Бірқазандар

Бірқазандар ( лат.

Pelecanus) – ескекаяқты құстар отрядына жататын Бірқазандар тұқымдасының (лат. Pelecanidae, Rafinesque, 1815) құстар тегі.

Бірқазандар
Қазбалық ауқымы: Late Oligocene-Recent, 28.1–0 Ma
Бірқазандар
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Жануарлар
Жамағаты: Хордалылар
Табы: Құстар
Сабы: Ескекаяқты құстар
Тұқымдасы: Бірқазандар тұқымдасы
Rafinesque, 1815
Тегі: Бірқазандар
Карл Линней, 1758
Үлгілік түрі
Pelecanus onocrotalus
Карл Линней, 1758
Species

8, see text

Қазақстанда екі түрі: бұйра бірқазан және қызғылт бірқазан тараған. Олар Каспий және Арал теңіздерін, Балқаш, Сасықкөл көлдерінің алабын мекендейді. Дене тұрқы 1,8 м-дей, салмағы 13 килограмға дейін жетеді. Тұмсығы өте ұзын, төменгі жақ сүйегінің астында созылмалы тері қапшығы болады. Бұйра бірқазанның тұмсығының астындағы қапшығы әдетте ақшыл сары, ал көбейер кезде қызғылт сары болады. Аяқтары қысқа, қанаттары ұзын (60 – 80 см) және жалпақ, ал қауырсындары қызғылт немесе күміс түсті болып келеді. Бұйра бірқазанның желке қауырсыны жалданып, бұйра келеді, аты осыған сәйкес қойылған. Бірқазан – топтанып жүретін құстар. Олар қоректерін (балықтарды) көбіне суқұзғындарымен бірлесіп аулайды. Суда жақсы жүзгенмен, сүңги алмайды, жемін суға басы мен мойнын батырып жіберіп ұстайды.

Бірқазан – жыл құстары, наурыз айында ұшып келіп, өніп-өсіп, қараша айында жылы жаққа ұшып кетеді. Жерорта, Каспий теңіздерінің оңтүстік жағалауында, Оңтүстік Азияда қыстайды. Судың тереңірек жеріне салған көлемді ұяларына бір – бес жұмыртқа салып, оны қоразы мен мекиені жұптасып басып, отыз – отыз бес күнде балапандарын өргізеді. Балапандары жетпіс – жетпіс бес күн өтісімен ұядан ұшады. Бірқазан 3-4 жасында жұмыртқалай бастайды. Олар саны аз құс болғандықтан, Қорғалжын қорығы мен Наурызым қорығында және Сарықопа, Торғай қорықшаларында қорғауға алынып, халықаралық табиғат қорғау одағының және ұлттық «Қызыл кітапқа» (1996) енгізілген.

Дереккөздер

Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Pelecanus

Tags:

Ескекаяқты құстарЛатын тіліҚұстар

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

ЭстрогенІлеҚазақстан аудандарыҚарағанды облысыЕсік Алтын адамыТеңіз жануарларыМикроэлементтерӘлішер НауаиҚазақ халқының ұлттық тағам түрлеріҚаныққан көмірсутектерВирустарСәбит Мұқанұлы МұқановНАСАОқшау сөздерЭпитетАлаш партиясының бағдарламасыТәуелсіз Мемлекеттер ДостастығыМұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрыҚазақстан экономикасыҚазақстандағы су қоймаларының тізіміМүктәрізділерАлкандарГлюкозаВолейболБіріккен Ұлттар ҰйымыБөлшектенуАтаулы сөйлемАқтоты Рахметоллақызы РайымқұловаӨмірзая (роман)АлкендерБәйтерек (монумент)Авторлық құқықҚазақстанның жеті кереметіГүлТерминMicrosoft ExcelМикеланджелоӘл-Фатиха сүресіМарсКерей ханДүниежүзілік көрме (2017)ПопуляцияАҚШ президенттерінің тізіміМерезИосиф Виссарионович СталинБейімбет Жармағамбетұлы МайлинӘл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіҚазақстан тарихыАксонАмерика Құрама ШтаттарыЛенинград шайқасыҚуыршақтарДүниежүзілік сауда ұйымыЕрлан ЖүнісМәскеу шайқасыҚорықтарАйтысКемпірқосақБағыныңқы сөйлемЖаңбырАқмола облысыФерменттерКСРО ыдырауыЖелтоқсан көтерілісіІлияс ЖансүгіровИтҚазақстан Республикасының ұлттық кітапханасыНұралы ханКіші жүздің Ресейге қосылуыСақ мәдениетіАсқазан ауруларыҚазақстан көлдеріАлматы облысыҚазақстан Республикасы Қарулы КүштеріЕділ қағанЭссеҚазақстанЭволюция🡆 More