Сары Қызба

Инкубациялық кезеңі 3-6 күн (10 күнге дейін).

Бастапқы кезеңі гиперемия фазасы. 3-4 күн ішінде өтеді және кенет дене қызуының 39-40С-қа дейін жоғарлауымен, айқын қалтыраумен, интенсивті бас ауруымен және таралған миалгиямен сипатталды. Аурудың 1-2 күндері көп науқаста бетінің, мойынның және кеуденің жоғарғы бөлімдерінің гиперемиясы және ісінуі байқалады. Склера және коньктиваның қан тамырлары ашық гиперемирленген (“қоянның көзі”) көзден жас ағу байқалады. Әдетте тамыр соғысы жиілеген, келесі күндері брадикардия және артериальды гипотензия дамиды. Көп науқастарда бауыры ұлғайған және ауырсынады. Бастапқы кезең соңында петехиялар және экхимоздар пайда болуы мүмкін.

Сары Қызба
Африка аумағындағы сары қызбаның таралуы (2009)

Гиперемия кезеңі қысқа уақытты ремиссияға ауысады (бірнеше сағаттан 1-1,5 тәулікке дейін). Бірқатар жағдайда ремиссия сауығу фазасына өтуі мүмкін, бірақта жиі аурудың келесі науқасымен ауысады. Венозды стаз кезеңі. Науқастың жағдайы нашарлайды. Дене қызуы қайтадан жоғарлайды, сарғаю өте айқын болады. Тері жабындылары бозғылт. Дене және аяқ-қол терісінде петехия, экхимоз түрінде жайылған геморрагиялық бөртпелер пайда болады. Қызыл иектің қанталауы, көп ретті қан құсу, мұрыннан және жатырдан қан кету байқалады. Шок дамиды. Тамыр соғысы әдетте сирек, әлсіз толған, қан қысымы төмендейді, олигурия немесе анурия дамиды. Аурудың 7-9 күндері науқастың өлімі шок, бүйрек және бауыр жетіспеушілігі нәтижесінде болады. Қызбалы кезең ұзақтығы орташа 7-9 күн, одан кейін ол реконвалесценция кезеңіне өтеді.

Сары Қызба
258x258px

Диагностика.

СҚ диагнозы науқастың қанынан СҚ вирусын (аурудың бастапқы фазасында) немесе оған антиденелерді (аурудың кеш кезеңдерінде) РСК, НРИФ, РТПГА тапқан кезде дәлелденеді. СҚ-ның салыстырмалы диагностикасы геморрагиялық қызбаның басқа түрлерімен, вирусты гепатитпен, безгектің қатерлі түрлерімен жүргізіледі.

Емі

СҚ науқастары масалардың кіруінен қорғанған стационарға жатқызылады. Парентеральды зақымданудың профилактикасы жүргізіледі. Терапиялық шараларға шокқа қарсы комплекс және дезинтоксикациялық заттар бұзылған гемостаз коррекциясы жатады. Айқын азотемиямен жүретін өршитін бүйрек, бауыр жетіспеушілігі жағдайында гемодиализ немесе перитонеальный анализ жүргізіледі.

Профилактика

Инфекция ошақтарында СҚ-ның арнайы профилактикасы тері антигендирленген вакцина 17Д және сирек вакцина “Дакар” арқылы іске асады. 17Д вакцина 0,5 мл-ден 1:10 қатынасында араластырылған түрде тері астына енгізіледі. Иммунитет 7-10 күннен кейін дамып, 6 жыл сақталады. Егілмеген адамдар эндемиялық аудандардан 9 күнге карантинге ұшырайды.

Дереккөздер

Tags:

Сары Қызба Диагностика.Сары Қызба ЕміСары Қызба ПрофилактикаСары Қызба ДереккөздерСары Қызба

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

ӨзгергіштікДәрілік өсімдіктерСарқылатын ресурстарСөз табыЖанрІлияс ЕсенберлинҚытайӨзбектерҚазақ мәдениетіОтынБалықтарҒылыми стильЭкологиялық проблемаБейбітшілікСәкен СейфуллинСолтүстік АмерикаҚұстарТас дәуірі314-атқыштар дивизиясыҚазақстан Республикасының Ұлттық музейіХалықаралық еңбектiк миграцияҚазақстан Республикасының КонституциясыЖеті жарғыҚорғалжын қорығыҚадыр Мырза ӘліӘлеуметтік өзгерісБағыныңқы сөйлемБаскетболҰрықтануЖан басына шаққандағы ЖІӨ (АҚТ) бойынша елдер тізіміҚазақстанның кен ресурстарыЛейкоциттерҰлықбекТемірЭритроциттерҚаңлыларСын есімАқбөкенӘлемдегі ең танымал мұражайлар тізімі (2014)Ғылыми фантастикаАхмет БайтұрсынұлыАрыстан баб кесенесіТөле биҚорықӘл-Фатиха сүресіҚазақстанның Қызыл кітабына тіркелген бірінші санатты жануарларДінмұхамед Ахметұлы ҚонаевВолейболҚазақстандағы саяси партияларРесейҚажығали МұханбетқалиұлыАдамаралық қарым-қатынасҚазақтардың Дүниежүзілік құрылтайыЖер аумағы бойынша мемлекеттер және тәуелді аймақтар тізіміБалғынбек ИмашевБақытсыз ЖамалКүй аңызы (әңгіме)КанадаӘбілхан ҚастеевКүрішЖер бетінде тіршіліктің қалыптасу кезеңдеріБұлшық етТуберкулезЖұқпалы ауруларТерминСүтқоректілерӘмір ТемірЖаңа экономикалық саясатМэйдзи жаңғыртуыСарматтарҚанЭлектр тогыАстанаЕл тізімі (адамның өмір сүру ұзақтығы)Алғашқы көмекЖамбыл ЖабайұлыҚазақстан 2050ГуманизмХалық қаһарманы🡆 More