Ши

Ши (лат.

Биіктігі 50—220 см, сабағы көп, мықты, тік өседі, түсі қошқыл жасыл, екі жағы да тықыр, тұп жағы көптеген ескі жапырақты шым түзейді. Жапырақтары ұзын, жіңішке (ені 3—2 мм), өте қатты. Сыпыртқысы жіңішке, ұз. 15—50 см, масағының ұз. 5— 6 мм, ақ не күлгін түсті. Мамыр—шілдеде гүлдеп жеміс салады. Оңтүстік Қазақстанда дала, шөлейт аймақтарда, көбінесе тұщы суы жақын жерлерде өседі. Қыста жақсы мал жайылымы, ұзын сабақтарынан ши тоқылады, гүл шоғыры мен қысқа сабағынан сыпыртқы жасайды.

Ши
Achnatherum parishii
Achnatherum parishii
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Өсімдіктер
(unranked) Дара жарнақтылар
(unranked) Commelinids
Сабы: Poales
Тұқымдасы: Poaceae
Кіші тұқымдасы: Pooideae
Тайпасы: Stipeae
Тегі: Achnatherum
P. Beauv.
түрлері

100-300 түрі белгілі

Балқаш өңірінің ғажайып өсімдіктерінің бірі – ши.  Бұл көпжылдық, қалың өсетін дәнді өсімдік, ол төмпешікке өсіп тұрғандай – оның тамырлары тығыз шым қабатын түзеді. Әр бұтада 500-ге дейін сабақ өседі, әр сабағы сабан сияқты болады. Жергілікті тұрғындар ши бұталарына қарап, қай жерден құдық қазуға болатынын анықтаған, өйткені ши жер асты суы жақын жерге өседі. Гидрогеологтар оны геоботаникалық индикатор деп атайды.

Шиді мал жақсы жейді және қазақтар ертеден-ақ өз қыстаулырын шилі жерге салған, өйткені қыста ол қойға бораннан ықтасын және азық болады.

Бірде П.Ф. Домрачевтың Балқашқа жасаған экспедициясының нәтижелері туралы жазбаларын оқи отырып, мен бұл өсімдік жөнінде бұдан да гөрі ғажайып деректерге тап болдым. «Лабораториялық тәжірибелерден мәлім болғанындай, - деп жазады Домрачев, - бұл өсімдік қағаз өнеркәсібі үшін ең жақсы шикізаттың бірі болып табылады және өзінің сапасы жағынан Англияда қағаздың жоғары сортын жасап шығаратын атақты солтүстік африкалық дәнді өсімдік – «альфаға» жақын келеді». (Домрачев П.Ф. Балхаш и Прибалхашье. Алма-Ата. Казахское краеведческое издательство, 1935 год )

Ши қопалар Балқаш өңірінде, әсіресе, ойпаңдарда, сортаңдарда көп және биологиялық дренаждың ролін атқарып, суды тұщытады.

Кейде шиді орып, жақсы өнім алады. Бұдан кейін ол тез қайта өсіп, «жасарып» шыға келеді.

Дереккөздер


Tags:

Астық тұқымдасыЛатын тіліШөлейт

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Тел өскен ұлЕтістікРоботАналық жыныс жасушасыВаршава келісімі ұйымыУрбанизацияҚайталауҚұрманғазы СағырбайұлыЛеонардо да ВинчиСұрыптауАустралияТыныс белгілеріКөкжөтелҚазақ тіліндегі жыл айларының атауларының мағынасыАИВ/ЖИТССәулетГеографияАқмола облысыМіржақып. Оян, Қазақ (фильм, 2023)Қазақстан халқы ассамблеясыТірі ағзалардың негізгі қасиеттеріМитохондрияСоғыстан кейінгі жылдардағы Қазақстанның ауыл шаруашылығы (1946-1960)Құрмалас сөйлемЖер аумағы бойынша мемлекеттер және тәуелді аймақтар тізіміЕсік Алтын адамыҚант диабетіСептік жалғауАбайдың қара сөздеріҚазақтың XX ғасырдағы мәдениетіАтомның ядролық үлгісі. Резерфорд тәжірибесіАспанКубизмБуддизмҚазақстандағы экологиялық проблемаларЖасушаPythonШолпан (ғаламшар)Қазақ газетіХалықаралық ұйымдарЖәңгір-Керей ханҚыпшақтарАзияТұқым қуалаушылықҚазақстанның экономикалық аудандарыТүрік қағанатыТың игеруЭкологиялық апатАлматы облысыЖайықТабиғи сұрыптауЭндокриндік жүйеБактерияларҒұндарЕкінші Дүниежүзілік соғыстағы КСРОБарсакелмес қорығыДінмұхаммед Қанатұлы ҚұдайбергеновСабақтас құрмалас сөйлемҚышқылҒұндар мемлекетіМағжан Бекенұлы ЖұмабаевҚан топтарыӘлкей Хақанұлы МарғұланЖасанды интеллектАксонЖылқыБесеудің хатыҚабанбай батырҚиялКітапАрқарҚуыршақ театрыМахамбет ӨтемісұлыАрал экологиясыШиеҒабиден МұстафинҚызылша (медицина)Түркістан облысы🡆 More