Эдмонд Фишер

Эдмонд Фишер (ағылш.

Fischer; 6 сәуір 1920, Шанхай, Қытай) — швейцариялық американдық биохимик, 1992 жылы «Биологиялық реттеу тетігі ретінде қайтымды ақуыздың фосфорлануына қатысты ашылулары үшін» Физиология немесе медицина саласындағы Нобель сыйлығының лауреаты. Вашингтон университетінің профессоры (Сиэтл).

Эдмонд Фишер
(ағылш. Edmond H. Fischer
Туған күні

6 сәуір 1920 (1920-04-06) (104 жас)

Туған жері

Шанхай, Қытай

Қайтыс болған күні

Азаматтығы

АҚШ

Ғылыми аясы

биохимик

Несімен белгілі

ақуыздың фосфорлануына қатысты ашылуларымен

Марапаттары


Физиология немесе медицина саласындағы Нобель сыйлығы (1992)

Өмірбаян

Эдмонд Фишер өмірге 6 сәуірде 1920 жылы Шанхайда (Қытай) келген. Оның әкесінің атасы Франциядан көшіп келіп, осында алғашында Үндіқытайда, ал кейін Қытайда тұрған. Қытайда, «Қытайлық курьер» (Courrier de Chine) деген француз газетін, және бала кезінде Фишер барған француз қоғамдық мектебін құрған. Жеті жасында ол Швейцариядағы мектепке жіберілді. Фишер Женева университетін бітіріп (Женева) және онда докторлық алды. Оның басты жұмысы амилаза ферментін зерттеу және сипаттау болды. 1950-жылдардың басында Фишер Сиэтлдегі Вашингтон университетіне көшіп келді, ал қазір — құрметті профессор.

Ғылыми еңбегі

Эдмонд Фишер және Эдвин Кребс ынтымақтастығы Фишер Вашингтон университеті көшкеннен кейін алты айдан соң басталды. Олар гликогенфосфорилаза ферментін бақылап гормондар мен кальций туғызатын реакциялар сериясы, бұл ферменттің активтендіру-залалсыздандырылуына әкелетінін тапқан. Ферменттің активтендіру-залалсыздандырылуы кері фосфорланудан болған. Фишер мен Кребс ашқан процесс, екі ферменттермен: протеинкиназа және фасфатаза катализденеді. Протеинкиназалар (ең жиі кездесетіндері — тирозинкиназа) фосфаттық топты АТФтен ферменттің гидроксильді тобына аударады. Бола тұра ферменттің конформациясы өзгерістерге ұшырайды және ол каталитикалық белсенді болады. Содан кейін ақуыз фосфатазасы фосфат тобын тұтандырып, ферментті бастапқы енжар түріне қайтарады. Осындай ферменттер қызметінің циклдік реттелуі және онымен байланысты метаболиттік процестер табиғатта өте кең таралған болып шықты.

1992 жылы қайтымды ақуыз фосфорлануын ашу үшін Фишер мен Кребс Физиология немесе медицина саласындағы Нобель сыйлығын алды.

Сілтемелер

Tags:

192019926 сәуірАғылшын тіліАҚШАқуызБиохимияВашингтон университетіСиэтлФизиология немесе медицина саласындағы Нобель сыйлығыШанхайШвейцарияҚытай Халық Республикасы

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

БиоценозХромосомаларДемографияМұхтар ШахановОперациялық жүйелерИсламСауд АрабиясыАсан қайғы СәбитұлыТіршілік ортасы38-атқыштар дивизиясыҚазақстан тарихыТарих философиясыБабырБактерияларТитанҚұралайдың салқыныӘлем елдерінің тізіміҚазақтың арқар-мериносыВегетативтік көбеюУнитарлы мемлекетТалғат Жақыпбекұлы БигелдиновКөктемАбылай ханҚазақстанның Мәдени мұра жобасыЖай санҚазақстан демографиясыАлматыОрталық АзияҚұрмалас сөйлемБүйрекӘл-Фатиха сүресіҚант диабетіРоботНұрсұлтан Әбішұлы НазарбаевЕсік Алтын адамыШайтанкөлКәсіпкерлікӘл-ХорезмиБағыныңқы сөйлемМұнай экспорттаушы елдер ұйымыӨркениетАққулар ұйықтағандаСын есімДамушы елдерОңтүстік ҚазақстанАдам қаңқасыҒабиден МұстафинТұрақты сөз тіркесіНанотехнологияҚоршаған ортаның ластануыРесейҚозы Көрпеш – Баян СұлуМюнхен келісіміОзон қабатыАңырақай шайқасыЭволюцияЧарлз ДарвинКүн (жұлдыз)РобототехникаҚазақстанның тұңғыш мектептеріҚазақ хандығыТөтенше жағдайКубизмТіршілік үшін күресҚазақ театрыШылауЖүрекМақал-мәтелдерКөнерген сөздерАналық жыныс жасушасыСарқылмайтын ресурстарАралас құрмалас сөйлемНұралы ханҚазақстан және БҰҰҚазақстан экономикасының тарихыҚазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніҚазақстан жерінде мал шаруашылығының қалыптасуыКүкірт қышқылыТәуелсіз Мемлекеттер Достастығы🡆 More