Биологиялық Мембрана

Биологиялық мембрана — жасушаның және жасуша ішіндегі бөлшектердің (ядро, митохондрия, хлоропластар, пластидтер) бетінде орналасқан молекулалық мөлшердегі (қалыңдығы 5 — 10 нм), ақуызды-липидтік құрылымды жұқа қабықша.

Биологиялық мембрана фосфолипидтік құрылымына байланысты өткізгіштік қасиетіне ие, яғни жасушада тұздардың, қанттың, амин қышқылдарының, иондардың, т.б. заттардың алмасу өнімдерінің концентрациясын, олардың тасымалын және алмасуын реттейді. Клетканың протоплазмасын қоршап тұрған биологиялық мембрана жасушалық мембрана деп аталады. Клеткалық мембрана қос қабатты ақуызды-липидті молекулалардан тұрады. Биологиялық мембрананың құрылымы мен ерекшелігі туралы нақты ғылыми мәліметтер 20 ғасырдың басында белгілі болды.

  • 1902 ж. неміс ғалымы Э. Овертон мембрананың құрамында май тектес заттар болады деген пікір айтты.
  • 1926 ж. америкалық биологтар Э. Гортер мен Ф.Грендел адам эритроцитінің қабықшасынан сол затты бөліп шығарды.
  • Ал 1935 ж. ағылшын ғалымдары Л.Даниелли мен Г.Даусон және америкалық биолог Дж. Робертсон биологиялық мембрананың құрылымдық моделін ұсынды. Кейін электрондық микроскоп және рентгендік анықтау әдістерін қолдану нәтижесінде жасушаның барлық бөліктеріндегі биологиялық мембрана табиғатының ұқсас болатыны анықталды.
Биологиялық Мембрана

Биологиялық мембрана — аса күрделі құрылымды зат. Оның құрамында ферменттік ақуыздар, ерекше рецепторлар, электрондарды тасымалдаушы, энергияны өңдеуші құрылымдар сонымен қатар гликопротеиндер мен гликолипидтер болады. Мембраналық ақуыздардың көпшілігі мембрананы тесіп өтіп орналасса, ал кейбірі оған жартылай ғана еніп немесе жанасып жатады. Мембраналық ақуыздар түрлі қызмет (мысалы, гликопротеиндер антиген рөлін) атқарады. Кейбір химиялық реакциялар (мысалы, хлоропластарда жүретін фотосинтездің жарық реакциялары немесе митохондриидағы тотыға фосфорлану процесі) биологиялық мембрананың өзінде жүреді. Сондай-ақ, биологиялық мембрана жасушаны қоршап, сыртқы ортадан оқшаулауы арқылы жасушаның морфологиялық тұтастығын сақтайды.

Дереккөздер


Tags:

ЖасушаМембранаМитохондрияПластидтерХлоропластЯдро

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

АғашІлияс ЖансүгіровМезозойҚұрмалас сөйлемӘлемдегі ең танымал кітапханаларЛенинград шайқасыҚазақ батырлар тізіміКүнбағысОрта ғасырлардағы мәдениетТеңеуҚазақстанОңтүстік ҚазақстанЖұлдызЕсім хан саясатыОрбұлақ шайқасыҚазақстан тарихыМайданҚазақстан қорықтарының тізіміМиссионерлiкҚасым ханАИВ/ЖИТСТалғат Аманкелдіұлы МұсабаевКөктемКөлденең жолақты ет ұлпасыМал шаруашылығыЖоңғар шапқыншылығыФутболМонро доктринасыАқпарат технологиясыНейрондық желі, нейрожелі, жасанды нейронды желіМақта (дақыл)Органикалық қосылыстарСуАбай ҚұнанбайұлыМақал-мәтелдерҚышқылСәулетЭкономикалық қатынасҚызылша (медицина)Судың ластануыҚазақ-Жоңғар соғысыҰлы жүзЖүрекКүкіртЖәркен БөдешұлыҚазақстан қалаларыҚарахан мемлекетіБақбақӘйтеке биЭкологияҒарыш314-атқыштар дивизиясыАйтысСарматтарОксидтерҚозы Көрпеш – Баян СұлуТұсаукесерЧарлз ДарвинЯдролық қаруХристиандықМенің атым Қожа (повесть)Ел тізімі (адамның өмір сүру ұзақтығы)Ғабит Махмұтұлы МүсіреповМагмалық тау жыныстарыИталияМитозҚазақ театрыҰшқан ұяАрхейПсихологияХалықаралық еңбек бөлінісіСпортФантастика1860 жылдарындағы әкімшілік реформаларҚазақ хандығыЭлектр энергетикасыБір жасушалыларНорвегия🡆 More