Сақ-Сармат Дәуiрiндегi Қазақстан

Қазақстандағы өмір сүрген тайпалардың ішінде аты-жөні жақсы сақталған тайпалардың бірі-сақтар.

Археологиялық зерттерлеуге және жазба деректерге қарағанда б.з.б. VII-IV ғғ. сақ тайпалары Орта Азия және Қазақстан жерін мекендеген. Парсы жазба деректері бойынша, Орта Азия мен Қазақстан территориясында мекендейтін көшпелі тайпаларды жалпы атпен сақтар деп атаса, ал гректің атақты тарихшысы Герадот (б.з.б. V ғ.) сақтарды «азиялық скифтер» деп атаған. Осымен қатар Геродот өзінің «Тарих» деп аталатын еңбегінде б.з.б. I мыңжылдықта Орта Азия және Қазақстан жерінде «Сақ» деп аталатын бірнеше тайпалардың қуатты жауынгер одақтары болғаны айтылады. Ол одақтар: массагеттер, дайлер, каспийшілер, исседондар, сарматтар, алаңдар, аримаспылар т.б. Сақтарда негізінен, әскери қоғам болды. Сақ тайпалары үш топқа бөлінген.

  1. Шошақ бөрікті сақтар (Тиграхауда) Тянь-Шань тауын, Жетісу жерін, Сырдарьяның орта ағысын мекендеген
  2. Теңіздің арғы жағындағы сақтар (парадарайя) Қара теңіздің солтүстігінен, Арал маңын яғни Сырдария мен Амудария өзендерінің төменгі ағысын мекендеген.
  3. Хаома сусынын дайындайтын сақтар (хаомоварга) Мұрхаб аңғарын мекендеген.

Сақтардың қоғамдық әлеуметтік құрылымы

Сақ тайпалары одақтарының басында көсемдер тұрды, оны патша деп атады. Патшаларды тайпа көсемдерінің кеңесі сайлады. Тайпа көсемдерін оның барлық мүшелері сайлайтын болған. Тайпа ішіндегі аса маңызды ішкі және сыртқы істер халық (вече) жиналысында талқыланып отырды. Оған әйелдер де қатысқан. Қоғамның осындай саяси ұйымын Ф. Энегельс әскери демократия деп атады. Себебі ол кезде соғыстың мәні зор еді. Соғыс тайпа үшін жайылымдық жер мен мал тартып алудың және өздерін сыртқы жаудан қорғап отырудың құралы болды. Көсемдер әскер басы болды да, билік жүргізді. Олар тайпаны қару-жарақпен, азық-түлікпен қамтамасыз етті. Ол өз тайпасы атынан бітім немесе келісім жасады. Патшалар (көсемдер) рулар мен тайпаларға жайылымдарды, көшіп қонатын жерлерді бөліп берді; ол жерлерді пайдалану тәртібін белгіледі. Жер үшін таластарды шешіп, рулар мен тайпалар арасында қарулы қақтығыстар болмауын қадағалады. Көсем қаза болса, оның сүйегін арбаға салып, ел аралатқан.. Сонымен Сақтар арасында бірте-бірте мүлік теңсіздігі пайда болды. Малға жекеменшік қалыптаса бастады.Қолға түскен тұтқындарды құлға айналдырды. Сақ қоғамында халықтың үш тобы болды деген болжам бар. Ол рим тарихшысы Квинт Курций Руф айтқан аңызға сүйеніп айтылады. Бұлар: жауынгерлер — сүңгі мен оқ («ратайштар-арбада тұрғандар»), абыздар — құрбандық табағы және айрықша бас киімі бар, қауымшыл сақтар, яғни «сегізаяқтар» (соқаға жегетін екі өгізі барлар). Осы үш жіктің өзіне тән дәстүрлі түсі болған. Жауынгерлерге — қызыл, сары-қызыл; абыздарға-ақ; қауымшылдарға-сары мен көк түстер. Сондай-ақ көсемдер мен патшалар да болды. Олар әскери жіктердің өкілдері болды. Гректер оларды басилевс — патша деп атаған. Патшаның белгісі жебелі садақ. Сақ тайпалары тарихы мен олардың материалдық және рухани мәдениетінің аса маңызды деректері- қорымдар, жартастағы суреттер, сақ бұйымдарының көмбелері. Археологтар зерттеулері Қазақстанның әр түрлі аймақтарынан сақтардың аса жарқын, байырғы мәдениетін ашуға мүмкіндік берді

Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан

Бұл сақ тайпалары мекендеген аса көлемді аймақ: тиграхаудтар - Жетісуда, ал массагеттер Арал өңірі мен Сыр бойында өмір сүрген. Сақ тайпалары көп қоныстанған орталықтардың бірі- Іле алқабы болған. Бесшатыр, Есік, Түрген, Кеген, Алексеев оба мазарлары осы алқаптан табылған. Жетісудағы сақ мәдениеті өз дамуында екі кезеңді басынан өткерген: ерте кезеңі (б.з.д. ҮІІІ- ҮІ ғғ) және кейінгі кезең (б.з.д. Ү-ІІІ ғғ.). Соңғы кезеңдегі патша обалары ескерткіштері жөніндегі ең толық мәліметті б.з дейінгі І мың жылдықтың орта кезеңіне жататын Бесшатыр қорымы мен Есік обасы береді. Бесшатыр қорымы Іле өзенінің оң жағалауындағы Шылбыр деген жерде, ол 31 обадан тұрады. Қорымның обалары баяғыда тоналған, бірақ тонаушылар барлық затты көтеріп кете алмаған. Шолақ темір қанжар-акинактар, садақ оғының қола жебелері мен қорамсақтары табылған. Жетісу сақтарының тамаша ескерткіштерінің бірі- Есік обасы- біздің заманымыздан бұрынғы Ү-ІҮ ғасырларда өмір сүрген сақ тайпаларының тарихы мен мәдениетінен хабар беретін аса көрнекті ескерткіш. Есік қорғаны Есік қаласының жанындағы Есік өзенінің сол жағалауында, Алматы қаласынан 50 шақырым жерден табылған. Мұнда табылған 4 мыңнан астам бұйымдардың көбі алтыннан жасалған. Осылардың ішіндегі екі нәрсе біздер үшін ерекше құнды дүниелер. Бірі- 26 таңбадан тұратын жазуы бар тостаған ыдыс. Екіншісі- атақты Алтын адам. Таңбалы тостаған. Бұл тостаған сақ дәуірінен сақталған, жазба ескерткіш болып танылады. Бұл жазу біздің ата- бабаларымыздың өркениетінің ерте қалыптасқанын әлем жұртшылығына танытты. Жұмбақ жазуды атақты турколог- ғалым- Алтай Аманжолов оқыған: «Аға саған бұл ошақ! Бөтен ел адамы тізіңді бүк! Халықта азық- түлік мол болғай» - деп аударылады екен. Бұл жазудың құндылығы: Қазақстан жерін мекендеген сақтардың тілі- түркі тілі екендігін дәлелдейді.

Әшекей жапсырмалар

Есік қорғанынан табылған әшекей жапсырмаларда түрлі аңдардың бейнелері ерекше талғаммен безендірілген. Пышақ, канжарлардың сабында бейнеленген жапсырмалардағы бұланның, аттың, бұғының суреттері сақ мәдениетінің бір айғағы.

Құрбандық шырағданы

Есік қорғаныан табылған құрбандық шырағданы шамамен біздің заманымыздан бұрынғы ІҮ-ІІІ ғасыр бұйымы. Шырағдан үстінде құрбандыққа шалынбақшы жылқы мен адам бейнесі берілген. Тарихтан белгілі сол кездері бабаларымыз көк Тәңіріне сиынған, яғни Тәңір дінін ұстанған, Тәңірге, ата- баба аруағына бағыштап құрбандық шалып отырған. Бұл шырағдан кезінде Еуропа елдерінің қызығушылығына ілпипатына ие болған.

Керамика ыдыс

Жетісу өңіріндегі Есік қорғанынан табылған ыдыс. Көне Қазақстан керамикасы. Біздің заманымызға дейінгі ҮІ-ІҮ ғасырлар бұйымы. Бұдан сол кездегі шеберлердің өз бұйымдарын әр түрлі материалдарды пайдалана білгенін байқаймыз.

