Ералы Хан

Ералы, Ермүхамедәли баһадүр хан (т.ж.б.

— 26.6.1794) — сұлтан, Кіші жүз ханы (1791-94), Әбілқайыр ханның екінші ұлы, А.И.Тевкелев елшілігіне аманатқа берілген.

Ералы хан
Ермүхамедәли баһадүр хан
Ералы хан
Лауазымы
Кіші жүз ханы
1791 — 1794
Ізашары Жармұхамбет хан
Ізбасары Есім хан
Өмірбаяны
Діні Ислам
Дүниеге келуі 1720 (1720)
Қайтыс болуы 1794 (1794)
Әкесі Əбілқайыр хан
Анасы Бопай Ханым
Балалары ұлдары: Темір,
Бөлекей,
Жантөре

Өмірбаяны

Әкесінің тірі кезінде Орта жүз керейлерінің және Кіші жүз шөмекейлері мен төртқарасьшьщ сұлтаны болды. Кіші жүзде әкесі Әбілқайыр ханның саясатын белсенді түрде жүзеге асырды. Әкесінің Орта Азия хандықтарымен Ресеймен байланысты көптеген маңызды тапсырмаларын орындаған. 1733 ж. Ресей елшісі Тевкелевке қосылып, Кіші жүздің елшілігін бастап, Петербургке барған. 1733 ж. 10 ақпанда Ералы патшайым Анна Иоанновнаның қабылдауында болды. Қазақ-орыс Ералы (ортада), Дж. Кэстль суретінен, 18 ғ. байланыстары, Кіші жүздің саяси статусы жөнінде орыс ханымымен келіссөз жүргізді. Ералы бастаған дипломат миссияда ұлы жүздің де бірнеше өкілдері болды. Осының нәтижесінде Төле би, Қодар би, Сатай және Қойгелді батырларға арнап орыс үкіметінің грамотасы жіберілді.

Сыртқы істер коллегиясы грамотада (Ұлы жүздің Ресей құрамына қабылданғанын жариялады. Алайда аталмыш грамота әртүрлі жағдайлармен Ұлы жүзге жетпеді. Ералы 1740 ж. тамыз айында Орскіде шекаралық комиссияның жаңа төрағасы И.И.Неплюевтың бастамасымен өткізілген қазақ хандары мен белгілі сұлтандарының съезіне қатысты. Тевкелевпен байырғы таныстығы бірқатар қайшылықтарды келіссөз барысында шешуге мүмкіндік береді. Е. тәжірибелі дипломат ретінде 1742 ж. тамыз айында тағы да Орск бекінісінде өткізілген екінші съезге де белсене қатысты. Кіші жүздің белгілі өкілі ретінде Орта Азия хандықтарымен, әсіресе осы өңірге іргелес орналасқан қарақалпақтармен арадағы қайшылықтарды шеиіуге тікелей атсалысты. 1742 ж. қарақалпақтардың Мамыр мен Құшан бастаған 7000 отбасын әкесінің тапсырмасымен Ресей құрамына қабылдауда ресми өкіл қызметін атқарды. Ералы Абылайды Жоңғар тұтқыньшан босатуға аттандырылған майор К.Миллердің елшілігін жоңғар шекарасына дейін аман-есен жеткізуге күш салды. Сорочинская бекінісінде әкесінің аманаты ретінде ұсталған Қожахмет сұлтанның жағдайының біршама жақсаруына себепші болды. 1747 ж. Қожахмет Ералының араласуымен әкесіне қайтарылғанымен, көп кешікпей дүние салды. 1748 ж. тамызда Әбілқайырдың қайғылы жағдайда дүние салуы Кіші жүздегі саяси ахуалды түбірімен өзгертіп жіберді. Ералы ағасы Нұралымен тізе қосып, Кіші жүзге хандыққа таласқан Батыр сұлтанмен күрес жүргізді. Нұралының таққа отыруына барынша көмек жасады. Кіші жүздегі саяси ахуалдың шиеленісуіне қарай Ералы өзінің бар мүмкіндігін Нұралыны патша үкіметінің қастығынан қорғауға тырысты. Алайда Башқүрттардың көтерілісі (1755) және Еділ қалмақтары Жоңғарияға ауа қашқан кезінде (1771) Ералы сұлтан патша үкіметіне елеулі көмек көрсетті. Белгілі батыр, көтеріліс басшысы, Нұралының тақтан тайдырылуына себепкер Сырым Датұлының уақытша болса да губернатор О.Игельстроммен ауыз жаласуына қарсылық білдірді. Оны серіктерімен қамауға алды. II Екатеринаның талабымен ғана босатты. Нұралы ханды тақтан түсіріп, жер аударғанда (1786) оны елге қайтаруды талап еткен сүлтандар мен шонжарлардың күресін басқарды. Хандықты уақытша жойған Игельстроммен күресті. Өзінің жақтастарымен Жайық бойындағы бірнеше бекіністерге қауіп төндірді. 1790 ж. Нұралының Уфада дүние салуы Ералының патша үкіметіне қарсылығын кұшейтгі. II Екатерина халық арасындағы оның беделінің нық екенін ескеріп, хандық билікті қалпына келтіріп, 1791 ж. тамыз айының соңында оны хандыққа көтеруге келісімін берді. Сырым мен оны қолдаушылар Ералыны хан деп мойындамады. Оның устіңе Ералы әбден қартайып қалған Хандыққа келісім берсе де, өзінің мүмкіндігінің азайып қалғандығын түсінді. Орынбор губернаторы А.А.Пеутлинг Уфада тұрса да Ералының әрбір қадамын аңдып, оны ығыстырудың жолдарын іздестірді. 1794 ж. жазда Ералы әбден қалжырап дүние салды.

