Эйсебио

Эузебиу да Силва Феррейра (порт.

Португалия Ұлттық футбол құрамасының үздік шабуылшыларының бірі.

Эйсебио Футбол
сурет
Жалпы мағлұмат
Толық аты

Эузебиу да Силва Феррейра

Лақап аттары

Қара маржан

Туған күні

25 қаңтар 1941 (1941-01-25)

Туған жері

Мапуту, Португалиялық Шығыс Африка

Қайтыс болған күні

5 қаңтар 2014 (2014-01-05) (72 жас)

Азаматтығы

Эйсебио Португалия

Бойы

175

Позиция

шабуылшы

Жастар клубы
Мозамбик Спортинг Лоуренсу-Маркиш
Клуб карьерасы
1957—1960 Мозамбик Спортинг Лоуренсу-Маркиш 42 (77)
1960—1975 Португалия Бенфика 301 (316)
1975 АҚШ Бостон Минитмен 8 (2)
1975—1976 Мексика Монтеррей 10 (1)
1976 АҚШ Торонто Метрос-Кроэйша 25 (18)
1976—1977 Португалия Бейра-Мар 12 (3)
1977 АҚШ Лас-Вегас Квиксилверс 17 (2)
1977—1978 Португалия Униан ди Томар 10 (3)
1978 АҚШ Нью-Джерси Американс 9 (2)
1957—1978 Барлығы 434 (424)
Ұлттық құрамы
1961—1973 Эйсебио Португалия 64 (41)

Карьерасы

Эйсебио 1941 жылы 25 қаңтарда қазіргі Мозамбик территориясындағы Португалияның Шығыс Африка атты иелігінде дүниеге келген. Бала күнінен доп қуып өскен оны 1958 жылғы әлем чемпионатынан соң "Пеле" деп атай бастаған. Оны алғаш көргендердің бірі бразилиялық футболшы — Карлос Бауэр. Ол "Бенфиканың" бапкері Бэла Гуттманға Эйсебионы "Бенфикаға" алу жайлы ақыл береді. Бауэр Эйсебионы "Сан-Паулуға" әкетпек те болады, бірақ "Сан-Паулу" клубының басшылығы оны қалай қоймайды. Солайша, "Спортинг Лоуренсу-Маркиш" клубында ойнап жүрген жерінен "Бенфиканың" дәм-тұзы бұйырыпты.

"Бенфика" сапында ұзақ жылдар ойнап, бірнеше рет ірі жетістіктерге жеткен. 1961 жылы "Бенфика" УЕФА Чемпиондар Кубогында "Реалдың" бес жылдық гегемониясын тоқтатып, турнир жеңімпазы атанады.

Эйсебио сол жылы-ақ Португалия құрамасына қабылданады. 1966 жылғы әлем чемпионатында Португалия құрамасы дебьютант ретінде қатысып, жартылай финалға дейін жетеді. Эйсебио турнирде 9 гол соғып, чемпионаттың сұрмергені атанады. Осы чемпионатта оны Пелеге теңеушілер тым көбейіп кетеді.

    "Пеленің футболшы ретінде баға жетпес бес қасиеті бар. Менен сол бес қасиеттің біреуінің ғана жұқанасы табылды" (Эйсебионың пікірлерінен)

1966 жылдан соң Эйсебионың карьерасында тоқырау пайда болады. Мұнысы Португалия құрамасының тағдырына да әсер етіп, мұнан соң ешқандай ірі турнирлердің финалдық кезеңіне шыға алмайды. Эйсебио кейін түрлі клубтарда үзіп-жұлып қана ойнады да, 70-жылдардың соңында карьерасын аяқтады.

1992 жылы қаңтар айында Лиссабондағы "Эштадиу да Луж" стадионында Эйсебиоға арнап ескерткіш орнатылды.

2014 жылы 4 қаңтар күні ауруханада қайтыс болды.

Қызықты фактілер

1982-86 жылдары әлем чемпионатында ойнаған Польша құрамасының шабуылшысы Влодзимеж Смолярек өз ұлының атын Эйсебионың құрметіне Эусебиуш деп қойды. Кейін Эусебиуш Смолярек те поляктар құрамасының талантты шабуылшысына айналған.

Жетістіктері

Командалық

  • Португалия чемпионы (11): 1960/61, 1962/63, 1963/64, 1964/65, 1966/67, 1967/68, 1968/69, 1970/71, 1971/72, 1972/73, 1974/75
  • Португалия кубогы (5): 1962, 1964, 1969, 1970, 1972
  • УЕФА Чемпиондар кубогы: 1961/62
  • Әлем чемпионатының қола жүлдегері: 1966

Жекелей

  • "Алтын доп иегері": 1965
  • Португалияның үздік футболшысы (2): 1970, 1973
  • Әлем чемпионатының үздік мергені: 1966 (9 гол)
  • "ФИФА 100" тізіміне енген.

Дереккөздер

Сілтемелер

Tags:

Эйсебио КарьерасыЭйсебио Қызықты фактілерЭйсебио ЖетістіктеріЭйсебио ДереккөздерЭйсебио СілтемелерЭйсебио1942 жыл25 қаңтарМапутуПортугал тіліПортугалия Ұлттық футбол құрамасыХалықаралық фонетикалық әліпби

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

ИнфрақұрылымМұнай өнеркәсібіАндроново мәдениетіӘлия Нұрмұхамедқызы МолдағұловаЖанар АйжановаҚызыл кітапТеріИслам күнтізбесіОңтүстік ҚазақстанКүнделік.кзБеташар1836-1838 жылдардағы халық-азаттық көтерілісІлияс ЕсенберлинКүшОрталық ҚазақстанТемірНоғай ордасыАстанаЕрмұхан Бекмаханұлы БекмахановФерменттерСалқам Жәңгір ханОралДевианттық мінез-құлықБұқаралық ақпарат құралдарыҚазақстан мейрамдарыҚазақстан Республикасы Ұлттық Қауіпсіздік КомитетіКөкпарМенің атым Қожа (повесть)Қаңлы руыҚазақ халқының жоңғар басқыншыларына қарсы азаттық күресіМутацияЖер сілкінуПедагогикаӘлемнің жеті кереметіЖүрек ауруларыИса МәсихТеміреткіБіріккен Араб ӘмірліктеріМиокард инфарктыТөлеңгіттерТәуелдік жалғауБірінші жалпықазақ съезіШылауЭтикаТұрақты сөз тіркесіЖылқыАтмосфераАнтонимТәттімбет ҚазанғапұлыБатыс ҚазақстанБаланы ұшықтауДемократияАвтомобиль түрлеріАлгоритмАнтикалық философияСүннетСәкен СейфуллинЖіктік жалғауАлтын Орда тарихыХимиялық элементтердің периодтық жүйесіКәлимәТорғайдағы Амангелді Иманов бастаған ұлт-азаттық көтерілісШарын шатқалыҚан мен терКореяЭнеолитҚазақстан Республикасының Мемлекеттік ӘнұраныҚасым АманжоловҚазақстан қалаларыХалық саны бойынша мемлекеттер және тәуелді аймақтар тізіміХалықаралық балалар күніКөміртегіЭндокриңді бездерТанымал қазақтардың тізіміПариж бітім конференциясыМемлекетСалауатАдам қаңқасы🡆 More