Аналитикалық Философия

Аналитикалық философия (analytic philosophy, немесе analytical philosophy)- екі мағынада айтылады.

Аналитикалық Философия
Готлоб Фреге

Бірі, XX ғ-дың бастапқы мезгілінде Ағылшын тілді мемлекеттерде (бастысы Ұлыбритания және АҚШ, Канада, Австралия және Жаңа Зеландия қатарлылар) пайда болған арнайы мақсат және әдістеме бойынша қалыптасқан философиялық ағым.

Енді бірі, бүгінге дейінгі философия зерттеуінің бір "үлгісі", "ерекше әдісі" ретінде кез келген бағыттағы философиялық ағым қолдануы мүмкін әдіснама. Екінші мағынадағы Аналитикалық философияда арнайы мақсат жоқ, ол қарастыратын мәселе алуан түрлі, кең ауқымды болып келеді.

Аналитикалық философия ағымы

Аналитикалық философия ағымы бойынша заманауи Формальды_логиканы басшылыққа алып, "мәселеге жінтікті талдау жасау"(анализ) — философиялық зерттеуді іске асыратын өзекті міндет саналды. Бұл ағым ХХ ғ-дың басында шарықтау шегіне жетті. Бұл кезде Аналитикалық философия өкілдері тілдегі күңгірт ұғымдар тізбегіне талдау жасап, астыртын логикалық құрылымдарды аршуды дәріптеді. Өйткені логикалық құрылымға мән бермеу тілдің беткі қабатына шектелуден туатын түрлі адасушылықтарды туғызады. Бұл түрдегі логикалық анализ әдіснамасы арқылы аналитикалық философтар философияның негізгі мәселесін шештік, егер шешілмеген мәселе болса, оның бәрін тілдің беткі қабатындағы алдамшылықтар туғызған деп есептеді. Олардың ойынша, мәселе не теріс қойылған "жалған мәселе" болуы, не белгілі бір тілдік формаларды қолдануға байланысты болуы, не философияға қатысы жоқ болуы мүмкін, немесе жеке ғылыми жолмен шешілуі мүмкін. Олардың бұл пікірінің сенімдірек болуына көбінесе Рассел және Фреге қатарлы философтардың математиканы логикаға айналдыру жұмысының табысты болуы, әсіресе Расселдің Шектеулі сипаттама теориясы көмектесті. Бұл мезгілдегі белсенді тұлғалар Карнап, Э. Мур, алғашқы кездегі Витгенштейн қатарлылар болды.

Аналитикалық философия әдіснамасы

Кезекте, "аналитикалық философия" сөзі арнаулы көзқарас пен жүйелі бағытты емес, бір түрлі зерттеу үлгісін, әдісін көрсетеді. Аналитикалық философтар өз дәлел-дәйектерін айқын және дәл етуге тырысады, логикалық амалдардан толық пайдаланады, эмоциялық бөліктерді жақшаға ала тұрып, нақты талдау жасауға көбірек мән береді. Кәсіп және білім саласында, олар өздерін әдебиетшілерге қарағанда ғалымдарға, әсіресе математиктерге жақынырақ санайды. Мұндағы аналитикалық философия көбінесе Еуропа құрлықтық философиясына (Continental philosophy) салыстырмалы айтылады. Кейінгісі, яғни, құрлықтық философия дегеніміз үлгі-өнегесі жағынан әдебилігі басым, формал логиканы тым ескере бермейтін, қоғамдық саяси, мәдени, адамзаттық, адам болмысындағы мәселелерге көбірек назар аударатын философия айтылады.

Негізгі өкілдері

  • Фреге (Friedrich Frege)
  • Рассел (Bertrand Russell)
  • Э. Мур (GE Moore)
  • Витгенштейн (Ludwig Wittgenstein)
  • Карнап (Rudolph Carnap)
  • Куайна (Willard Van Orman Quine)
  • Дональд Дэвидсон (Donald Davidson)
  • Сол Крипке (Saul Aaron Kripke)
  • Джон Ролз (John Rawls
  • Майкл Даммит (Michael Dummett)
  • Питер Стросон (Peter Strawson)

Қатысты ұғымдар

Дереккөздер


Дереккөздер

Tags:

Аналитикалық Философия Аналитикалық философия ағымыАналитикалық Философия Аналитикалық философия әдіснамасыАналитикалық Философия Негізгі өкілдеріАналитикалық Философия Қатысты ұғымдарАналитикалық Философия ДереккөздерАналитикалық Философия ДереккөздерАналитикалық Философия

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

ОтынТемекіҚанАралас құрмалас сөйлемТуризмТыныс алуҚалқанша безАғашШешендік өнерАңырақай шайқасыАқан серіИбн СинаӨздігінен тозаңдануЯдролық қаруАзияТолықтауышЖасушаІлияс ЖансүгіровЖайылма сөйлемМәдениеттануҰйғырларАдам даму индексі бойынша елдер тізіміМагмалық тау жыныстарыТел өскен ұлШвейцарияКөлденең жолақты ет ұлпасыҚазақ-Жоңғар соғысыБейбітшілік және келісім сарайыБиомеханикаЭволюцияАлланың есімдеріҚазақ мәдениетіЖұрнақҒылыми-техникалық революцияҚимыл-сын бағыныңқылы сабақтас сөйлемЖақсыз сөйлемЭстрогенОксидтерҰрықМұнайлы мұнай кен орныПалеозойҚызмет көрсетуБаланы қырқынан шығаруАлғашқы көмекТабиғи радиоактивтікҚазақстан Республикасы Қарулы КүштеріКүш моментіСептік жалғауБалуан ШолақЕсім ханМарсҚабанбай батырМұхитқа шыға алмайтын елдерДамыған елдерХиуаз Қайырқызы ДоспановаҚазақстан қалаларыАстана мектеп оқушыларының сарайыҚайта құру кезеңіГемоглобинСәулетҚызғалдақТабиғатты қорғауТанымал қазақтардың тізіміАлматыМонархияБиосфераБұлшық етКомпьютерКерей ханӨсімдіктер систематикасыМұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрыКөміртегі1917 жылғы екі революция кезеңіндегі ҚазақстанҚазақстан мәдениетіМемлекет астаналары тізіміҮйсін мемлекетіӘл-ХорезмиБаскетбол🡆 More