер 2021 | 2021 2009-ға пайызбен | Әйелдер 2009 | Әйелдер 2021 | 2021 2009-ға пайызбен |
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Ақжар ауылдық округі | 2255 | ▼2182 | 96,8 | 1114 | ▼1112 | 99,8 | 1141 | ▼1070 | 93,8 |
Ақтүбек ауылдық округі | 1239 | ▼1215 | 98,1 | 655 | ▼628 | 95,9 | 584 | ▲587 | 100,5 |
Арқарлы ауылдық округі | 611 | ▼558 | 91,3 | 310 | ▼288 | 92,9 | 301 | ▼270 | 89,7 |
Бескөл ауылдық округі | 7462 | ▲7910 | 106 | 3707 | ▲3897 | 105,1 | 3755 | ▲4013 | 106,9 |
Достық ауылдық округі | 4819 | ▲6381 | 132,4 | 2384 | ▲3260 | 136,7 | 2435 | ▲3121 | 128,2 |
Екпінді ауылдық округі | 2174 | ▼2134 | 98,2 | 1100 | ▼1092 | 99,3 | 1074 | ▼1042 | 97 |
Еңбекші ауылдық округі | 1465 | ▼1249 | 85,3 | 731 | ▼669 | 91,5 | 734 | ▼580 | 79 |
Жағатал ауылдық округі | 2038 | ▼2020 | 99,1 | 1042 | ▼1006 | 96,5 | 996 | ▲1014 | 101,8 |
Жайпақ ауылдық округі | 1564 | ▲1629 | 104,2 | 794 | ▲852 | 107,3 | 770 | ▲777 | 100,9 |
Жанама ауылдық округі | 2260 | ▼2043 | 90,4 | 1174 | ▼1036 | 88,2 | 1086 | ▼1007 | 92,7 |
Жыланды ауылдық округі | 2151 | ▼1632 | 75,9 | 1120 | ▼821 | 73,3 | 1031 | ▼811 | 78,7 |
Көлбай ауылдық округі | 2893 | ▼2771 | 95,8 | 1501 | ▼1448 | 96,5 | 1392 | ▼1323 | 95 |
Қабанбай ауылдық округі | 6182 | ▲6711 | 108,6 | 3037 | ▲3361 | 110,7 | 3145 | ▲3350 | 106,5 |
Қайнар ауылдық округі | 905 | ▲3076 | 339,9 | 478 | ▲1606 | 336 | 427 | ▲1470 | 344,3 |
Қамысқала ауылдық округі | 930 | ▼841 | 90,4 | 493 | ▼438 | 88,8 | 437 | ▼403 | 92,2 |
Қызылащы ауылдық округі | 1696 | ▲1717 | 101,2 | 886 | ▲889 | 100,3 | 810 | ▲828 | 102,2 |
Лепсі ауылдық округі | 1442 | ▼1348 | 93,5 | 720 | ▼708 | 98,3 | 722 | ▼640 | 88,6 |
Сапақ ауылдық округі | 1039 | ▼683 | 65,7 | 513 | ▼350 | 68,2 | 526 | ▼333 | 63,3 |
Теректі ауылдық округі | 2192 | ▼1854 | 84,6 | 1116 | ▼949 | 85 | 1076 | ▼905 | 84,1 |
Тоқжайлау ауылдық округі | 2682 | ▼2288 | 85,3 | 1353 | ▼1164 | 86 | 1329 | ▼1124 | 84,6 |
Үшарал қалалық әкімдігі | 17265 | ▲21272 | 123,2 | 8530 | ▲10684 | 125,3 | 8735 | ▲10588 | 121,2 |
Үшбұлақ ауылдық округі | 1298 | ▼835 | 64,3 | 662 | ▼440 | 66,5 | 636 | ▼395 | 62,1 |
Ынталы ауылдық округі | 529 | ▲729 | 137,8 | 262 | ▲367 | 140,1 | 267 | ▲362 | 135,6 |
Ырғайты ауылдық округі | 2307 | ▲2476 | 107,3 | 1154 | ▲1256 | 108,8 | 1153 | ▲1220 | 105,8 |
ЖАЛПЫ САНЫ | 69398 | ▲75554 | 108,9 | 34836 | ▲38321 | 110 | 34562 | ▲37233 | 107,7 |
Атауы | Халқы (2021) |
---|---|
Үшарал | ▲21122 |
Қабанбай | ▲6605 |
Достық | ▲6314 |
Бескөл | ▲4355 |
Бұлақты | ▼3375 |
Тоқжайлау | ▼2288 |
Қазақстан | ▲1956 |
Көктұма | ▲1935 |
Теректі | ▼1784 |
Ж. Балапанов | ▲1717 |
Жайпақ | ▲1629 |
Көлбай | ▼1465 |
This article uses material from the Wikipedia Қазақша article Алакөл ауданы, which is released under the Creative Commons Attribution-ShareAlike 3.0 license ("CC BY-SA 3.0"); additional terms may apply (view authors). Мәлімет CC BY-SA 4.0 лицензиясы аясында қолжетімді (басқа шарттар көрсетілмеген жағдайда). Images, videos and audio are available under their respective licenses.
®Wikipedia is a registered trademark of the Wiki Foundation, Inc. Wiki Қазақша (DUHOCTRUNGQUOC.VN) is an independent company and has no affiliation with Wiki Foundation.