Су құбыры - бұл күрделі қондырғы.
Оның көмегімен қаланы, ауылды, өндіріс пен шаруашылық орындарын бір орталықтан сумен қамтамасыз етеді. Тұрмыстық су құбыры тұрғындарды ауыз сумен қамтамасыз етеді, заводтар мен мекемелердегі адамдардың тұрмыстық қажетін қанағаттандырады. Өнеркәсіптік су құбыры тек қана өндірістік және технологиялық қажеттіліктерді қанағаттандырады.
Ең алғашқы қарапайым су құбырлары бірнеше мың жылдар бұрын салынған болатын. Ертедегі Мысырда жер асты сулары терең құдықтардан су көтергіштермен көтеріліп, қыш немесе ағаш құбырлар арқылы тұтынушыларға жеткізіліп отырған. Ежелгі Римде одан неғұрлым күрделірек жүйе пайдаланылған. Онда су құбырлары жыралар, өзендер, жолдар және т.б. арқылы өткізілген. Батыс Еуропада (Парижде) XVII ғасырдың аяғында ағаштан жасалған су құбырлары салынған. XVIII ғасырда су құбырын салу Англияда қолға алына бастады. Мәскеуде 1804 жылы орталықтандырылған тұрмыстық су құбыры, ал Алматыда 1933 жылы алғашқы ағаштан жасалған су құбыры салынды. 1935 жылдан бастап су құбырын салу жоспарлы түрде дами бастады. Онда енді темірбетон және қыш (керамика) құбырлар пайдаланылды.Қазақстанда күйдірілген қыштан жасалған су құбырлары Х-ХІІ ғасырларда Отырар қаласында, Х-ХІ ғасырларда Тараз қаласында салынғаны археологиялық қазба жұмыстарынан белгілі.
Су құбырының жұмыс істеу принципі мынадай: су жинау үшін биік мұнара үстіне үлкен ыдыс орнатылады. Одан үйлерге, тұтынушыларға қарай тармақталған құбырлар жүргізіледі. Құбырдың үйдегі немесе пәтердегі ұшы (шеті) шүмекпен жабылады. Шүмектегі қысым биіктігі шүмектің биіктігі мен ыдыстағы судың еркін беті биіктігінің айырымына тең болатын су бағанының қысымына тең. Бұл біршама елеулі қысым, өйткені су құбырының мұнарасы қаланың, ауылдың, аймақтың ең биік жеріне салынады (1-сурет). Мұнаралық су құбырының жұмысы катынас ыдыстардың қасиетіне негізделген.
Оған мынадай тәжірибе жасап көз жеткізуге болады. Шыны түтіктердің біреуін бүйірінде шүмектері бар түтікпен жалғастырып, түтіктерге су толтырамыз. Сонда бірінші түтіктегі судын деңгейінен төмен орналасқан кез келген шүмектен су ағатын болады (2-сурет). Су қоймасынан мұнара үстіндегі ыдысқа су сорғы арқылы құйылады. Ол өз жолында су жинағыштан, тұндырғыштан, сүзгіден өтеді.
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — физика бойынша мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. |
This article uses material from the Wikipedia Қазақша article Су құбыры, which is released under the Creative Commons Attribution-ShareAlike 3.0 license ("CC BY-SA 3.0"); additional terms may apply (view authors). Мәлімет CC BY-SA 4.0 лицензиясы аясында қолжетімді (басқа шарттар көрсетілмеген жағдайда). Images, videos and audio are available under their respective licenses.
®Wikipedia is a registered trademark of the Wiki Foundation, Inc. Wiki Қазақша (DUHOCTRUNGQUOC.VN) is an independent company and has no affiliation with Wiki Foundation.