Жасуша Ядросы: ок

Ядро (лат.

Жасуша Ядросы: Зерттеу тарихы, Құрылысы, Дереккөздер Басқа мағыналар үшін ядро деген бетті қараңыз.

Диаметрі — 3-10 мкм.

Жасуша Ядросы: Зерттеу тарихы, Құрылысы, Дереккөздер
Жасушадағы ядро (2) және ядрошық (1)

Интерфазалық жасуша ядросы хроматин дәншелерінен (хромосомалардың микроскоппен көрінетін бөліктері), ядрошықтан, кариоплазмадан (ядро сөлі) және кариолеммадан (нуклеолемма) тұрады. Сыртқы және ішкі жарғақтардан құралған кариолеммада цитоплазмамен қатысатын диаметрі 80-90 нм тесіктер болады. Сыртқы жарғақша эндоплазмалық тор өзекшелерімен қосылып, өзекшелердің біртұтас жүйесін түзеді.

Жасушалық құрылысы бар тірі ағзалардың барлығы ядросыздар (прокариоттар) және ядролылар (эукариоттар) болып екі топқа бөлінеді. Ядросыздарда сақиналы ДНҚ-ның тек бір молекуласы ғана болады және ол тікелей цитоплазмада жатады.

Жоғары сатыдағы көптеген өсімдіктер, жануарлар мен саңырауқұлақтардың жасушаларында бір ядро бар. Қарапайымдар мен төменгі сатыдағы өсімдіктердің бірнеше ядросы болады.

Ядро ағзадағы ақуыздық алмасуды реттеу арқылы тұқым қуалаушылық қасиеттерді ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуге мүмкіндік береді. Ядрода РНҚ-ның барлық түрлері синтезделеді; ДНҚ екі еселенеді және рибосома бөліктері пайда болады.

Зерттеу тарихы

Ядроны 1825 ж. алғаш рет тауықтың жұмыртқа жасушасынан байқаған чех ғалымы Я. Пуркине (1787–1869) болды. Ядроны өсімдіктер жасушасынан ағылшын ботанигі Р. Броун (1831–33), ал жануарлар жасушасынан Т. Шванн (1838–39) анықтады.

Құрылысы

Ядро - жануарлар мен өсімдіктер жасушаларының негізгі және тұрақты жиынтығы. Ядросы бар ағзаларды – эукариоттар (грекше.“карион” - ядро) деп атайды. Тірі ағзаның тіршілік қасиеттерінің бірі - көбею, ол ядромен тікелей байланысты. Зат алмасу, көбею және өсіп-даму ядросы бар жасушаларда қарқынды түрде жүреді. Кейбір ағзаларда ядро болмайды, оларды прокариоттар деп атайды. Ол ағзаларда толық жетілмеген жарғақшалы ядро болмаса да, оның құрамындағы pаттары болады. Жасушаның ядросы, негізінен, тірі ағзаның тұқым қуалау белгілері мен қасиеттерін ДНҚ түрінде сақтайтын хромосомалардан ядро шырыны, РНҚ, ядрошық, т.б. құрамдас бөлшектерден тұрады. Ядро цитоплазмадан екі жарғақшасы (ішкі және сыртқы) арқылы бөлінеді. Жарғақша ұсақ шұрықтардан тұрады, бұл арқылы цитоплазма мен ядроның арасында заттар алмасады. Эндоплазмалық тордың шұрықтары, ядро жарғақшаларының шұрықтарына келіп ашылады. Ядро жарғақшасы шала өткізгіштік қасиетке ие. Жасуша бөлінерде ядро жарғақшасы жойылып кетеді де, жас жасушаларда қайта пайда болады. Көптеген жасушаларда ядро біреу, ал қейбіреулерінде ядросы бірнешеу болып келетін жасушаларда болады. Мысалы, омыртқалы жануарлардың бауыры, сүйек, бұлшықет ұлпалары және қарапайымдарда.

Хромосомалар

Ағзаның тәндік (жынысқа жатпайтын) жасушалардың барлығындағы хромосома саны бірдей, қосарлы, ал жыныс жасушаларында хромосомалар екі есе аз - жеке жиынтық болады. Бір түрге жататын ағзалардың барлығының жасушаларындағы хромосомалардың құрылысы, саны мен мөлшері бірдей. Ағзаның тәндік жасушаларының хромосомаларының барлық белгілерінің жиынтығы кариотип деп аталады. Ағзалар түрінің көпшілігінде хромосомалар саны тақ болып келеді. Тәндік жасушаларда пішіні мен мөлшері бірдей екі хромосома болады, оның біреуі - аналық ағзадан, екіншісі - аталық ағзадан тұрады. Сондықтан пішіні, мөлшері және құрамы бойынша бірдей хромосомалар ұқсас хромосомалар деп аталады. Тәндік жасушаның екі еселенген хромосома жиынтығы диплоидты хромосома деп аталып, 2n арқылы белгіленеді.

