Қазақ Ұлттық Ырымдары

Қазақ ұлттық ырымдары:

  • Қазанды есік жаққа қаратып қисайта аспайды. Ол құласа: «Несібе төгіледі, ырыс далаға қашады. Отқа төгіліп, дән куйеді. Қазан шайқалса, ырыс шамданады» деп ырымдайды.
  • Шәугімнің шүмегін ошақтың аузына қаратып аспайды. Шай тасыса - үйдегі қыз ащы азап арқалайды деп ырымдалады. «Тұз астың иманы, қыз - үйдің көркі». Дәм-тұз ауыспақ қыздан. Тұз шамданса - қыз шамданады. Дәм-тұз атқан адам өмір бойы оңбайды деп, сол ырымға нанады.
  • Үйге кірген жыланды өлтірмейді. Басына ақ тамызып шығарып жібереді. Себебі, кейбір кездерде періштелер жылан бейнесіне кіріп, жер бетін шарлайды екен. Жыланды сол періште болар деп ойлайды. Ал даладан жылан көрсе - қуып журіп өлтіреді. Себебі, оны қастық жасайтын қара бас, шубар төс дұшпан деп қаралайды.
  • Қорада тұрған ат иесін көргенде құйрығын көтеріп, борт- борт жел шығарса - сапар нышаны деп ұйғарылады. Ал аузын ашып есінесе - жақсылық нышаны. Жолға жургелі тұрған ат құмалақ тастаса - жолдың оңга бастағаны, олжалы болмақ. Қуаныш сыйлайды деп ырымдалады. Сүрінген атты ұрмайды. Қайта көзін оң қолмен сүртіп тазалайды. Онысы - сайтан аттың көзін басып тұрса, қашып кетсін дегені. Жолаушы келе жатып, атының сауырынан ұрмайды немесе қамшы салмайды. Себебі, жапанда жалғыз өзі келе жатқан жолаушыны қолдап, жебеген Қызыр пайғамбар аттың сауырында отырады деп жориды.
  • Әдетте бұта, бүрген, ши түбіне саритын ит үй іргесіне сарыса «кұт кұйды» деп ырымдайды. Қазақ ырымында ит опадар саналады. Жеті қазынаның біріне косылады.
  • Ит аспанға қарап ұлыса - сол шаңырак иесінің өліміне көрінеді, деп жаман ырымға жорылады. «Пәле өз басыңмен кетсін» деп итті карғайды. Қуып жүріп ұрып өлтіреді. Қара жерді терең казып көміп тастайды. Үстіне жеті адам кара тасты бастырады да, түкіріп безінеді. Онысы - иттің нәлесі өзімен бірге кетсін дегені.
  • Ит адамға опадар саналады. Малды күзетіп, ит-құстан корғайды. Жаугершілік кезінде сактыкка себін тигізеді, жаудың келіп калғанын сездіреді. Осыған орай аңыз да бар. Мысық: «Күлден баска бермеді, тозақ отына күйдір» деп, иесіне опасыздык етеді екен. Аи ит кұйрығымен отқа су сеуіп, адамды тозақ азабынан құтқаруға ұмтылады деген сөз бар.
  • Күн күркіреп, нөсер жауын, найзағай жаркылдаса - үйдің іргесі отпен аласталады. Адамдар «бисмилла, бисмилла!» деп, тәуба қып, иман келтіреді. Қазак ұғымында найзағай - алланың жын-шайтанға атқан оғы. Үй іргесін отпен аластаудың мәні - құдай тағала даладағы жын- шайтанды атқылағанда, олар қашып келіп үйдің іргесіне тығылмасын дегені. Сондықтан оларды отпен қоркытып қуу керек. Іргені отпен аластамаса үйге жасын түсүі ықтимал. Адамдардың сәл пәледен шошып, зәре-құттары қалмайды.
  • Жайшылықта мініс атының жал-құйрығы күзелмейді. Себебі ат иесі өлсе- оның мініс аты тұлданып, жал-құйрығы күзеледі, қаралы күйге келтіріледі. Сондықтан жайшылықтағы мініс ат сондай күйде көрінбесін дегені.
  • Аулдан атқа мініп аттанғанда артынан ит ере шықса, қуалап зорлықпен кері қайтармайды. Өйткені ит иесіне опадар. Мүмкін жолы болар деп, жақсылыққа жориды.
  • Қазақ қыз баланы қорламайды. «Қыздың қабағында құт бар. Қыз қабағы күрен тартса – ел жұртқа шалдығады. Қыздың қабағы күлімдесе – құт қонады. Қызды жылатқаның қырсығы қырық есекке жүк болады» - деп ырымдап, қыз баланы адамның бақытына балайды.
  • Адамның алақаны қышыса – ақша ұстайды, табаны қышыса – жол жүреді.
  • Адам түшкірсе «жәрікімалла» дейді.
  • Мойын құяңның салдарынан қарысып қалғанда, кербез кісінің сыртынан сәлем жасаса, жазылады.
  • Қолынан іс келмейтін адам бір шаруа жасаса, жерден шөп алып сындырады.
  • Тамақ ішіп отырған адамның ыдысына шыбын, көбелек т.б. жәндік түсіп кетсе, оның несібесі көп болады.
  • Жаяу аттылы немесе көлікпен келе жатқан адам жығылатын болса, тұрғаннан кейін оны сол жерде «ұшық-ұшық» деп ұшықтайды.
  • Адам құлағы шуылдағанда жанындағы кісі қай құлағы екенін дәл тапса, оны біреудің мақтағаны, ал таба алмаса, жамандағаны болып шығады.
  • Бетті басуға болмайды. Қайғы-қасіреттен қажыған адам ғана бетін басады.
  • Қолды тарақтауға, артқа қусырып жүруге болмайды. Бұл – қолы байланған тұтқынды еске салатын жаман ырым.
  • Тізені құшақтам
  • Жуған қолды сілкісе, ырыс несібе кетеді.
  • Адамға қарап қолды шошайту әдепсіздік болып саналады.
  • Саусақты, қолды, орынсыз ауызға салуға болмайды, бұл да әдепсіздік белгісі.
  • Екі қолды төбеге қойып отыруға болмайды. Басына қайғы-қасірет түскен адам ғана төбесіне қолын қойып отырады.
  • Мықыныңды таянба. Бұл қайғы-қасірет шақырады деген жаман ырымды білдіреді.
  • Есікті керме. Үйге ешкім кірмесін деген белгіс

