Феноменология

Феноменология – алғашқы түйсіну нәтижесін, сана танымын пайымдап ашудың тәжірибесі, батыс философиясына ерекше ықпал еткен субъективтік идеалистік бағыт.

Феноменология

Қазіргі философиялық ойдың жетекші бағыттарының бірі ретіндегі Феноменология ұғымы 20 ғасырда қалыптасты. Феноменологиялық философияның негізін салушылардың бірі Эдмунд Гусерль (1859 – 1938) болды. Гусерль өзінің шығармашылық эволюциясында Декарттың, Лейбництің, Юмнің, Канттың, т.б. ықпалында болды. Феноменология бағытын одан әрі дамытқандар Л.Ландгребе, Э.Финк, т.б. Феноменологияның негізгі ұғымы “интенционалдық деп аталады”. Бұл ұғым сананың объектіге қатынасын көрсетеді. Феноменологиялық ұғым бойынша “объект болмаса, субъекті те болмайды”. Феноменологиялық тәсілдің негізгі талаптары:

  1. субъективтік тәжірибеден тыс тұратын, яғни санадан тыс тұратын объективтік шындық туралы пікірден бас тарту;
  2. танымдық субъектіні (белгілі бір жанды) сезімі бар психофизиол. нәрсе емес, сананың “таза” нәтижесі деп түсіндіру.

Оны Феноменология “транцендеталдық редукция” деп атайды. Бұл бағытты қолдаушылар философияны ғылым ретінде тек қана эйдетика деп аталатын “таза мағыналарды” зерттейді, ал оның реалды шындыққа қатынасы жоқ деп білді. Феноменология идеялары экзистенционализмге (Хайдегер, Сартр), герменевтикаға (Гадамер, Шелер), т.б. батыс философиясындағы ағымдардың қалыптасуына ықпал етті. Феноменология бағытының теор. орталық болып саналатын орындар: Гусерльдің Лувен католиктік ун-тінің архиві (Бельгия); халықаралық феноменол. қоғам және оның “Феноменологиялық зерттеулер” атты журналы (Буффало, Нью-Йорк, АҚШ)

Дереккөздер


Tags:

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

ҚарлығаштарАстана мектеп оқушыларының сарайыЭкспрессионизмЖәркен БөдешұлыАңырақай шайқасыДін философиясыҚазақстандағы транспортШылауКүкіртАқуызЕтістікДауысты дыбыстарӨнерРимМәтінЕжелгі РимҚазақстан Республикасы Қарулы КүштеріШиеАқпан төңкерісіЭкономикаЗар Заман ақындарыАйдын Ақанұлы АйымбетовТөле би1916 жылғы Қазақстандағы ұлт-азаттық көтерілісДемографияҚазақстанның 1920-1940 жылдардағы қоғамдық-саяси жағдайыАустралияҚазақтардың Дүниежүзілік құрылтайыҚазақстанның білім беру жүйесінің тарихыЖаңа экономикалық саясатӘбу Райхан әл-БируниЖуніс СахиевГалогендерПлагиатСарматтарҚожа Ахмет ЯсауиВаршава келісімі ұйымыБалғынбек ИмашевҚазақстан экономикасының тарихыСу көлігіЭмбриогенезРесурстарКөктемШеңберКөшбасшылықМайданҚазақ тіліндегі жыл айларының атауларының мағынасыҚазақстанның тұңғыш мектептеріИсламЖақты сөйлемҚант қызылшасыСұрыптауБатыс Түрік қағанатыАшық тұқымдыларЕгемендікҚозыке Бишімбайұлы БишімбаевКартопКүкірт қышқылыЭлектрокардиографияСауд АрабиясыСалалас құрмалас сөйлемМиозинҚазақстан экономикасыҚырғызстанРобототехникаБактерияларҚызылша (медицина)Тірі ағзалардың негізгі қасиеттеріФизикалық-географиялық аудандастыруФилипп Исаевич ГолощёкинҚиял-ғажайып ертегілеріҚұрмалас сөйлемИбн СинаИспанияТерминҒаламшарЖеті қазынаМарқакөл қорығы🡆 More