Құрмалас Сөйлем

Құрмалас сөйлем — екі немесе бірнеше жай сөйлемнен құралып, күрделі ойды білдіретін, мағыналық жағынан өзара байланысты біртұтас сөйлем.

Қызметі жағынан оның жай сөйлемнен өзгешелігі жоқ, екеуі де ойды екінші бір адамға білдірудің құралы. Құрмалас сөйлем жасалу жолына қарай үш түрге бөлінеді: а) Салалас құрмалас сөйлем; ә) Сабақтас құрмалас сөйлем; б) Аралас құрмалас сөйлем. Құрмалас сөйлемнің белгілері:

  1. кем дегенде екі жай сөйлемнен (синтаксистік компоненттен) құралып, әр сөйлемінде предикаттық қатынас болады. Кей жағдайда бастауыш айтылмағанымен, баяндауыш арқылы білініп тұрады. Ал құрмалас құрамындағы жай сөйлемнің әрбірінде баяндауыштың болуы міндетті;
  2. жай сөйлемдер белгілі бір тәсілдер — баяндауыш формалары және шылаулар арқылы байланысқа түседі;
  3. негізгі компоненттер — жай сөйлемдер мағынасы жағынан логикалық байланыста болып, біртұтас күрделі ойды білдіреді.
  4. Құрмалас сөйлем компоненттерін өзара байланыстыруда интонацияның да айрықша қызметі бар. Алғашқы компонент аяқталмаған, ұласпалы интонацияға ие болады да, соңғысы аяқталған тиянақты интонацияда келеді.

Жай сөйлем мен құрмалас сөйлемнің мағыналық жағынан өзгешеліктерінің кестесі

Жай сөйлем Құрмалас сөйлем
Жай сөйлем жеке бір ойды білдіреді Құрмалас сөйлем күрделі ойды білдіреді.
Жай сөйлем бір-бірінен айырым интонациямен айтылады Құрмалас сөйлемнің бірінші сыңары

екіншісімен ұласпалы интонациямен айтылады

Жай сөйлем интонациялық жағынан тиянақты болады Құрмалас сөйлемнің сыңарлары интонациялық жағынан тиянақсыз болады
Жай сөйлем аяқталған ойды білдіріп, бір бүтін болып саналады. Құрмалас сөйлемнің алғашқы сыңары аяқталған ойды білдіре алмайды, бүтіннің бір бөлшегі болып саналады
Байланысу тәсілдері Мысалы
Интонация арқылы іргелесе байланысады. Кездесу аяқталды, қатысқандар тамаша әсермен тарады.
Жалғаулық шылаулар арқылы байланысады. Арнайы баруды жоспарлаймын, бірақ еш реті келмей - ақ қойды.
Құрмаластың құрамындағы жай сөйлемнің баяндауышы тиянақсыз тұлғада келіп, келесі жай сөйлеммен ұласпалы түрде, құрмаласа байланысады Ащы дауыс бәріне анық естіліп, көздеріне үрей тұндырды.

Дереккөздер

Tags:

Жай сөйлем

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

ҚышымаКөптік жалғауЕуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымыТөреҚазақ тіліндегі жыл айларының атауларының мағынасыLinuxАдам ағзасындағы химиялық элементтерДәруменТасаттықБеташарҮш Жүз партиясыНайманШәкәрім ҚұдайбердіұлыТәңіршілдікАқпан төңкерісіШілдеханаЕтістікЛеонардо да ВинчиБаяндауышДешті-қыпшақ мемлекетіЖұрнақҚажылықҚазақ Автономиялы Кеңестік Социалистік РеспубликасыӘн-Нас сүресіБауыр (орган)ЕсімдікҰшқан ұя (повесть)Жоңғар шапқыншылығыБайғазыҚазақстан халқының бірлігі күніЖаңа білім беру жүйесі16-17 ғасырлардағы Қазақ хандығыЛатын АмерикасыМүшел жасӨлеңЖеуге жарамды және улы саңырауқұлақтарҚазақстанның мұнай өнеркәсібіТынық мұхитҚазақстанның тұңғыш мектептеріАфрикаӘбу Насыр Әл-ФарабиКенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалысЭрих Мария РемаркКенелерСақтарСанжар Сейітжафарұлы АсфендиаровГеморройКаспий теңізіҚоғамҰлы жүзҚазақтың балаға ат қою рәсіміБактерияларЕртісӘбілқайыр хан (Өзбек хандығы)Қарағанды облысыКелінжанТеннисҚаныш Имантайұлы СәтбаевАйтысМәдениетТуберкулезШыңғыс Төреқұлұлы АйтматовАбай ҚұнанбайұлыАлаш партиясыСүтқоректілерДәрігерДиуани лұғат ат-түркАлтынАқтауДамыған елдерҚуық түбі безінің қабынуыБатырлар жырыАсқазан мен он екі елі ішектің жара ауруыXV-XVIII ғасырлардағы қазақ ауыз әдебиетіҚұқықтық мемлекетАуызашарГепатитЖетісуШоқан Шыңғысұлы Уәлиханов🡆 More