Айбалта

Айбалта — соғыс қаруы.

Айбалтаны көшпелі халықтар өте ерте заманнан қолдана бастаған. Қазақтар бұл қару түрін 20 ғасырға дейін пайдаланып келді. Айбалтаның басы металдан соғылады, пішіні әртүрлі болып келеді. Балта басының — жалманының жарты Ай сияқты болып дөңгелене соғылуы ай атауына негіз болған. Көне көшпелі халықтардың Айбалталары екі басты немесе балта басының шүйдесі ұзынша келген балға пішінді, әйтпесе істік түрінде болып келген. Шүйдесі балға түрінде, бірақ қысқа жасалған айбалта бастары қазақтарда да кездеседі. Қазақ айбалтасының басына күмістен ою-өрнек салынады. Ерте замандарда айбалта басына салынған ою-өрнек магиялық рөл атқарған. Айбалтаның сабы ағаштан жасалып, кейде терімен қапталады, металл жапсырмалармен әшекейленеді. Кейбір балта саптары түгелдей терімен, күміспен қапталуы да мүмкін. Қолға ұстау үшін саптың төменгі жағына қайыстан бүлдіргі тағылады. Қазақтар ұстанған айбалта саптарының ұзындығы негізінен 70-90 см аралығында. Мұражай қорларындағы кейбір қазақ айбалтасының сабы бұдан да қысқа, ал ұзын сапты айбалтаның үлгілері сақталмаған. Жауынгерлер айбалтаны белге байлап, жорыққа шыққанда тебінгінің астына қыстырып алып жүрген.

Дереккөздер

Tags:

ЖауынгерМеталМеталлМұражайҚазақтар

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

БақбақӘлемнің жеті кереметіЖеті жарғыМоңғол империясыАғылшын тіліДүние жүзінің саяси картасыЕскендір ЗұлқарнайынБірінші Мемлекеттік ДумаҚазақ тіліндегі өсімдік атауларының тізіміАсан қайғы СәбитұлыАсқазан мен он екі елі ішектің жара ауруыМемлекеттік басқару формасы бойынша елдер тізіміНанотехнологияҚұрмалас сөйлемДыбысӘл-хамду ли-ЛләһАбай жолы (роман)ТозаңдануҚазақ ұлттық киімдері1920-30 жылдарындағы Қазақстан әдебиеті мен өнеріҚазақстан индустрияландыру кезеңіндеАдам даму индексіТалғат Жақыпбекұлы БигелдиновҚазақстан халқы ассамблеясыҚазақ тіліТолқын ЗабироваӨсімдік ұлпасыӘйтеке биThe Goddess BunnyОм заңыАбай ҚұнанбайұлыҮстеуАрыстанбабЖамиғ Ат-ТауарихСақ мәдениетіҚұнанбай ӨскенбайұлыМоғолстанАлаш автономиясыҚанҚайта құру кезеңіҚазақ халқының ұлттық тағам түрлеріКөңіл толқыны (күй)Алланың есімдеріЕтеккірҚұндылықЛеонардо да ВинчиІштің қатуыОксидтерСүннет1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысҚазақстан халқыҰйқы безіПиелонефритНайзағайҒабит Махмұтұлы МүсіреповҚазақстандағы саяси партияларҚазақстан қорықтарының тізіміАндроново мәдениетіТуыстық атауларыГүлді өсімдіктерҚұрсақ тойЖаһандануКөкпарҰлыбританияТабиғатты пайдалану мен қорғау негіздеріСалауатты өмір салтыБөкей ОрдасыМұса пайғамбарКиіз үйҚажылықКеңестік Социалистік Республикалар ОдағыСын есімСан есімЯдроМәкрүһБүркітСырым ДатұлыҚабанбай батыр🡆 More