Бүкіләлемдік Бокс Ұйымы

Бүкіләлемдік бокс ұйымы (ББҰ) (ағылш.

Басты кеңсесі Сан-Хуан (Пуэрто-Рико) қаласында орналасқан.

Бүкіләлемдік бокс ұйымы
(ағылш. World Boxing Organization)
Түрі

коммерциялық емес ұйым

Орналасқан жері

Пуэрто-Рико, Сан-Хуан

Басты тұлғалары

Франциско Варценсел

Саласы

кәсіби бокс ассоциациясы

Веб-сайты

www.wboboxing.com

Тарихы

Негізін 1980-ші жылдары Пуэрто-Рико мен Доминикан Республикасының кәсіпкерлері қалаған. 1990-шы жылдары Еуропада абыройға ие болды. Дегенмен де АҚШ жерінде 2000-шы жылдардың ортасына дейін екінші дәрежелі ұйым ретінде саналып келді.

2004 жылы WBO Бүкіләлемдік бокс ассоциациясының (WBA) тарапынан мойындалды. Ал 2006 жылы WBO Бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBC), 2007 жылы халықаралық бокс федерациясы IBF тарапынан мойындалды. WBO-ның үлкен танымалдыққа ие болуына Насим Хамед, Владимир Кличко, Мэнни Пакьяо, Хуан Мануэль Маркес, Оскар Де Ла Хойя мен Нонито Донэр керемет ықпал етті.

2007 жылдан бастап WBO белбеуі WBA, WBC және IBF белбеулерімен қатар, әлем чемпионы атағы үшін міндетті болып саналады. WBO тура WBA сияқты жай ғана чемпион атағымен қатар, суперчемпион дәрежесін де ойнатады. Бірақ ол WBA сияқты чемпиондарды тым көбейтпейді, жай ғана үздік әрі лайықты чемпиондарды ерекше дәрежемен марапаттайды. Мұндай дәрежеге ие:

  • ауыр салмақ — Владимир Кличко (суперчемпион)
  • бірінші ауыр салмақ — Марко Хук (суперчемпион)
  • бірінші жартылай орта салмақ — Хуан Мануэль Маркес (онжылдықтың чемпионы)
  • екінші жеңілдеу салмақ — Омар Андрес Нарваэс (суперчемпион)

2004 жылы 18 ақпанда алғашқы біріктіруші айқас өтті. Біріктіруші айқас WBA, WBC, IBF, The Ring чемпионы Бернард Хопкинс пен WBO чемпионы Оскар Де Ла Хойя арасында өтті. WBO-ның абыройы IBF чемпионы Владимир Кличко мен WBO чемпионы Сұлтан Ибрагимов арасындағы біріктіруші айқастан соң біршама өсті. 2012 жылы The Ring журналының тұжырымы бойынша «Жыл айқасы» және «Жыл нокауты» деген атаққа ие болған айқас өтті. Бұл айқаста «онжылдықтың чемпионы» белбеуі ойнатылды. Белбеуді Хуан Мануэль Маркес танымал Мэнни Пакьяоны нокаутқа түсіріп ұтып алды.

Қызықты деректер

1999 жылы желтоқсанда жеңіл салмақтағы бос WBO атағы үшін айқаста қызықты әрі күлкілі жағдай орын алды. Бос және иесіз белбеу үшін Хосе Лопес пен Фернандо Монтиель айқасу қажет болатын. Айқасқа бірнеше сағат қалғанда Монтиель айқастан бас тартты. Шоуды ұйымдастырушылардың қуанышына орай, ринг маңында Исидро Гарсиа атты боксшы тамақтанып тұрған еді. Ол Монтиелды ауыстыруға келісім беріп, оның тісқорғанысы мен киімін алды. Гарсиа қазылардың бірауыздан шешімімен жеңіске жетті. Бұл жағдай WBO-ның абыройына біршама нұқсан келтірді.

Бокс ұйымдары

Әлемдік деңгейдегі бокстан негізгі ұйымдар

Әлемдік деңгейдегі маңыздылығы жағынан екінші бокс ұйымдары

Басқа да ұйымдар

  • Дүниежүзілік бокс федерациясы WBF
  • Дүниежүзілік Кәсіби бокс федерациясы WPBF
  • Еуропалық Бокс Одағы EBU

Tags:

Бүкіләлемдік Бокс Ұйымы ТарихыБүкіләлемдік Бокс Ұйымы Қызықты деректерБүкіләлемдік Бокс Ұйымы Бокс ұйымдарыБүкіләлемдік Бокс ҰйымыАғылшын тілі

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

ЖаһандануБіріккен Ұлттар ҰйымыВирусты гепатит В18 ғасырдың бірінші ширегіндегі қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайыКүйзелісИталияЖұрнақЭкологияЖеке тұлғаАлғашқы көмекЫңғайлас салалас сөйлемАсық ойындарыҚазақстан өзендеріАмерика Құрама ШтаттарыАтеросклерозЭндокриңді бездерӘн-Нас сүресіДидактикаҚазақстанның мемлекеттік құрылымыХимиялық элементтердің периодтық жүйесіҚазақ халқының ұлттық тағам түрлеріЭкологиялық проблемаДулат БабатайұлыМемлекетСәкен СейфуллинТүйсікҚоғамКенесары ханЖатыр мойны эрозиясыМахмұд ҚашқариИнсультҚызбаТуризмМоңғол шапқыншылығыКәсіби сөздерЖатыр ауруларыТұрақты сөз тіркесіДифракциялық торТөле биАбай жолы (роман)ГемоглобинКүкіртАйқапҚазақстанТұздар (химия)ҚартаюҚазақстандағы жаңа экономикалық саясатКоллапсБеларусьШөл зонасыҚыз ЖібекMicrosoft Office WordГастритАлаш автономиясыБірінші Мемлекеттік ДумаҚоршаған ортаның ластануыМутацияҚазақстанды Ресейдің ОтарлауыГидросфераСұлтанмахмұт ТорайғыровЖылқы малының атауларыЭстрогенҚазақтарАдамгершілікСүтқоректілерСептік жалғауТранспирацияҚазақстандағы хандық биліктің жойылуыНоғай ордасыIP адресРеформацияЕсік Алтын адамыИслам пайғамбарларыТыныс алу жүйесіҚазақстан жерінде мал шаруашылығының қалыптасуыӨзін-өзі өлтіруЕкінші жалпықазақ съезіАқындар айтысы🡆 More