Қазақстан Республикасы Қоршаған Ортаны Қорғау Министрлігі

Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлігі (2002- ) ҚР Президентінің 2002 ж.

28 тамыздағы Жарлығымен ҚР Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігінің қайта ұйымдастырылуының нәтижесінде құрылды.

ҚР Үкіметінің 2002 ж. 6 қарашадағы қаулысымен министрлік туралы ереже бекітілді. ҚР Табиғат ресурстары және қоршаған ортаны қорғау министрлігінің аумақтық органдары-мемлекеттік мекемелері ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің аумақтық органдары-мемлекеттік мекемелері болып қайта ұйымдастырылды.

Ережеге сәйкес министрлік қоршаған ортаны қорғау саласындағы басшылықты, салааралық үйлестіруді және мемлекеттік бақылау функцияларын жүзеге асыратын орталық атқарушы орган болып табылды. Министрліктің мемлекеттік мекемелерінің ұйымдық-құқықтық нысанындағы аумақтық органдары — облыстық, Астана және Алматы қалаларындағы қоршаған ортаны қорғау басқармалары және республикалық инспекциялық басқармасы болды.

Министрліктің негізгі міндеттері

қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік бақылауды және табиғатты қорғау заңнамасын, экологиялық талаптар нормативтерін сақтауды қамтамасыз ету; қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік басқару және бақылау жүйесін, өзінің қүзіреті шегінде қоршаған ортаны қорғаудың экономикалық әдістерін жетілдіру; қоршаған ортаны қорғау жүйесін оңтайландыру және табиғатты пайдалану жүйесін оңтайландыруға қатысу; қолданыстағы заңнаманы жетілдіру; қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтас- тықты дамыту және қатысу; қоршаған ортаны қорғау саласындағы ақпараттық тарату жүйесін және ағартушылықты дамыту.

ҚР Президентінің 2004 ж. 29 қыркүйектегі Жарлығымен ҚР Энергетика және минералды ресурстар министрлігінің жер қойнауын қорғау жөніндегі бақылау-қадағалау функциялары ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігіне берілді. ҚР Үкіметінің 2004 ж. 28 қазандағы қаулысымен министрлік туралы жаңа ереже бекітілді. Министрліктің Табиғатты қорғауды бақылау комитеті құрылды. Министрлік қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалануды басқару саласындағы мемлекеттік саясатты әзірлеу және іске асыру жөніндегі басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган болып табылады. Министрліктің негізгі міндеті қоршаған ортаның сапасын жақсарту және қоғамның экологиялық түрақты дамуының қолайлы деңгейіне қол жеткізу болып табылады.

Министрліктің ведомствосы — Табиғатты қорғауды бақылау комитеті, сондай-ақ мемлекетгік мекемелердің үйымдық-құқықтық нысанындағы аумақтық органдары-облыстардағы, Астана және Алматы қалаларындағы аумактық қоршаған ортаны қорғау басқармалары бар.

Дереккөздер

Tags:

2002

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Адам эволюциясының негізгі кезеңдеріӨсімдік селекциясыРимЖайылма сөйлемСептік жалғауДауысты дыбыстарМәңгілік бала бейнеАктинӨсімдік шаруашылығыТабиғи сұрыптауМәлік ҒабдуллинТабиғатты қорғауҚатерлі ісікҰлы жүзТөле биСөз тіркесіБиомеханикаБұрындық ханҚазақ руларыСөйлемнің бірыңғай мүшелеріБиотехнологияЖапонияҚызмет көрсетуБақбақТозаңдануӘлемдік діндерОралхан БөкейЖеңіс күніСпартак көтерілісіСағадат Қожахметұлы НұрмағамбетовҚазақстан соғыстан кейінгі кезеңдеШешендік өнерСудың ластануыҒаламдық мәселелерУкраинаАсық ойыныӘлия Нұрмұхамедқызы МолдағұловаПалеозойҚазақстан Республикасының КонституциясыҚазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясыХақназар ханЕсімшеБұлшық етМұнай экспорттаушы елдер ұйымыТоқырау жылдарындағы ҚазақстанТыныс белгілеріКөзімнің қарасы...АлмазМагмалық тау жыныстарыЖаһандануҰлықбекМинералТүркістан (қала)Лаңкестік әрекетБейбітшілікФранцияБілім беруҚайыңКарл ЛиннейМәдениетҚоршаған ортаСалалас құрмалас сөйлемҚожа Ахмет Ясауи кесенесіАлкандарҚан мен терҒаламшарЖұлдызЖамбыл ЖабайұлыКарбон қышқылдарыҚазақстандағы су айдындарының экологиялық жағдайларыМолотов-Риббентроп пактыМұхтар ШахановАлаш партиясыТегеран конференциясыМәскеу шайқасыЭпитетРентген сәулесіАтаулы сөйлемЭлектр тогы🡆 More