Туберкулез мәселелері ұлттық орталығы – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ғылыми-зерттеу мекемесі.
Орталықтың құрамында:
Орталықта туберкулез ауруына шалдыққандарды емдейтін 10 клиникалық бөлімше жұмыс істейді, онда бір мезгілде 465 адам емделеді (2005). Сондай-ақ диссертациялық кеңес (докторлық және кандидаттық диссертациялар қорғалады) пен фтизиатрия саласына мамандарды сараптайтын арнайы комиссия бар.
Негізгі ғылыми бағыттары:
Орталықта республика бойынша туберкулезбен ауыратын науқастарды есепке алу және оларды бір орталықтан бақылап отырудың автоматтандырылған жүйесі ұйымдастырылған. Туберкулез мәселелері ұлттық орталығында өкпе туберкулезі, сүйек-буын, бүйрек және жыныс органдарының ауруларына хирургиялық операция жасалады. Орталығы облысы, ауданы денсаулық сақтау мекемелеріне әдістемелік және тәжірибелік тұрғыдан көмек көрсетіп отырады. Орталықта 10 медициналық ғылыми докторлық, 29 кандидаттық, 58 тәжірибелі дәрігерлер жұмыс істейді (2006). 50-ден астам ғылыми еңбектер жинағы, 35 монография шығарылып, орталығы ғалымдарына 60-тан астам авторлық куәлік берілді. 2002 жылдан бастап “Фтизиопульманология” журналы шығарылып, ол Қазақстанның барлық облысы орталықтарына таратылады. Орталықта Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткерлері В.И. Зюзин және Ә.А. Терлікбаев, алғашқы қазақ хирургтарының бірі Т.Қараменде жұмыс істеген. Қазіргі кезде орталықта 600 ден астам қызметкер жұмыс істейді. Орталықта жоғары білікті медициналық кадрлардың әлеуеті зор. Институтта 88 практикалық дәрігер жұмыс істейді, олардың 4-і медицина ғылымдарының докторы және 16-сы медицина ғылымдарының кандидаты дәрежесіне ие болған. Дәрігерлердің жартысынан көбі жоғары және бірінші медициналық санатты дәрігерлер.
This article uses material from the Wikipedia Қазақша article Туберкулез мәселелері ұлттық орталығы, which is released under the Creative Commons Attribution-ShareAlike 3.0 license ("CC BY-SA 3.0"); additional terms may apply (view authors). Мәлімет CC BY-SA 4.0 лицензиясы аясында қолжетімді (басқа шарттар көрсетілмеген жағдайда). Images, videos and audio are available under their respective licenses.
®Wikipedia is a registered trademark of the Wiki Foundation, Inc. Wiki Қазақша (DUHOCTRUNGQUOC.VN) is an independent company and has no affiliation with Wiki Foundation.