Эстондар

Эстондар (эст.

Ресей, АҚШ, Латвия, Канада, Украина, Швеция, т.б. елдерде де тұрады. Жалпы саны – 1,1 млн. адам (2006).

Эстондар
Эстондар
Бүкіл халықтың саны

1 055 000

Ең көп таралған аймақтар
Эстондар Эстония

914 896 (2021)

Эстондар АҚШ

27 113

Эстондар Канада

24 000

Эстондар Швеция

25 509

Эстондар Ресей

17 875 (2010)

Эстондар Аустралия

7 543

Эстондар Германия

6 286

Эстондар Норвегия

5092

Тілдері

эстон тілі

Діні

протестант (лютеран)

Тілі

Эстон тілі орал тілдер отбасының фин-угор тілдерінің балтық-фин тармағының оңтүстік тобына кіреді, тілдердің қопарылма (флективті) түріне жатады (агглютинацияның елеулі құбылыстары бар). Эстон тілі – ескі жазба тілі, бұл тілдегі алғашқы жазбалар ХІІІ ғасырға жатады. Эстон тілінің жазуы латын графикасына негізделген. Эстон тілінде үш диалект тобы бар: солтүстік эстон, оңтүстік эстон және солтүстік-шығыс. ХVI ғасырда екі эстон әдеби тілі пайда болды, біреуі солтүстік эстон диалектісі негізінде, екіншісі оңтүстік эстон диалектісі негізінде қалыптасты. ХІХ ғасырдың екінші жартысынан бастап біртұтас эстон әдеби тілі қалыптаса бастады, оның нормалары ХХ ғасырдың бірінші жартысында қалыптасқан болатын.

Діні

Діні – протестант (лютеран).

Тарихы

18 ғасырға дейін маарахвас аталған эстондардың ата-бабалары шамамен б.з.б. 3-мыңжылдықтың ортасында қазіргі Эстония жеріне қоныстанған. Олар мұнда келгеннен кейін жергілікті балтық-финн және басқа да тайпалармен араласып кетті. Б.з.б. 3-мыңжылдықтың аяғында Балтық маңына Эстондардың арғы ата-бабаларының тағы бір бөлігі келіп қоныстанды. Кейіннен олар да көршілес финн-угор, герман және славян тайпаларымен мәдени-экономикалық, саяси байланысқа түсті. Орта ғасырларда Эстондардың ұлт ретінде қалыптасуы басталды. Орыстың көне жылнамаларында бұлар чудь деп аталынды. Кейінгі орта ғасырларда Ливония, Швеция мен Речь Посполита, Дания сынды мемлекеттердің құрамында болу Эстондардың тұрмысы мен болмысына көп әсерін тигізді. 18 ғ-дың 1-жартысындағы орыс-швед соғысынан (Солтүстік соғыс) кейін Эстондар Ресейдің қол астына өтті. 19 ғасырда оңтүстік және солтүстік диалектілердің негізінде біртұтас эстон тілі қалыптасты.

Кәсібі

Эстондар негізінен егіншілікпен айналысып, 11 ғасырда-ақ егістік өңдеудің үш танаптық жүйесін игерді және мал шаруашылығымен айналысты, жағалауда өмір сүретіндері теңіз кәсібімен шұғылданды. Эстондар арасында мал шаруашылығы бұрын тек көмекші мәнге ие болса, қазір оның рөлі айтарлықтай өсті. Ірі қараның жергілікті тұқымыдары өсірілуде. Теңіз жағалауында балық аулау үлкен өнеркәсіптік сипатқа ие.

Қазіргі эстондықтардың ата-бабалары үйлерін өзен жағасына салып, бір ауылға бірнеше отбасы болып қоныстанған. Баспаналары (рига) үш бөлмелі, ол қима ағаштан тұрғызылады. Төбесі сабанмен жабылып, биік етіп көтеріледі.