Жыныс жасушалар - гаметалар пісіп жетілген кезде ұқсас хромосомалардың барлығынан жасушалардың әрқайсысына тек біреуі ғана түседі. Сондықтан гаметаларындағы хромосома жиынтығы екі есе аз болады. Ол біреу ғана болады, сондықтан даралық немесе гаплоидты деп аталып, 1n болып белгіленеді.

Ген - белгілі бір нәруыз жөнінде жазылған ақпараты бар хромосомалар үлескісі.

Ядро шырыны

Ядроның негізгі бөлігі - ядро шырыны немесе кариоплазма - ядроның қаңқасы қызметін атқаратын түпнегізден: сұйық бөліктен және басқа қоспалардан тұрады. Шырынның сұйық бөлігін, цитоплазманікі сияқты, ферменттер және жартылай ыдыраған бейорганикалық заттар құрайды.

Ядроның түпнегізі шырын мен ядрошықты түгел қамтитын қышқылды ақуыздан тұрады. Ядро шырынында цитоплазмадан әр түрлі заттар өтеді және ядродан цитоплазмаға өтетін заттардың бәрі соған жиналады.

Кариоплазма құрамына су, ақуыз, көмірсулар, нуклеопротеидтер, витаминдер, ферменттер, минералды тұздар иондары кіреді. Кариоплазма митоз кезінде цитоплазмамен қосылып кетеді.

Ядрошық

Ядрошықтың саны бір немесе бірнешеу болады. Ядрошықтың 15 пайызы ДНҚ мен 80 пайызы ақуыздан тұрады. Олар рибосомды нуклеин қышқылдары және рибосомаларды синтездеу қызметтерін атқарады. Митоздың (жасушаның бөлінуі) бөліну кезінде ядрошықтар жойылып кетеді және жаңа жасуша пайда бола бастағанда қайтадан синтезделе бастайды, интерфаза сатысында олардың синтезделуі толығымен аяқталады.

Дереккөздер

Ортаққорда бұған қатысты медиа санаты бар: Cell nucleus

Tags:

Жасуша Ядросы Зерттеу тарихыЖасуша Ядросы ҚұрылысыЖасуша Ядросы ДереккөздерЖасуша ЯдросыГрек тіліЖасушаЛатын тіліМикрометрОрганоидтарХромосомалар

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Шолпан (ғаламшар)Қазақстан қорықтарының тізіміДәрілік өсімдіктерЖайылма сөйлемӘл-Фатиха сүресіТемір1917 жылғы екі революция кезеңіндегі ҚазақстанХалықаралық балалар күніБиомеханикаҚанБұқаралық ақпарат құралдарыМайларКөмірсуларҚоршаған ортаны қорғауЕрмұхан Бекмаханұлы БекмахановТоғыз-құмалақОттегіМашинажасауЖылқыҚызыл кітапКварцСұрыптауБразилияМағжан Бекенұлы ЖұмабаевҚызылорда облысыҚазақстан 2030Мал шаруашылығыМысӘлішер НауаиЖұрнақТеміртауЕтеккірЕсім ханМорфология (лингвистика)Күн жүйесіЖерҒаламшарАқындар айтысыМенің атым Қожа (фильм)ГүлИслам ынтымақтастық ұйымыЭссеРаушангүлділер2001 жылдың 11 қыркүйегіндегі лаңкестік актілеріҚыстырма сөзБауыржан МомышұлыДауысты дыбыстарТүсті металлургияҚаныш Имантайұлы СәтбаевҚажығали МұханбетқалиұлыТұмар ханшаХалық қаһарманыРимБіріккен Араб ӘмірліктеріЕтістікАвтокөлік шығаратын елдер тізіміӘл-ХорезмиМезозойМұхтар ШахановРентген сәулесіБейбітшілікЖүсіп БаласағұниҒылыми-техникалық революция және дүниежүзілік шаруашылықтың дамуыНегіздерЛинолеумСауд АрабиясыГуманизмЖыныссыз көбеюЭкологиялық жүйеЕуропа одағыМолотов-Риббентроп пактыЖай сөйлемМагнитӘміре ҚашаубаевАлаш автономиясыАтомТеңеуПродуценттер🡆 More