Бокс

Бокс — арнайы жұмсақ қолғаппен белгілі бір ереже бойынша жекпе-жек күш сынасатын спорт түрі.

Жекпе-жекке шыққан екі ойыншы қарсыласының денесінің белгілі бір жеріне дәл соққы беруді көздейді. Жекпе-жек аумағы 4,9x4,9 м немесе 6,1x6,1 м, жан-жағы 1,3 м биіктікте арқанмен керілген рингте өтеді.

Бокс ойынының әуесқойлық (3 раунд) және кәсіпқойлық (6 - 12 – 15 раунд) ережелері бар.

Бокс тарихы

Бокс ерте Грек елi — Элладамен тығыз байланысты. Аңыздарға сенсек, ол кезеңдегi ең танымал «қолғап иесi» — Тезей болған көрiнедi. Ал Платонның жазуы бойынша, жұдырықтасу өнерiнiң атасы — теңiз құдайы Посейдон мен Мелия есiмдi нимфаның ұлы — Амыкус екен. Ерте Грекияда болған бокстың алғашқы белгiлерiн қыш құмыраларда салынған боксшылардың бейнесi де дәлелдейдi.

Ал жақында археолог ғалым, бiздiң жыл санауымыздан 3 мың жыл бұрын салынған шiркеудiң қабырғаларынан бокс қолғабының суретiн де тауып отыр. Бiр қызығы, ол кезеңдерде кубок жеңiлген боксшыларға берiлген көрiнедi. Айталық, соғыс өнерi десе, сақалын кесуге бар Рим императоры Калигула сонау Африкадан қайратты құлдарды сатып әкелiп, көз алдында қоразша төбелестiредi екен. Императордың екi сүйiктi спортшысы болса керек. Бұл Глаукос пен Меланкомас аталатын алыптар дәл қазiргi бокста қолданылатын бiршама соққы түрлерiне негiз салып кеткен екен.

Бокстің алғашқы түрі ежелгі Грекияда ұйымдастырылып (б. з. б. 688 ж.), Олимпиялық ойындар қатарына енген. Ол кезде жекпе-жекке шыққан жігіттер қолдарын жұмсақ терімен немесе дәкемен орап айқасқан. Төбелес екі жігіттің бірі естен танып жығылғанша жалғаса берген.

Алайда, Рим мен Грекияда белгiлi дәрежеде беделдi болған бұл спорт түрi олимпиадалық ойындарға мейлiнше кеш, тек 23-ойында барып қосылған. Олимпиададағы алғашқы ойындар жалаң қолмен жүргiзiлген, кейiн қос қолға белдiктi орауға көшедi. Одан соң көрермендердiң тiлегiмен бұл белбеулерге темiр сақиналар кигiзiле бастайды. Тұңғыш рет чемпион кубогын гректiң Ономастус есiмдi спортшысы иеленедi.

Ал бокс жеңiмпазына арналған алғашқы арнау өлеңiн Пиндар есiмдi ақын жазған екен. Ол олимпиада чемпионы атанған өзiнiң ұлы Диагоросты мадақтап, оған жыр арнайды. Бұл боксшылардың ерлiгi қарсыласының құлағын тiстеген Майк Тайсонның әрекетiндей емес. Мәселен, Эуридиамас есiмдi боксшы ойын үстiнде жағы сынады да, мұны ешкiм көрiп қалмауы үшiн, сынған сүйектi жұтып қойып, төбелестi жалғастыра түседi. Оның ерлiгiн кейiн ақын Элиан мадақтап жазады.

Ал ерте Грекияның ең танымал боксшысының есiмi — Тагенес. Тарихшылар оның 1425 рет шаршы алаңнан жеңiмпаз боп қайтқанын айтады. Тагенес рекордының қаймағы бүгiнге шейiн бұзылмаған.

Алайда Рим империясының бiздiң дәуірімізге дейiнгi I ғасырда құлағанынан кейiн бокстың қалай дамығаны жайлы деректер де сақталмаған. Мiне, осы деректердiң жоқтығынан да ағылшындар боксты өздерiне телiп жүр. Бокс (boxing) ресми аты да Англияда қалыптасқан. Джеймс Фигг алғаш бокс мектебiн ашып, жастарды былғары қолғап өнерiне баулиды. Бокстың алғашқы ережелерi де Фиггтiң отанында пайда болған екен. Бұл ережелерде рингтiң аумағы, раунд ұзақтығы және қолғап салмағы айтылады. 1908 жылы бокс ресми түрде олимпиада бағдарламасына енгiзiлiп, оған тек ағылшындықтар ғана қатысады. Бiрақ бұдан кейiн тағы да бағдарламадан тыс қалады да, 1920 жылдан берi қайта тұрақты түрде өткiзiлiп келедi. 1920 ж. Бокс әуесқойлары дүниежүзілік ассоциациясы (AІBA) құрылды. Дүниежүзілік чемпионат 1974 жылдан өткізіледі.