Алтын адам

Есік қорғанынан табылған алтын киімді сақ жауынгері. Жасы 17-18 шамасындағы сақ жауынгерінің мүрдесі қабірде басы батысқа қаратылып жатқызылған. Қабір ағаш қақпақпен жабылып, темір құрсаулармен бекітілген, еденіне тақтай төселіп, үстіне алтын жапсырмалармен безендірілген, Алтын адам - Қазақстанның азаттық символына айналды. Төбе бөркіндегі қанатты тұлпарлар бейнесі Елтаңбамызға енді. Алматы қаласындағы республика алаңында тәуелсіздік монументінде Алтын адам бейнеленген. Алтын адам 1974 жылы Лейпциг жәрмеңкесінде көрсетілді. Бұл жәрмеңкеде Еуропа жұртшылығы сақ кезеңінің бірегей үлгісімен танысты.

Орталық Қазақстан өңіріндегі сақ ескерткіштері

Бұл өңір обалы қорымдардың көптеп тараған аймақтарының бірі болып табылады. Орталық Қазақстаннан Тасмола мәдениеті (б.з.д. 7-3 ғғ.) ашылды. Зерттеуді археологтар Ә.Марғұлан, М.Қадырбаев жүргізді. Археологиялық материалдар Орталық Қазақстан тайпаларының Тасмола мәденитетінің бастапқы кезеңінде-ақ темірді қолданғанын көрсетті. Қақтау әдісімен темірден сабы сақиналы және түзу сапты пышақтар, сондай-ақ, айшықтар және жүгеннің бастырмалары соғылды. Қазақтың белгілі археологы М.Қ.Қадырбаев, бұл мәдениеттің хронологиялық мерзімін б.з.д. VII - III ғасырларымен негіздеп, оның дамуын екі кезенге бөлген. Тасмола мәдениетінде тән археологиялық ескерткіштері «мұртты» қорған деп аталады. Бұл күрделі ғұрыптық – жерлеу кешендері тастан қаланып, әдетте үш негізгі бөлшектерден: үлкен, кішкентай қорғандар мен ұзындығы 60-тан 200 метрге дейін жететін жартылай доға тәріздес жолдардан құрастырылған. Бұл «мұрттар» қорғанмен жанасып, үнемі шығысқа қарай бағытталған. Үлкен қорғанның астында, тереңдігі екі метрге жететін шұңқырда қайтыс болған адамның мәйіті жерленген. Кішігірім қорғанда жылқы қаңқаларының қалдықтары, қыш ыдыстардың сынықтары кездеседі.

Мұртты қорғандар не үшін салынған?