Tags:

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Күнделік.кзАлкендерЖылқы малының атауларыСирия азаматтық соғысыМейозВолейболБердібек Ыдырысұлы СоқпақбаевЖартылай ыдырау мерзіміҚазақ халқының әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрлеріӘлеуметтік инфрақұрылымИсламдағы жыныстық өмір әдебіЖүрекТезисЭтил спиртіАсан қайғы СәбитұлыБиотехнологияМитозОрталық ҚазақстанҚұрманғазы СағырбайұлыҚорықтарРахит ауруы (мишел ауруы)Әбіш КекілбайұлыҚазақстан теңгесіСоқырішекГеографияЖайылма сөйлемҚыз ұзатуТалғат Жақыпбекұлы БигелдиновЖел энергетикасыЖасушаның бөлінуіДауыссыз дыбыстарСолтүстік Қазақ жазығыТыныс алу жүйесіҚазақстан индустрияландыру кезеңіндеӘйтеке биМәдениетГормондарЖүйке жасушаларыӘскери коммунизм саясатыФариза ОңғарсыноваКенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалысБатаБатыс-Сібір генерал-губернаторлығыАсарОңтүстік АмерикаҚобызЕңлік-КебекАлександр Сергеевич Пушкин1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысҚазақ кеңес әдебиеті мен өнерінің қалыптасуыИнтернетКөсемшеАлаш ОрдаШежіреАурухана ішілік инфекцияСтратегияБалиғат жасыТарауих намазыБеғазы-Дәндібай мәдениетіҚояндарМемлекетГаметаШарана шайқауТүркістан автономиясыҚауіпсіздікМәкрүһСұлушаш (поэма)Бөкей ОрдасыНоғай ордасыПродуценттерКодекс КуманикусАбсолют қара денеАнгкор-ВатГерманияЗат алмасуҒарышУльтракүлгін сәулеленуҚоғамТәуелсіз Мемлекеттер Достастығы🡆 More