Екінші Бөлім

«Дөң: Екінші бөлім» (немесе «Құмбел: Екінші бөлім», «Дюна: Екінші бөлім»; ағылш.

Фильмді түсіру жұмыстары 2021 жылы басталды.

Дөң: Екінші бөлім
Dune: Part Two
Фильмнің постері
Жанры

эпикалық фильм
ғылыми-фантастикалық фильм

Режиссёрі

Дени Вильнёв

Продюсері

Мэри Пэрент
Кейл Бойтер
Патрик МакКормик
Таня Лапойнт
Дени Вильнёв

Сценарийдің авторы

Джон Спэйтс
Дени Вильнёв

Басты рөлдерде

Тимоти Шаламе
Зендея
Ребекка Фергюсон
Джош Бролин
Остин Батлер
Флоренс Пью
Дейв Батиста
Кристофер Уокен
Леа Сейду
Сухейла Якуб
Стеллан Скарсгард
Шарлотта Рэмплинг
Хавьер Бардем

Операторы

Грег Фрэйзер

Композиторы

Ханс Циммер

Кинокомпания

Legendary Entertainment

Дистрибьютор

Warner Bros. Pictures

Ұзақтығы

165 минут

Бюджеті

190 миллион $

Кассалық түсімі

685.7 миллион $

Мемлекет

Екінші Бөлім АҚШ

Тілі

ағылшын

Шыққан жылы

2024

Алдыңғы фильм

Дөң

Келесі фильм

Дөң: Үшінші бөлім

IMDb

ID 15239678

https://www.dunemovie.net/

Фильмнің тұсаукесері 2023 жылдың соңына жоспарланған, бірақ 2023 жылғы SAG-AFTRA ереуілінен кейін фильмнің тұсаукесері ауыстырылды. Әлемдік тұсаукесері 2024 жылғы 6 ақпанда Мексикадағы Auditorio Nacional ғимаратында өтті. Қазақстандағы тұсаукесері 2024 жылғы 29 ақпанда өтті.

Рөлдерде

  • Тимоти Шаламе — Пол Атрейдіс, Харконнен Үйінің езуші билігін құлату үшін Фримендер қатарына қосылған Атрейдіс Үйінен қуылған герцог, Джессика ханымның ұлы, Чанидің сүйіктісі
  • Зендея — Чани, Фримендердің жас жауынгері, Пол Атрейдістің сүйіктісі
  • Ребекка Фергюсон — Джессика ханым, Бене Гессерит мүшесі, Барон Владимир Харконненнің қызы, Пол Атрейдістің анасы
  • Джош Бролин — Гурни Хәлек, Атрейдіс Үйінің бұрынғы әскери қолбасшысы және Полдың тәлімгері
  • Остин Батлер — Фейд Раута, Барон Владимир Харконненнің ең кіші жиені және Харконнен Үйінің мұрагері
  • Флоренс Пью — Ирулан ханшайым, Императордың қызы
  • Дейв Батиста — Құбыжық Раббан, Барон Владимир Харконненнің жиені және Фейд Раутаның үлкен ағасы
  • Кристофер Уокен — Император Шаддам IV, Коррино Үйінің басшысы, падишах-император
  • Леа Сейду — Марго ханым, Бене Джессерит және Императордың жақын досы
  • Сухейла Якуб — Шишакли, Фримендердің жауынгері және Чани құрбысы
  • Стеллан Скарсгард — Барон Владимир Харконнен, Харконнен Үйінің басшысы, Джессика ханымның әкесі, Пол Атрейдістің атасы
  • Шарлотта Рэмплинг — Гайя-Елена Моийам, Бене Джессерит Киелі Анасы, Императордың кеңесшісі
  • Хавьер Бардем — Стилгар, Ситч-Табрдағы Фримендердің басшысы