Бізге мұртты қорғандардың астрономиялық жағынан тағайындалу туралы тұжырым белгілі. Биолог және археология (энтузиасты) П.И. Мариковскийдың пікірі бойынша, мұртты қорғандар ежелгі обсерваториялар болған, жұлдызды аспан, күн мен айды бақылап, жыл мезгілін аңықтау үшін пайданылған. Қазіргі уақытта шартты болса да, "мұртты" обалардың негізгі ауқымы анықталды. Бүгінгі таңдағы мәліметтерге жүгінсек, Қазақстан аумағында 300-ден астам ескерткіштер анықталған. Аталмыш мәліметтер жыл сайын толықтырылуда. Жалпы алғанда тасмола мәдениеті обалар материалдары негізінде зерттелген күйінде қалып отыр. Бұл мәдениетке сипаттама беруші мәліметтер танымал үш бөлікті құрайды: а) қару-жарақтар; б) ат әбзелдері; в) ғұрыптық заттар, әшекейлер, тұрмыс бұйымдары. Скиф-сақ заманында тайпалардың материалдық мәдениетінде қару-жарақтың, ат әбзелдерінің айрықша түрлері пайда болды, "скиф-сақ аң стилі" деген атау алған өзіндік өнер кең таралды. Кей ретте ерте темір дәуіріндегі қоғам тұрғындарының бұл материалдық мәдениетін "скифтік үштік" (ат әбзелдері, қару, аң стилі) деп те атайды. Ерте темір дәуірінің далалық тұрғындары ерекше қарқынмен дамыды, металл өндірісі, сауда айырбасы гүлденді. Тайпалық одақтардың ат төбеліндей бай шоғыры: патшалар, әскери мансап иелері пайда болды. Үлкен "патша" обалары, яғни қайтыс болған ауқатты адаммен бірге өзінің құндылығымен мәнді болып саналатын бұйымдар - қару-жарақ, ат әбзелдері, әшекейлер бірге жерледі. Қазақ даласының көптеген өңірінен табылған ежелгі қорған мен обалардан сол заманның әдет-ғұрыптарына байланысты бұйымдармен қатар адам сүйектері де қазып алынды. Осы адам сүйектеріне жүргізілген арнайы зерттеу жұмыстары Қазақстан жерінде алғашқы темір дәуірінде сақ тайпалары өмір сүргенін дәлелдейді. Сол дәуірде Қазақстан аймағы шошақ бөрікті сақтардың негізгі мекен-жайы болғаны белгілі. Сондықтан антропологиялық сипаттамалар тек осыларға ғана беріледі. Шошақ бөрікті сақтарға байланысты археологиялық ескерткіштер Қазақстанның оңтүстік, шығыс, орталық аймақтарында орналасқан. Осылардан табылған адамдардың қаңқа сүйектеріне арнайы антропологиялық зерттеулер жүргізілді. Көне заманда қазақ даласын мекендеген сақ тайпаларына қатысты зерттелген бас сүйек өлшемдерін жыныс ерекшеліктеріне қарай тоғыстырылып, барлығына ортақ краниометриялық анықтамасы алынды. Бас сүйектердің жалпы сипаттамасы: бас формасы жұмыр, төбе биіктігі жоғарылау, маңдай кеңдігі орташа, қабақ сүйектері айтарлықтай жетілген, бет сүйегі аласа, ені жалпақ, жақ сүйектері орташа көтеріңкі, жазықтығы сүйір, көз ұяларының биіктігі аласа, ені жалпақ, алдынан қарағанда пішімі төртбұрышты, қоңқақ мұрын болып келеді. Осы айтылған сипаттамалар және басқа анықтамалар бойынша сақ тайпалары көне еуропоидтық антропологиялық типке жатады. Бұл адамның бас сүйегі сақ тайпаларының біріне жатады. Оның табылған жері Алматы облысындағы Қаратал өзенінің бойы. Антропологиялық пішімі осыған ұқсас адамдар сақ дәуірінде көне қазақ даласына кең таралған. Сонымен қатар олардың бейнесіне моңғолоид тектес тайпалар ықпал еткені байқалады. Жалпы қазақ даласында сақ тайпаларының дәуірінде (б.з.б. 5 — 4 ғасырлар арасында) моңғолоид тегінің араласу деңгейі 15 — 20 пайыздан аспағаны байқалады.. Сарматтар. "Сармат" этнонимі ежелгі деректерде б.з.д. 3 ғасырдан бастап қолданылып келеді. Осы кезден бастап сарматтардың Скифияны жаулауы басталды. Сарматтардың бір тайпасы - роксоландар б.з. 1-ғ. Мидияның шекарасына жетіп, Риммен соғысқан. Сарматтар өздері басып алған елдің саяси өміріне мықтап араласқан. Мыс. Б.з.д. 2 ғ. соңында Понтия патшасы Митридаттың қолбасшысы Диафантпен болған соғыста роксоландар скифтерге қосылды. Б.з.д. 1 ғ. Митридат Римге қарсы күрескенде сарматтар оның жағында болған. Б.з.д. 49-ж. римдіктер мен сарматтар бірлесіп, Боспор патшасының одақтастары сирактарды (сармат тайпасы) жеңеді. Аландар (Оралдың оңтүстік өңірінен шыққандар, сармат тармен туыстас тайпалар) Қара теңіздің солтүстік өңіріне дейін жетеді. Кейін ғұндарға қосылып, Испаниядан бір шығады. Археологиялық ескерткіштері. Б.з.б. 4 ғ. басында савроматтар Доннан Ембіге дейінгі территорияны алып жатты. Осы кезде олардың екі мәдениеті қалыптасты. Олар: Батыс Болғар-Дон мәдениеті, және Шығыс-Орал мәдениеті. Сармат тайпалары (ерте -Прохоров мәдениеті) өлген адамның қабірін балшықпен сылап не таптап, өлген адамды басын түскейге қаратып, шалқасынан жатқызып қоятын болған. Екінші кезеңде (орта -Суслов мәдениеті) б.з.д. 2-ғ. соңынан б.з. 1-ғ. басына дейін қабір құрылысының түрлері өзгермейді. Кейінгі сарматтар Орал, Еділ, Дон өңірін, Орал сыртындағы даладан Буг өзеніне дейінгі аралыққа тараған. Бұл б.з. 2-4 ғғ. Өлген адамдары іші көмкерілетін тар қабірлерге жерленген.