Дереккөздер


Tags:

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Құнанбай ӨскенбайұлыБесеудің хатыЖанар АйжановаҚазақ Автономиялы Кеңестік Социалистік РеспубликасыХалықаралық балалар күніОралЭлектролизӨркениетТәуелсіз Мемлекеттер ДостастығыМемлекет астаналары тізімі16-17 ғасырлардағы Қазақ хандығыСүлейман Демирел атындағы университетҚыз ЖібекАрал теңізіІш өтуҚазақстан Республикасының халықаралық қатынастары мен сыртқы саясатыҚазақтың балаға ат қою рәсіміХромосомаларАңыздың ақырыҚазақстанның мемлекеттік құрылымыЖаңа экономикалық саясатПневмонияАндроново мәдениетіМәтінӘн-Нас сүресіДінҚойАқ Орда (мемлекет)ҚазақстанНайманАзамат соғысыҚазақ Кеңестік Социалистік РеспубликасыТәңірКеңес Одағы Коммунистік ПартиясыДомалақ Ана КесенесіГлюкозаХалық саны бойынша мемлекеттер және тәуелді аймақтар тізіміҚазақстан демографиясыЖетісуҚазақтың XX ғасырдағы мәдениетіГалогендерГерманияТолықтауышКриштиану РоналдуКенесары ханҚозы Көрпеш - Баян СұлуИнвестицияБауыр (орган)ШизофренияСолтүстік ҚазақстанНарықтық экономикаКіші жүзАлтын Орданың хандарының тізіміАвтомобиль түрлеріТүркілерСұлтан БейбарысСаяси партияАзаматтық қоғамМұқағали Сүлейменұлы МақатаевҰлы Отан соғысыАлтынМәдениетАбылай ханҚан қысымыБұлшық етҚазақстан аудандарыЛипидтерКеңес Одағының БатырыҚазақ халқының жоңғар басқыншыларына қарсы азаттық күресіЖапырақҰлуларАлаш партиясыТамыр (өсімдік органы)Бөкей ОрдасыҚазақ руларыҚазақтың салт-дәстүрлері (тізім)Адамаралық қарым-қатынас🡆 More