Бүгiнде әлем бойынша кәсiби боксқа аса көңiл бөлiнiп келедi. Кәсiби бокс алаңында Мұхаммед Әли, Джо Фрейзер, Джордж Формен, ағайынды Спайкстер, Флой Патерсонның есiмдерi ерекше аталады. Олимпиада тарихында боксшылары ең көп алқа тағынған ел — АҚШ. Бiрақ бүгiнде кубалық спортшылар алғы шепте келедi. 1992 жылғы Барселонада өткен олимпиадада кубалық боксшылар 12 алтын алқаның жетеуiн қанжығаға байлап кеткен. Ал 1996 жылы Атланта Олимпиадасында 4 алтын, 3 күмiс медальды жеңiп алды. Олимпиада тарихында екi боксшы ғана 3 мәртеден жеңiмпаз атанған. Олар — венгриялық Л. Папп пен кубалық Т. Стивенсон.

Бокс ережелері

Жекпе-жек қабырғалары ұзындығы 5-тен 6 метрге дейін болатын және 4 қатар канатпен шектелген алаң — рингте өтеді.

Жеңіс көп ұпай еншілеген боксшыға; нокаутпен ұтқанға; қарсыласы пәрменсіз болып жекпе-жекті жалғастыра алмағанда, дисквалификацияға ұшырағанда немесе жекпе-жектен бас тартқан жағдайларда беріледі.

Бокста белден төмен, желкеден, арқадан ұруға, баспен ұруға және құлап жатқан қарсыласты ұруға тыйым салынады. Жекпе-жекке — ринг ішіндегі бір төреші, сыртындағы 3-5 төреші төрелік жүргізеді.

Салмақ дәрежелері

XIX және XX ғасыр басында салмақ дәрежелерді таптарға бөлу негізі қаланды. Негізгі себеп — ауыр боксшы әрқашан жеңілге қарағанда басымырақ болғандығы. Салмақ дәрежелерді таптарға бөлу АҚШ пен Англияда орын алған..

Сегіз салмақ дәрежесі құрылды:

Бокс 
Ең беделді нұсқаларда ауыр салмақтағы бокстан әлем чемпиондарының тізімі
Санат Салмақ
Ең аз салмақ — «шыбынның салмағы»
(ағылш. 'flyweight')
112 фунтқа дейін (50,8 килограмм)
Ең жеңіл салмақ — «қораздың салмағы»
(ағылш. 'bantamweight')
118 фунт (53,5 кг.)
Жартылай жеңіл салмақ — «қауырсынның салмағы»
(ағылш. 'featherweight')
126 фунт (57,2 кг.)
Жеңіл салмақ
(ағылш. 'lightweight')
135 фунт (61,2 кг.)
Жартылай орта салмақ
(ағылш. 'welterweight')
147 фунт (66,7 кг.)
Орта салмақ
(ағылш. 'middleweight')
160 фунт (72,6 кг.)
Жартылай ауыр салмақ
(ағылш. 'light heavyweight')
175 фунт (79,4 кг.)
Ауыр салмақ
(ағылш. 'heavyweight')
175 фунттан жоғары (79,4 кг.)

Қазіргі кезде кәсіпқой бокста 17 түрлі салмақ дәрежесі бар. Бүкіләлемдік Бокс Кеңесі (ағылш. 'WBC') енгізген салмақ дәрежелері:

Санат Салмақ
Бірінші ауыр салмақ — «крейсер салмағы»
(ағылш. 'cruiserweight')
190 фунт (86,2 кг); ақырында төменгі шегін 200 фунтқа немесе 90,7 кг-ға дейін көтерген, кейде super cruiserweight — 195 фунт немесе 88,5 кг салмақта да жекпе-жек өткізілген
Екінші орта салмақ — «суперорта»
(ағылш. 'super middleweight')
165 фунт (74,8 кг)
Екінші жартылай орта немесе бірінші орта салмақ
(ағылш. 'super welterweight, light middleweight')
154 фунта (69,9 кг)
Екінші супер жеңіл немесе бірінші жартылай жеңіл салмақ
(ағылш. 'junior featherweight, super bantamweight')
122 фунта (55,3 кг)
Екінші ең жеңіл немесе бірінші супер жеңіл салмақ
(ағылш. 'super flyweight, junior bantamweight')
116 фунт (52,6 кг)
Бірінші ең жеңіл салмақ
(ағылш. 'light flyweight, junior flyweight')
110 фунт (49,9 кг)
Ең аз салмақ
(ағылш. 'strawweight, minimumweight')
105 фунт (47,6 кг)

Әуесқой бокста басқа жүйе істейді, соған сәйкес боксшылар 11 түрлі салмақ дәрежесіне бөлінеді (ресми түрде кг-мен белгіленгендіктен бұл жердегі аттары шартты түрде берілген)::

Санат Салмақ
Ең жеңіл салмақ 49 кг.
Екінші ең жеңіл салмақ 52 кг.
Супер жеңіл салмақ 56 кг.
Жартылай жеңіл салмақ 60 кг.
Жартылай орта салмақ 64 кг.
Бірінші орта салмақ 69 кг.
Екінші орта салмақ 75 кг.
Жартылай ауыр салмақ 81 кг.
Бірінші ауыр салмақ 91 кг.
Суперауыр салмақ 91 кг. жоғары

Соққылар түрлері

Бокстағы негізгі соққылар түріне:

  • тура соққылар (джеб, кросс);
  • жанынан соққы (хук, свинг);
  • төменнен соққы (апперкот) — жатады.