Шаруашылығы

Көшпелі мал шаруашылығымен айналысқан. Жылқы мен қой өсірген. Иран тілдес болған. Зергерлік өнер. 3-5 ғғ. "полихромдық өнер" дамыды. Тек алтын қолданылды. Полихромдық өнерге әшекейлеудің түрлі техникасы тән. Жиі кездесетіндері түрлі-түсті тастармен безендіру (инкрустация), зерлеп оқа жүргізу, жалату т.б. Бұл әшекейлер Ертістің жоғары жағынан (Шілікті), Орталық (Жыланды), Батыс Қазақстан (Бесоба) қорғандарынан табылды. Сонымен қорыта келгенде сақтар мен сарматтар тайпалары коғамдық құрылымы мемлекеттік деңгейге өскен және өзіндік материалдық мәдениеті мен өнері бар айрықша көшпелі өркениет жасау ісінде жоғары дәрежеге жетті.

Дереккөздер

Қазақстан тарихы 10-сынып

Tags:

Сақ-Сармат Дәуiрiндегi Қазақстан Сақтардың қоғамдық әлеуметтік құрылымыСақ-Сармат Дәуiрiндегi Қазақстан Жетісу мен Оңтүстік ҚазақстанСақ-Сармат Дәуiрiндегi Қазақстан Әшекей жапсырмаларСақ-Сармат Дәуiрiндегi Қазақстан Құрбандық шырағданыСақ-Сармат Дәуiрiндегi Қазақстан Керамика ыдысСақ-Сармат Дәуiрiндегi Қазақстан Алтын адамСақ-Сармат Дәуiрiндегi Қазақстан Орталық Қазақстан өңіріндегі сақ ескерткіштеріСақ-Сармат Дәуiрiндегi Қазақстан Мұртты қорғандар не үшін салынған?Сақ-Сармат Дәуiрiндегi Қазақстан ШаруашылығыСақ-Сармат Дәуiрiндегi Қазақстан ДереккөздерСақ-Сармат Дәуiрiндегi ҚазақстанГеродотИсседондарМассагеттерОрта АзияСарматтарСақтарТарихҚазақстан

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

МиграцияШығыс ЕуропаСперматозоидЖұлынӘбілхан ҚастеевБесін намазыБастауышАйдын Ақанұлы АйымбетовАманкелді Үдербайұлы Иманов1930—1933 жылдардағы Қазақстандағы ашаршылықЭкономикаҚызыл кітапСақтарҚылмыстық құқықИндустрияландыруАминқышқылдарТеатрҰлпан (роман)Танымал қазақтардың тізіміТехникаҚазақтың ұлттық тағамдарыАқынҚазақстанның сыртқы саясатыРуналық жазуСын есімМұхтар Мұқанұлы МағауинӘйелдердің киім-кешегіҚамқа тонАққуларПугачев бастаған шаруалар соғысыКөлікВирустарАурухана ішілік инфекцияҚожа Ахмет ЯсауиАвтомобиль жолыЖеті қазынаКремнийҚазақстандағы саяси партияларҚоңырауДепортацияБайқоңыр (ғарыш айлағы)Орманды дала зонасыҰшақҚалқанша безҚұқықтық мемлекетМитохондрияТабиғатты пайдалану мен қорғау негіздеріҚасым ханАфрика мемлекеттері және тәуелді аймақтарының тізіміРесейЖіктік жалғауКиіз үй құрылысыӘбіш КекілбайұлыЖүрек-қантамырлар жүйесіИнсулинЭлектронды поштаСөйлем мүшелеріЖоңғар хандығыАбсолют қара денеҚазақстанның ХХ ғасырдың бас кезіндегі ғылыми мекемелері мен ғылыми-зерттеу жұмыстарыСәбит Мұқанұлы МұқановАсық ойыныШылауКапитализмТері ауруларыБатыр Баян (поэма)ГипофизҚазақстан мемлекеттiк рәміздеріАқтабан шұбырындыСаяси жүйеЖарапазанАннотацияАлтынYouTubeЕжелгі ГрекияҚазақ хандығыЭтносИнфографикаӘуе көлігі🡆 More