Мәдениеті

Эстондар 
Ұлттық киім киген эстондар

Ұлттық киімдерінде көрші халықтардың әсері байқалады. Әйелдер түндік секілді тігілген көйлектер (сярк, хаме), шұбар юбка (сеэлик), мата белбеу, кофта (кампсун) немесе жеңсіз киім (лийстик) киген. Күйеуге шыққан әйелдер мейрам күндері алжапқыш, түрлі түсті жіппен сәнделген жабын (сыба) киіп жүрген. Дәстүрлі бас киімдері: қыздардікі – лента, әйелдердікі – чепцы, т.б. Ерлер жейде, ұзын немесе ұзындығы тізеге дейін шалбар, күртеше (ваммус), киіз қалпақ, қыста құлақшын киеді. Әйелдердің де, ерлердің де сыртқы киімі кафтан, қыста тон, қолғап болған. Аяқтарына етік, тері постол, лапти киген.

Дәстүрлі тағамдары алатын өнімдеріне (ұн, картоп, ет, балық, т.б.) негізделген. Олар әлі күнге дейін нанның көптеген түрлерін, ботқа, т.б. тағамдар, көкөністен түрлі тағамдарды даярлайды. Кең тараған сусындары – квас, сыра.

Халық арасында қолөнер түрлері (ағаш пен тері өңдеу, тоқымашылық, зергерлік, т.б.), бай фольклоры сақталған.

Қазақстандағы эстондар

Қазақстандағы эстон диаспорасы санының жалпы динамикасы:

  • 4 083 (1970 ж.),
  • 3 505 (1979 ж.),
  • 3 331 (1989 ж.),
  • 1 819 (1999 ж.) адам, негізінен Қарағанды, Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстарында және басқа да облыстарда тұрады.

Дереккөздер

Tags:

Эстондар ТіліЭстондар ДініЭстондар ТарихыЭстондар КәсібіЭстондар МәдениетіЭстондар Қазақстандағы эстондарЭстондар ДереккөздерЭстондарАҚШКанадаЛатвияРесейУкраинаШвецияЭстон тіліЭстония

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Барбаросса жоспарыОдағайКөлікҰрықЖапонияШешендік өнерДемократияҚазақстандық Кеңес Одағының Батырлары (тізім)КонсументтерПедагогикаӘлемнің жеті кереметіДыбысМұхаммедМинералБатыс ЕуропаНаурыз мейрамыТұқым қуалайтын ауруларАналық жыныс безіҚарахан мемлекетіТатарларЖақсыз сөйлемҒарышкерТалғат Жақыпбекұлы БигелдиновҚазақстандағы минералды ресурстарМузыкаБатыс Түрік қағанатыАйдын Ақанұлы АйымбетовАдам ағзасындағы химиялық элементтерОксидтерҒылыми-техникалық прогрессМәңгілік бала бейнеГеосаясатӘл-ХорезмиКітапХалықаралық валюта қорыҚыз ЖібекҚазақ халқының ұлттық тағам түрлеріӨнеркәсіптің дамуы және оның шикізаттық бағыт-бағдарыӘміре ҚашаубаевҚазақстанның Қызыл кітабына тіркелген бірінші санатты жануарларАлтынемел ұлттық паркіЖелтоқсан көтерілісіБейбітшілікТранспортирҚыстырма сөзСалауатты өмір салтыТарих философиясыМодификациялық өзгергіштікPythonРеформацияОтырар кітапханасыҚазақстан Республикасының ұлттық кітапханасыТел өскен ұлИзомерияМагниттік өтімділікӘлкей Хақанұлы МарғұланАстана мектеп оқушыларының сарайыРайымбек батырЖІӨ (номинал) бойынша елдер тізіміТырнақшаМенің атым Қожа (фильм)ГаметаЖұлдызҚоршаған ортаның ластануыҚазақстан өсімдіктеріЖүрек-қантамырлар жүйесіӘбілқайыр хан (Кіші жүз)Күнделік.кзӘуе көлігіТолықтауыш1916 жылғы Қазақстандағы ұлт-азаттық көтерілісМайларЕжелгі Рим мәдениетіДенсаулықАрқарҚазақстанның кен ресурстарыЖұлынМонархияАсқорыту мүшелері🡆 More