Жалғасы

Дени Вильнёв кітап сериясының екінші бөлімі болып табылатын «Дөң Мессиясы» негізінде фильмнің үшінші бөлімін түсіруге қызығушылығы барын және фильмнің үшінші бөлімі «Дөң: Екінші бөлім» фильмінің қаншалықты сәтті болатынына байланысты болатынын бірнеше мәрте айтқан. 2022 жылдың наурыз айында Джон Спэйтс та Дени Вильнёвтің фильмнің үшінші бөліміне және «Дөң: Пайғамбарлық» телевизиялық спин-оффына жоспары бар екенін мәлімдеді. 2023 жылдың тамыз айында Дени Вильнёв фильмнің үшінші бөлімі трилогияның аяқталуы болатынын айтты. Дени Вильнёв 2023 жылы үшінші фильмнің сценарийін әзірлеуге кірісті. 2024 жылдың ақпан айында Дени Вильнёв сценарийдің «аяқталып қалғанын» айтты, бірақ сонымен бірге Голливудтың фильмнің жалпы сапасына емес, шығарылым күндеріне назар аудару үрдісіне сілтеме жасай отырып, «оның асыққысы келмейтінін» айтты және «Егер біз бұған үшінші рет оралсақ, мен оның жақсы болғанын қалаймын және оның екінші бөлімнен де асып түскенін қалаймын» деп қосты. Сондай-ақ, Дени Вильнёв «Дөң Мессиясындағы» оқиғалар түпнұсқа кітаптағы оқиғалардан 12 жылдан кейін болатындығын ескеріп, Тимоти Шаламенің есейгенін бірнеше жыл күтуді ойлағанын да айтты.

«Дөң: Екінші бөлім» тұсаукесерінің алдында Ханс Циммер фильмнің үшінші бөліміне музыка жазып жатқанын хабарлады. 2024 жылдың сәуір айында Дени Вильнёв пен Legendary Entertainment фильмнің үшінші бөлімін әзірлеуді ресми түрде бастағаны белгілі болды.

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер

Tags:

Екінші Бөлім РөлдердеЕкінші Бөлім ЖалғасыЕкінші Бөлім ДереккөздерЕкінші Бөлім Сыртқы сілтемелерЕкінші БөлімАмерика Құрама ШтаттарыАғылшын тіліДени ВильнёвДөң (фильм, 2021)

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Сын есімнің шырайларыДүниежүзінің табиғат ресурстарыҚазақстан қалаларыКайнозойТүркітануБалықтарБолашақМедеуИса МәсихБақытсыз ЖамалЖәңгір-Керей ханАлмазҚантамырларКүн күнтізбесіҮндістанЖер аумағы бойынша мемлекеттер және тәуелді аймақтар тізіміҚазақ билеріАсқазан ауруларыҚазақтың ұлттық ойындарының тізіміҚоршаған ортаны қорғауЖүрек-қантамырлар жүйесіДүние жүзінің саяси картасы1916 жылғы Қазақстандағы ұлт-азаттық көтерілісАлматы облысыҚазақтың ақбас сиырыНафтаҚазақ тіліндегі өсімдік атауларының тізіміЖасанды интеллектОдағайҚазақтың XX ғасырдағы мәдениетіҚазақстан теңгесіСарқылатын ресурстарКристина Ивановна СоловийЖыныс қатынасынан жұғатын ауруларБиотехнологияҰлы Жібек жолыӨнеркәсіптің дамуы және оның шикізаттық бағыт-бағдарыБірқазандарЕкінті намазыАбсолюттік монархияРибонуклеин қышқылыТаразТүркістан (қала)БоксАзаматтық құқықСелекцияҚызғалдақМиМұстафа ШоқайМәдени мұраПайдалы қазбаларМенеджментҚазақ Кеңестік Социалистік РеспубликасыҚазақстанның өсімдіктері мен жануарлар дүниесіҒұндар мемлекетіБелсенді туризмде қауіпсіздікті ұйымдастыруНұрдәулет Бәбиханұлы АқышШәмші ҚалдаяқовАдам даму индексі бойынша елдер тізіміСөз таптарыДінмұхамед Ахметұлы ҚонаевИранМәдени өсімдіктердің шыққан орталықтарыЖануарларЖелшешекОрта жүзҚазақ хандығының құрылуыЖеті қазынаИсламХХ ғасырдың 20-30-жылдарындағы Қазақстанның әлеуметтiк-экономикалық және қоғамдық-саяси, мәдени жағдайыМаңғыстау облысыҒабиден МұстафинТұрақты сөз тіркесіАстрономияҮйсін мемлекетіКарбон қышқылдарыСырым ДатұлыХимиялық элементтер тізіміҚыз Жібек🡆 More