Қоршаған Ортаны Қорғау Туралы Заң

    Табиғат пен оның байлықтары Қазақстан Республикасы халықтарының өмірі мен қызметінің, олардың тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуы мен әл-ауқатын арттырудың табиғи негізі болып табылады.

    Осы Заң қазіргі және болашақ ұрпақтардың мүдделері үшін қоршаған ортаны қорғаудың құқықтық, экономикалық және әлеуметтік негіздерін белгілейді, сонымен бірге экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, шаруашылық және өзге де қызметтің табиғи экологиялық жүйелерге зиянды әсері болғызбауға, алуан түрлілікті сақтау мен табиғатты ұтымды пайдалануды ұйымдастыруға бағытталған.

        ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

    1-бап. Негізгі терминдер мен анықтамалар.     Осы заңда мынадай негізгі терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:

    қоршаған орта - табиғи объектілердің, оның ішінде өзара қарым-қатынастағы атмосфералық ауаны, суды, топырақты, жер қойнауын, жануарлар мен өсімдіктер дүниесін сондай-ақ климатты қоса алғанда, табиғи ресурстардың жанды әрі жансыз жиынтығы;

    қоршаған ортаны қорғау - табиғат пен адамның өзара үйлесімді іс-қимылына, қоршаған ортаның сапасын жақсартуға, табиғи ресурстарды үтымды пайдалану мен молықтыруға бағытталған мемлекеттік және қоғамдык шаралар жүйесі;

    қоршаған ортаны қорғау объектілері - қоршаған ортаның заңдармен корғалатын құрамдас бөліктері;

    табиғи ресурстар - қоғамның материалдық, мәдени және басқа қажеттерін қанағаттандыру үшін қоршаған ортаның шаруашылық т.б. қызмет процесінде пайдаланылатын құрамдас бөліктері;

    табиғат пайдалану - адамның шаруашылық және өзге де қызметінде табиғи ресурстарды пайдалануы;

    қоршаған ортаның сапасы - қоршаған ортаның құрамы мен қасиеттерінің сипаттамасы;

    қоршаған ортаның мониторингі - адамды қоршаған табиғи ортаның жай-күйін бақылау және адамдардың денсаулығы мен өзге де тірі организмдерге зиянды немесе қауіп туғызатын қатерлі ахуалдары туралы ескерту;

    қоршаған ортаның сапасын номалау - адамның өмір сүруі үшін қоршаған ортаның жарамдылығын айқындайтын және биологиялық алуан түрліліктің сақталуы мен экологиялық жүйелердің тұрақты пайдаланылуын қамтамасыз ететін қоршаған орта сапасының көрсеткіштерін белгілеу;

    қоршаған ортаны ластау - қоршаған ортаға ықтимал қауіпті химиялык және биологиялық заттардың, радиоактивті материалдардың, өндіріс пен тұтыну қалдықтарының түсуі, сондай-ақ қоршаған шудың, тербелістің, магнитті өрістердің және өзге де зиянды физикалық ықпалдардың әсері;

    экологиялық талаптар - Қазақстан Республикасының заңдық, өзге де заңға қосымша нормативтік құқықтык және нормативтік-техникалық актілерінде қамтылған қоршаған ортаға теріс әсер ететін шаруашылық және өзге де қызметті орындауға міндетті шектеулер мен ондай қызметке тыйым салу;

    экологиялық қауіпсіздік - жеке адамның, қоғамның өмірлік маңызды мүдделері мен құқықтарын қоршаған ортаға антропогендік және табиғи ықпал ету нәтижесінде туындайтын қатерден қорғалуының жай - күйі;

    экологиялың жүйе - организмдердің және олар мекендейтін жансыз ортаның өзара байланысты біртұтас функционалдық жиынтығы.

    3-бап. Қоршаған ортаны қорғаудың негізгі принциптері

    Олар:

    - адамның өмірі мен денсаулығын қорғаудың басымдылығы, халықтың өмірі, еңбегі мен демалысы үшін қолайлы қоршаған ортаны сақтау және қалпына келтіру;

    - экологиялық жағдайы қолайсыз аумақтардағы экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және бұзылған табиғи экологиялық жүйелерді қалпына келтіру;

    - биологиялық алуан түрлілікті және экологиялық, ғылыми, мәдени жағынан ерекше маңызы бар қоршаған орта объектілерін сақтауды қамтамасыз ету;

    - халықтың, қоғамдық бірлестіктер мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қоршаған ортаны қорғау саласына белсенді түрде және демографиялық жолмен қатысуы;

    - жер, оның қойнауы, су, атмосфералық ауа, ормандар мен өзге де өсімдіктер, жануарлар дүниесі;

    - табиғи экологиялық жүйелер, климат және Жердің озонды қабаты қорғалуға тиіс.

    Экологиялық, ғылыми және мәдени жағынан ерекше құнды қоршаған орта объектілері, сондай-ақ ерекше қорғалатын табиғи аумақтар ерекше қорғалуға тиіс.

Дереккөздер

Tags:

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Химиялық элементтердің периодтық жүйесіҚыз ЖібекЕтісАбай ҚұнанбайұлыЕсік Алтын адамыСоленоидҮш Жүз партиясыҚажымұқан МұңайтпасұлыӨмірзая (роман)Жоңғар хандығыҚазақстанның экологиялық проблемаларыСолтүстік ҚазақстанБиомеханикаҚызғалдақБасынқы сөйлемГемоглобинЕл тізімі (адамның өмір сүру ұзақтығы)Қазақстан астанасыТалғат Аманкелдіұлы МұсабаевАрхейШайтанкөлМашинажасауАлматы қорығыМахаббат, қызық мол жылдарКөктемИзомерияҚазақ халқының ұлттық тағам түрлеріЖақсыз сөйлемАбылай ханРентген сәулесіӘл-Фатиха сүресіӘмір ТемірХалық қаһарманыАзияӘуе көлігіҚазақстан географиясы1860 жылдарындағы әкімшілік реформаларДін философиясыФразеологизмАнтигитлерлік коалицияСын есімАйнұр ТұрсынбаеваСудың ластануыКүнделік.кзГерманияЖылқыҚазақстанның Қызыл кітабына тіркелген бірінші санатты жануарларБасты бетТуберкулезҚуандық Уәлиханұлы БишімбаевБүркітКубизмКиіз үйХиуаз Қайырқызы ДоспановаЕжелгі Рим мәдениетіАқуызМұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрыАлюминийАминқышқылдарҚазақстанӘміре ҚашаубаевЖайылма сөйлемЭнергияМал шаруашылығыЭкстремизмМезозойҚазақстан 2050Бейімбет Жармағамбетұлы МайлинҚазақстандағы су тасқыны (2024)ТеңеуМақалаШығыс ҚазақстанҰжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымыТрансформаторӨзбекстанЭкологиялық проблемаЖан басына шаққандағы ЖІӨ (номинал) бойынша елдер тізіміБаскетболИран🡆 More