Джейсон Тейтум

Үлгі:Баскетболшы

(мамыр 2018)

Джейсон Кристофер Тейтум (ағылш. Jayson Christopher Tatum; 3 наурыз 1998 жыл, Сент-Луис, Миссури, АҚШ) — америкалық профессионалды баскетбол спортының ойыншысы. Ұлттық баскетбол қауымдастығының «Бостон Селтикс» тобының мүшесі. Жеңіл форвард позициясында ойнайды. Студенттік кезінде Дьюк университетінің құрама тобында ойнаған. 2017 жылдың ҰБҚ драфтының бірінші раундында 3-нөмірлі болып таңдалынады.

Мектептегі мансап

Джейсон Шаминад (Крив-Коеур, Миссури) даярлық мектебінде білім алады. Бірінші сыныпта ол бір ойында 13,3 ұпай мен 6,4 доп қағу нәтижесін көрсетеді. Кейін екінші сыныпта бұл көрсеткіш 26 ұпай мен 11 доп қағуға дейін жақсарады.

Үшінші сынып кезінде Тейтумның көрсеткіштері 25,9 ұпай, 11,7 доп қағу және 3,7 доп беруді құрайтын болады. 2015 жылдың жазында Джейсон АҚШ-тың әуесқойлар лигасында ойнайтын St Louis Eagles тобына қосылады.

Мектепті бітірер жылдың алдында Тейтум кезінде өз әкесі оқыған Дьюк университетінің тобында ойнамақ мақсатын білдіреді. Сол кездегі оның соңғы мектептік сезондағы басты жетістіктері Монк Малик және оның Бентонвил мектеп командасына қарсы ойынында жеткізген 40 ұпай мен 17 доп қағуы, Хантингтон даярлық мектебіне қарсы ойынындағы 46 ұпайы және Маркелла Фульц пен оның католиктер мектебі ДеМат-қа қарсы ойынындағы 40 ұпайы болды. Жалпы алғанда, төртінші сыныпта оның орта көрсеткіштері 29,6 ұпай, 9,1 доп қағуды құрады. 2016 жылы Джейсон Gatorade жыл ойыншысы атанады. 2016 жылдың қаңтар айында ол McDonald's All-American ойындарына қатысып, дағдылар бойынща конкурста бас жүлдені иеленеді. Сонымен қатар ол негізгі ойынға қатысып, 18 ұпай мен 8 доп қағу көрсеткішін көрсетеді. Сонымен қатар Тейтум Jordan Brand Classic және Nike Hoop Summit ойындарына да қатысады.

Сыртқы сілтемелер

Ескертпелер

Tags:

Санат:Уикипедия:Тексерілмеген мақалалар

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Бұлтты технологияЖыныстық қатынасМаңғыстау облысыГенетикаКүрделі эфирлерҚазақ газетіҚарағандыДулат БабатайұлыАлматыҚазақстан қорықтарының тізіміГемоглобинТерминҮндістанҚазақстан экономикасыОсман империясыВирустарДулатҚазақстан Республикасы Қарулы КүштеріГипергликемиялық комаИнтеграцияЖыныс қатынасынан жұғатын ауруларМәдениетОтырарБауыр циррозыСөйлемнің бірыңғай мүшелеріЕсімдікБүйрекүсті безіМотивацияНамазды бұзатын нәрселерГепатитӘлия Нұрмұхамедқызы МолдағұловаЕтеккірҚазақтың XX ғасырдағы мәдениетіАқбілек (роман)1921-1922 жылдардағы ашаршылықПітір садақаҚоңыратАқыр заманЕркіндікМахаббат, қызық мол жылдарҚазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніАтмосфераТотығу-тотықсыздану реакцияларыҚазақ тіліндегі өсімдік атауларының тізіміЖатыр ауруларыБиотехнологияҚазақстан ұлттық парктерінің тізіміБаяндауышСептік жалғауАйдахоӘл-Кәфирун сүресіҚазақ (қырғыз) Автономиялы Социалистік Кеңес РеспубликасыНайзағайҚұранМұхаммедВолейбол1930—1933 жылдардағы Қазақстандағы ашаршылықМағжан Бекенұлы ЖұмабаевДауысты дыбыстарЕтісХХ ғасырдың 20-30-жылдарындағы Қазақстанның әлеуметтiк-экономикалық және қоғамдық-саяси, мәдени жағдайыҚазақстан индустрияландыру кезеңіндеІлеМенің атым Қожа (повесть)ФранцияШаңды дауылҚадір түніАутизмБастауышЕуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымыТопырақ құнарлылығыҚазақ Автономиялы Кеңестік Социалистік РеспубликасыАлматы облысыБатыс ҚазақстанҚорықтарБатьківщинаЕмдеу-профилактикалық мекемелерін жоспарлау мен жабдықтаудың гигиеналық негіздеріСаяси жүйеҰлы Жібек жолы🡆 More