Эоцен Кезеңі

Эоцен кезені – палеоген немесе үштік кезеңнің 35 – 56 млн.

жылдар аралығын алып жатқан бөлігі. Эоцен кезенінде құрлықтардың көп жерін басып жатқан теңіз суы азайып, континенттік құрғақ, ыстық климат орын ала бастады. Тетис теңізінің деңгейі төмендеуінен Қазақстанның солт.-батысында Азия мен Еуропаны жалғастырған “Торғай көпірі” пайда болды. Осы кезде Азия мен Еуропа арасында жануарлардың алмасуына мүмкіндік туды. Қазақстан жерінің көпшілігін субтропик. ормандар алып жатты. Эоцен кезені жануарлар арасынан сүтқоректілерге қолайлы заман болды. Мезозой дәуірінің соңында және кайнозойдың басында пайда болған алғашқы сүтқоректілердің кейбір топтары даму шегіне жетіп, біразы жойылып кетті. Қазіргі кезде көп таралған дара және жұп тұяқты жануарлардың арғы тегі осы Эоцен кезенінде дамыды. Қазақстанда Эоцен кезенінде тіршілік еткен жануарлардың қалдықтары Зайсан ойпатының қазба қалдықтарынан, Қабанбай а. маңындағы Шынжылы өз-нің бойынан және Жаркенттің батысындағы Ақтау шатқалынан табылған. Бұл кезеңдегі мүйізтұмсықтардың, тапирлердің, хеликотерилердің, бронтотерилердің, т.б. тұяқты жануарлардың көптеген түрлері Қазақстан жерінен табылып зерттелген. Б. Байшашов

Дереккөздер


Tags:

АзияАқтауЕуропаЖаркентЗайсан қазаншұңқырыМезозойШынжылы (өзен)Қабанбай (Жетісу облысы)Қазақстан

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Осман империясыҚаракесек (Арғын)Әбіш КекілбайұлыАмерика Құрама ШтаттарыАлмаКелінжанЖалайырАфрика мемлекеттері және тәуелді аймақтарының тізіміҚазақстандағы саяси партияларҚазақ әліпбиіӘбілқайыр хан (Өзбек хандығы)Абай ҚұнанбайұлыҚытай тарихыҮйсін мемлекетіҚоғамҚазақстан экономикасыМұнай өнеркәсібіКарл ЛиннейОралДүниежүзілік шаруашылық жүйесіАминдерҚазақстан экономикасының тарихыҚарлұқ қағанатыИсламдағы жыныстық өмір әдебіМәдени өсімдіктердің шыққан орталықтарыҚойАқтауТромбоцитҚатерлі ісікОрталық АзияСаясатЕркектің жыныстық мүшесіЭволюцияБөкей ОрдасыФобияның түрлеріШизофренияВолейболТарих (Геродот)АуғанстанҚожа Ахмет Ясауи кесенесіДәрігерАбай және оның орыс достарыБірінші Мемлекеттік ДумаТозаңдануТөле биНайзағайОлжас Омарұлы СүлейменовЖатыр мойны эрозиясыКеңестік Социалистік Республикалар ОдағыЖүсіпбек АймауытовЭкологиялық проблемаІштің қатуыДыбысОрбұлақ шайқасыПайдалы қазбаларАИВ/ЖИТСТынық мұхитҮтірТемпераментҚазақстанның тұңғыш мектептеріҚызыл кітапЭлектромагниттік толқындарТалғат Жақыпбекұлы БигелдиновҚазақстан туыСалыстырмалылық теориясыПайғамбарҚазақ руларыКаспий теңізіАлғашқы көмекМеталдарБронхитҚаныш Имантайұлы СәтбаевАнемияҚарақалпақстанҚазақ философиясыКүкірт қышқылыӘлімұлыҚытайЖіктік жалғау🡆 More