Әбілқайыр Әулеті

Әбілқайыр әулеті — Кіші жүз бен Хиуаның хандары, билеушілері.

Шыңғыс хан тұқымдарының дәстүріне сай Әбілқайыр да өз ұрпағын ел билеуге тәрбиелеп, қазақ хандарының жаңа әулетінің негізін қалады. Оның 3 ұлы, 9 немересі, 5 шөбересі хандық дәрежеге көтерілді. Әбілқайырдың қанша әйел алғаны белгісіз (кей деректерде төртеу). Бәйбішесі Бопай хан ақыл-парасатымен ханның кеңесшісі бола білді. Хан одан 5 ұл көрген. Олар — Нұралы хан, Ералы, Қожахмет, Айшуақ және Әділ. Кенже ұлы Шыңғыс — қалмақ күңінен туған. Тағы бір әйелі башқұрт. Бірнеше қыздары болған. Оның бірі — Қарашашты Абылай сұлтанға қосқан. Ә. ә-нің үлкені Нұралы әкесінің көзі тірісінде-ақ Хиуада хан болды. Әкесі қаза тапқан соң, Кіші жүздің тағын мұралады. Ералы 4.9.1791 ж. хан сайланып, оны Ресей императоры өз жарлығымен (29.1.1791) бекітті. АйшуақКіші жүз ханы (1798 — 1805), хандар кеңесінің төрағасы болды. Шөбересі ЖәңгірРесей императоры ресми бекіткен қазақтың соңғы ханы. Әбілқайырдың Тоқтамыс деген ағасының баласы Мамай (Сары айғыр хан деген атпен белгілі), немерелері Бөлекей мен Әкім әр жылдары Хиуа хандығының тағында отырды. Әбілқайыр Хиуа ханы Елбарыспен (1728 — 39), Арал өңірін билеуші Шаһ-Темірмен (1721 — 36), қалмақ ханы Дондық-Дашымен (1741 — 61), қазақтың Батыр және Абылай сұлтандарымен, кейбір башқұрт тархандарымен қыз алысып, қыз берісіп құдандалы болды. Ә. ә. Қазақстан тарихында елеулі орын алды.

Дереккөздер

Tags:

АбылайАйшуақ ханАралБопайЕралы ханКіші жүзНұралы ханРесейСалқам Жәңгір ханШыңғыс хан

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

БүркітҚозы Көрпеш - Баян СұлуLinuxТалақГеографиялық картаТөлен ӘбдікВирусты гепатит ВҚызылордаЭволюцияСақ мәдениетіКөтеуМакаров тапаншасыБаланы ұшықтауАрғынТеатрАлланың есімдеріАйтысПольша Халық РеспубликасыЖылқыСан есімМезолитСемей полигоныҮш Жүз партиясыБеташарАбай ҚұнанбайұлыҚазақтың ұлттық ою-өрнегіШвейцарияКанадаМәңгілік бала бейнеҚуық түбі безінің қабынуыИсламдағы жыныстық өмір әдебіЕсімшеГазАлтын Орданың хандарының тізіміҚұмырсқаларЯдроӘмір ТемірДүниежүзілік шаруашылық жүйесіДүниежүзі елдерін даму деңгейі бойынша топтастыруНамаз уақытыАлты кәлимәМағжан Бекенұлы ЖұмабаевТопырақ құнарлылығыБозжыра шатқалыАңыздың ақырыҚұрманғазы СағырбайұлыЕркектің жыныстық мүшесіМахаббат, қызық мол жылдарБұқаралық ақпарат құралдарыТабиғатты қорғауПайғамбарӘбу Насыр Әл-ФарабиМенің атым Қожа (фильм)Халықаралық балалар күніМұхаммед ШайбаниТрансформаторКарл ЛиннейҚазақстанның сыртқы саясатыШарын шатқалыҚазақтың салт-дәстүрлері (тізім)Қазақстан Республикасының КонституциясыДомбыраДәруменКөмірЕр Төстік1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысКіші жүздің Ресейге қосылуыЖапонияҚарагөз (трагедия)Жыныс мүшелерінің құрылысыҚазақстанның мемлекеттік құрылымыХристофор КолумбҚазақ хандығыОсман империясыБайұлыҚазақстан экономикасының тарихыҰлпан (роман)Орталық АзияТәуке хан🡆 More