Қазақ боксының жетістіктері

Әуесқой бокс

Қазақстанда бокстың алғашқы мектебін 20 ғасырдың 30-жылдары Алматыда Шоқыр Бөлтекұлы ашты. Қазақстаннан Олимпия ойындарының, Дүние жүзі, Азия, Еуропа чемпионаттарының, Азия ойындарының 30-ға жуық чемпиондары мен жүлдегерлері шықты. Қазақстаннан шыққан тұңғыш Олимпия чемпионы – Василий Жиров (Атланта, АҚШ, 1996), қазақ жігіттері арасынан шыққан дүние жүзінің алғашқы чемпионы – Болат Жұмаділов (Хьюстон, АҚШ, 1999), Олимпия чемпиондары – Бекзат Саттарханов, Ермахан Ыбрайымов (Сидней, Австралия, 2000), Бақтияр Артаев (Афина, Грекия, 2004), Бақыт Сәрсекбаев (Пекин, Қытай, 2008), Еуропа чемпиондары – Серік Қонақбаев (1979, 1981), Серік Нұрқазов (1983).

Бокс 
Қазақстан боксшыларының құрметіне жасалған марка

Әлем біріншіліктері алтын медаль иегерлері:

Салмақ дәреже Боксшы Жыл
67 кг Валерий Рачков 1978
63,5 кг және 64 кг Виктор Ружников 1989
51 кг Болат Жұмаділов 1999
57 кг Галиб Жафаров 2003
75 кг Геннадий Головкин 2003
57 кг Серік Сәпиев 2005
81 кг Ердос Жаңабергенов 2005
64 кг Серік Сәпиев 2007

Жазғы Олимпиада Ойындарындағы нәтижелер:

Олимпиада Алтын Күміс Қола
XXVI, Атланта-1996 Василий Жиров, 81кг (Баркер кубогінің иегері) Болат Жұмаділов, 51кг Болат Ниязымбетов, 63.5кг; Ермахан Ибраимов, 71кг
XXVII, Сидней-2000 Бекзат Саттарханов, 57кг; Ермахан Ибраимов, 71кг Болат Жұмаділов, 51кг; Мұхтархан Ділдәбеков, 91+кг
XXVIII, Афины-2004 Бақтияр Артаев, 69кг (Баркер кубогінің иегері) Геннадий Головкин, 75кг Серiк Елеуов, 60кг
XIX, Бейжің-2008 Бақыт Сәрсекбаев, 69кг Еркебұлан Шыналиев, 81кг

Кәсіби бокс

Кәсіби бокста Қазақстан бойынша жұдырығының өнерiн кәсiп қып жүрген боксшылар санаулы ғана. Олардың алғы шебiнде Василий Жиров, Геннадий Головкин және Марат Мәзiмбаевтар тұр.

Дереккөздер

Tags:

Бокс тарихыБокс ережелеріБокс Салмақ дәрежелеріБокс Соққылар түрлеріБокс Қазақ боксының жетістіктеріБокс ДереккөздерБокс

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Тахауи АхтановИван Васильевич ПанфиловҚиялБіріккен Ұлттар ҰйымыҚытай қорғаныҮстеуОралКүн жүйесіЖапонияАбортГүлПайдалы қазбаларҚазақстан азамат соғысы жылдарындаҚазақстан аудандарыЭкологиялық проблемаТерминТабиғатты қорғауРентген сәулесіСатираАвтокөлік шығаратын елдер тізіміОрманАнтонимАуаЖай механизмМикроэлементтерКөптік жалғауЖанар АйжановаМұсабек СеңгірбаевЭнергияКүнделік.кзӘпке (драма)ӨсімдіктерӘміре ҚашаубаевТауҚұрманғазы СағырбайұлыСыбайлас жемқорлықАбай ҚұнанбайұлыКеңестік Социалистік Республикалар ОдағыТранспортирҚожаЖұрнақДомбыраЮНЕСКОАғзалар арасындағы байланыс түрлеріМұнай өнеркәсібіГенҰлы Жібек жолыСиэтл1920-30 жылдарындағы Қазақстан әдебиеті мен өнеріҚазан төңкерісіЕкінші дүниежүзілік соғысҚазақстан 2030ҚұлсарыҚазақстан қалаларыКөлденең жолақты ет ұлпасыНамаз уақытыАбай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасыФутболОрта жүзШығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасыҚуандық Уәлиханұлы БишімбаевТехнологияМеркурий (ғаламшар)Қарағанды облысыАсқазан мен он екі елі ішектің жара ауруыҚазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасыҚоршаған ортаның ластануыБөкей ОрдасыҚұс жолыТалғат Аманкелдіұлы МұсабаевСәулетСфералық айналарҚазақ әліпбиіТәуелсіз Қазақстан тарихыТотығу-тотықсыздану реакцияларыМөде қағанМиОвуляция🡆 More