Жасушаның Тіршілік Циклі

Жасушаның тіршілік циклі немесе Митоздық айналым деп жасушаның пайда болуы, құрылысының күрделенуі, атқаратын қызметіне икемделуі, бөлінуі немесе тіршілігін жою кезеңдері аралығындағы әрқилы құбылыстар жиынтығын айтамыз.

Яғни, жасуша циклі дегеніміз жасушаның митоздық екі бөлінуі арасындағы байқалатын құбылыстар жиынтығы.

Жасушаның Тіршілік Циклі
Жуаның жасушалары тіршілік циклінің әртүрлі фазаларында.

Ол 4 кезеңге бөлінеді:

  1. пресинтетикалық (G1)
  2. синтетикалық (S)
  3. постсинтетикалық (G2)
  4. митоз (M)

Пресинтетикалық кезеңде (G1) жаңадан пайда болған жас жасуша өсіп аналық жасушаның мөлшеріне жетеді. Ол үшін жасушада құрылыс материалының (көмірсулар, майлар, ақуыздар) синтезделуі қажет. Тұқым қуалаушылық материалы бұл кезеңде 2п 2с күйінде болады.

Синтетикалық кезеңде (S) ДНҚ молекуласы синтезделінеді де тұқым қуалаушылық материал 2п 4с күйінде кездеседі.

Постсинтетикалық кезеңде (G2) жасуша бөлінуге дайындалады. Ол үшін жасушада көмірсу, май және белоктар синтезделіп, олардың қоры көбее түседі, органеллалар саны да көбееді, себебі келесі кезеңде (митоз) олардың бәрі де екіге бөлінуі қажет.

Митоз - жасушаның бұрыс бөлінуі. Митоз дене жасушаларында байқалады. Митоз процессінде ядро күрделі өзгерістерге ұшырайды, жаңадан пайда болған жасушаларға тұқым қуалаушылық материалы тепе-тең бөлініп беріліп отырады. Бұл митоздың биологиялық маңызы болып табылады.

Митоз фазалары

Митоз 4 фазадан тұрады: профаза, метафаза, анафаза, телофаза.

  1. Профазада ядро көлемі ұлғайып, хроматин жіпшелері тығыз ширатылып, жуандап, қысқарып митоздық хромосомаларға айналады. Профаза аяғында бөлінуші жасушаның екі полюсінде жасуша орталығы пайда болып, ахроматин жіпшелерімен жалғасып тұрады.
  2. Метофазада хромосомалар өздерінің центромералары арқылы ахроматин жіпшелеріне жалғанып бөлінуші клетканың ортан беліне- экваторына шоғырланады. Бұл кезеңде әрбір хромосома екі хроматидаға ажырап, тек центромера арқылы байланысып тұрады. Олардың пішіні Х таңбасына ұқсас болады.
  3. Анафазада хромосомалардың хроматидалары бір-бірінен толық ажырасады да әртүрлі полюстерге қарай тартыла бастайды.
  4. Телофазада бөлінуші жасушаның полюстеріне жиналған хромосомалар жіңішкеріп, ұзарып хроматин жіпшелеріне айналады, ядро шырыны, ядрошық, ядро қабықшасы пайда болып екі жаңа ядро түзіледі. Ядро екіге бөлінгеннен кейін цитоплазмада екіге бөлінеді.Сөйтіп, митоз негізінде бір жасушадан жаңа екі жасуша пайда болады.
Жасушаның Тіршілік Циклі 
Митоздық айналым

Дереккөздер

Tags:

ЖасушаМитоз

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Зәрдің түзілуі және шығарылуыҮш жүз он екінші атқыштар дивизиясыҚазақ халқының ұлттық тағам түрлеріҚол добыӘйтеке биТылТүйелерҚазақстанның мемлекеттік құрылымыБауыржан МомышұлыЖыныссыз көбеюАвтотрофтарҚара металлургия1860 жылдарындағы әкімшілік реформаларСаңырауқұлақтарАзаматтық coт ісін жүргізудің міндеттері мен принциптеріТау жынысыӘл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіҚасым-Жомарт Кемелұлы ТоқаевХолециститФилософияҚұқықЖеті қазынаӘмір ТемірҚазақстанның білім беру жүйесінің тарихыМезозойМәңгілік бала бейнеЕжелгі ГрекияMicrosoft ExcelҚаратпа сөзКСРО ыдырауыҚазақстанның ХХ ғасырдың бас кезіндегі оқу-ағарту ісіАқпан төңкерісіМодернизмТүрік қағанатыТүпті жуаГемоглобинКөзімнің қарасы...Жалғаулық шылауларГерманияНаурыз мейрамыГалогендерҚызмет көрсетуҚазақстан Республикасы Қарулы КүштеріБілімБейнелеу өнеріҚазақтың арқар-мериносыМонархияЮНЕСКОҚазақтың салт-дәстүрлері (тізім)Дүниежүзі елдерін даму деңгейі бойынша топтастыруШымкентҚыстырма сөзИммануил КантHTMLТозаңдануХХ ғасырдың 20-30-жылдарындағы Қазақстанның әлеуметтiк-экономикалық және қоғамдық-саяси, мәдени жағдайыХалықаралық еңбек бөлінісіӨсімдік шаруашылығыМұхаммедҚазақстандағы ЮНЕСКО Әлемдік мұра нысандар тізіміҚосарлы ұрықтануҚазақ әліпбиіТабиғатЖан басына шаққандағы ЖІӨ (АҚТ) бойынша елдер тізіміАлмазҚазақстан музейлеріЕуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымыӨнеркәсіптің дамуы және оның шикізаттық бағыт-бағдарыЖалпы ішкі өнімЖайылма сөйлемЖай санТәуке ханСелекцияҚазақ руларыҚазақстанның сыртқы саясатыАстық шаруашылығы🡆 More