Жұмсақденелілер

Жұмсақденелілер , былқылдақденелілер немесе моллюскілер (лат.

Қазба қалдықтары кембрийге дейінгі тау жыныстарынан табылған.

Жұмсақденелілер
Жұмсақденелілер
Жұмсақденелілер
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Жануарлар
Жамағаты: Mollusca
Linnaeus, 1758
түрлері

85,000 түрі белгілі

Жұмсақденелілер мұхитта, теңізде, құрлықта, аздаған түрі тұщы суда таралған. Бұлардың 2 тип тармағына: бүйіржүйкелілер және бақалшақтыларға жататын 130 мыңнан астам түрі жатады.

Қазақстанда 36 тұқымдасы, 69 туысы және 300-ге жуық түрі кездеседі.

Денесі сегменттерге бөлінбеген (тек кейбір төм. сатыдағы өкілдерінде метамерияның белгісі байқалады), бас, тұлға және аяқ бөлімдеріне бөлінеді. Басында аузы, көпшілік түрінде қармалағыштары, көзінің бір бөлігі болады (кейде көздері жартылай немесе толықтай редукцияға ұшыраған). Қосжақтаулы Жұмсақденелілердің тіршілік ету ерекшелігіне байланысты бас бөлімі жойылған. Тұлға бөлімі қапшық тәрізді болып, арқасына қарай өседі, оны ішкі қапшық деп атайды. Онда ішкі мүшелері орналасады.

Денесінің сырты кутикула қабатымен қапталған, ал оның сыртын тек жұмсақденелілерге тән мантия (тері қатпаршағы) жауып тұрады. Мантия мен денесінің аралығындағы мантия қуысында желбезектері (тыныс алу органдары), кейбір сезім мүшелері орналасады, онда жыныс және зәр шығару органдарының сыртқы тесіктері, аналь тесіктері ашылады.

Мантияның сыртқы қабатынан бақалшақ түзіледі. Ол: сыртқы (органик. заттан), ортаңғы (қалың ізбестен), және ішкі (жұқа, жылтыр) қабаттардан тұрады.

Жұмсақденелілердің тіршілік етуіне және атқаратын қызметіне қарай аяғының құрылысы да әр түрлі. Қозғалмай тіршілік ететіндерде (мыс., устрица), кейбір паразит бауыраяқтыларда аяқ мүлдем болмайды.

Жұмсақденелілердің басқа омырт-қасыздардан ерекшелігі – ас қорыту жүйесіндегі жұтқыншақ бөлімінде қоректі ұсақтайтын ерекше аппарат радуланың (үккіштің) болуы. Қанайналу жүйесі ашық. Жүрегі қарыншадан және екі жүрекшеден тұрады. Тыныс алу жүйесі алғы желбезектер (ктенидия), бірақ кейбір түрінде олар жойылып, тыныс алу қызметін мантияның жұқа қабаты – өкпе атқарады. Зәр шығару жүйесі, көбінесе қос бүйректен тұрады. Жүйке жүйесі шашыранды-түйінді. Төм. сатыдағы жұмсақденелілердің жүйке жүйесі жұтқыншақ маңындағы сақинадан және төрт ұзына бойлық бағаналардан тұрады. Ал жоғары сатыдағыларда жүйке клеткалары шоғырланып, дененің әрбір бөлімінде жұп жүйке түйіндерін (ганглияларын) құрайды.

Жұмсақденелілердің көпшілігі дара жыныстылар, араларында гермафродиттер де кездеседі. Жыныс диморфизмі байқалмайды. Басаяқтылардың, бауыраяқтылардың көпшілік түрі іштей ұрықтанады, қалғандары сырттай ұрықтанады. Даму жұмыртқалары спиральді бөлшектеніп, детерминативті жолымен жүреді. Төм. сатыдағыларында жұмыртқасынан трохофора дернәсілі, ал көпшілігінде трохофоралық дернәсіл-велигер (желкен) шығады. Жұмсақденелілер балық, құс, сүтқоректілердің қорегі болып саналады. Кейбір жұмсақденелілер адам мен мал гельминтоздарын тудыратын паразиттер, ауыл шаруашылық дақылдарының зиянкестері.

Классификациясы

Дереккөздер

Tags:

Латын тілі

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

КремнийИндонезияДраматургияҚарлығаштарЕуропа одағыҚазақстан азамат соғысы жылдарындаҚазақстан мемлекеттiк рәміздеріКітапханаҚазақтың ұлттық ойындарының тізіміЗат есімСайлау жүйесіАлматыӨркениетҰлттық ҚауіпсіздікҚазақстан географиясыСаяси жүйеУақыт машинасы (роман)ЮпитерАлаш қозғалысыҚазақстанның ХХ ғасырдың бас кезіндегі оқу-ағарту ісіМал шаруашылығыАвтоматтандыруМәдениеттануГастритӘуе шарыСаяси қақтығысБаяндауышБолымсыздық етістікАйдын Ақанұлы АйымбетовСарқылмайтын ресурстарКөміртегіСүтТалғат Жақыпбекұлы БигелдиновМағжан Бекенұлы ЖұмабаевШылауКанадаЕуропа мемлекеттерінің және тәуелді аймақтарының тізіміШілдеханаҚұнанбай ӨскенбайұлыБатыр Баян (поэма)Тыныс алуМәдени мұраСпораАс қорыту жүйесіБрокерДостықКомпьютерлік желіЗиготаЖақыЖатырШұғаның белгісіЖүрек ауруларыДүниежүзінің табиғат ресурстарыМәдениет туралы түсінікАминдерҚазақ ұлт зиялыларының қалыптасуыШымкентАбай жолы (роман)Қорғансыздың күні (әңгіме)Жетісу АлатауыЭпитетАсық ойыныДамушы елдерБатыс ҚазақстанМарафон шайқасыПартеногенезЖер сілкінуРесейдің Украинаға басып кіруі (2022)Қазақстан 2030Тоғыз-құмалақҒаламшарҚазақ кеңес әдебиеті мен өнерінің қалыптасуыГольджи жиынтығыҰлықбек Оразбайұлы ЕсдәулетЗейінРесейТемірқазықҚазақтың ұлттық тағамдарыБаскетбол🡆 More