Тұрсынбек Аманғалиұлы Қабатов

Тұрсынбек Аманғалиұлы Қабатов (10 қазан 1979 жыл, Ақпәтер ауылы, Батыс Қазақстан облысы) — қазақстандық сатира комикі, актёр, Әзіл Әлемі әзіл-ысқақ театрының директоры.

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2015) және Казталов ауданының құрметті азаматы (2014).

Тұрсынбек Аманғалиұлы Қабатов
Жалпы мағлұмат
Туған күні

10 қазан 1979 (1979-10-10) (44 жас)

Туған жері

Казталов ауданы, Батыс Қазақстан облысы, Қазақ КСР, КСРО

Азаматтығы

Тұрсынбек Аманғалиұлы Қабатов Қазақстан

Мамандығы

актер, КТА ойыншысы

Белсенді жылдары

2001 жылдан

Бағыты

комедия

Марапаттары
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Толығырақ

Жетістіктері

  • 2003 жылы Түркістан облысы Түркістан қаласының Әкімі тағайындаған І-республикалық «Тайқазан» КВН ойынының жеңімпазы;
  • 2003 жылғы «Мыңнан тұлпар» атты Алматы қаласы әкімшілігінің кубогының жеңімпазы;
  • 2003 жылғы Қазақстан Республикасы Жоғары Лигасының 2-орын иегері;
  • 2003 жылғы Юнеско шеңберінде тойланатын ақын, күйші, батыр бабамыз Махамбеттің 200 жылдығына арналған «Ел Орда - 2003» кубогының жеңімпазы;
  • 2004 жылғы Алматы қаласының 150 жылдығына арналған Республикалық 1-лигасы V Чемпионатының Чемпионы;
  • 2005 жылғы Республикалық Жоғарғы лигада 2- орын 2006 жылғы Республикалық Жоғарғы лиганың Чемпионы;
  • 2006 жылы Қарағанды облысы әкімі кубогының жеңімпазы;
  • 2006 жылы Қарағанды облысы әкімі кубогының «Үздік ойыншысы» иегері Астана.
  • «Студент көктемі-2006» І дәреже Астана.
  • «Елімнің ордасы -Астана» І дәреже
  • 2007 жылы «Қазақ тілі –Ана тілі!» Республикалық патриоттық компаниясының аясында Қазақстан студенттер Альянсының Кубогы үшін ұйымдастырылған «Қазақша КВН» фестивалінің 2- орын иегері.
  • 2008 жылы университеттің құрама командасы болып, Астана қаласы әкімінің кубогын жеңіп алды.
  • Тұрсынбек Қабатов 2009 жылы 4 қарашада Астана қаласы Бейбітшілік және Келісім сарайында, 27 желтоқсанда Алматы қаласы Республика сарайында өзінің жеке әзіл кешін өткізді. 2010 жылы "Қазақстан" ұлттық арнасындағы "Екі Жұлдыз" байқауына қатысты,әріптесі Фарида Ниязова болды!
  • 2011 жылы "Базар Жоқ" театрын ашты.

Марапаттары

Сын

Ерлан Омарқұлов өлімі

Қабатов көлігін жүргізген оның көмекшісі 2019 жылдың қазанында Нұра ауданының Ахмет елді-мекенінің маңында Ерлан Омарқұлов есімді азаматты көлігімен соқты, нәтижесінде Омарқұлов қайтыс болды. 16 тамыз күні Астананың Алматы ауданының №2 аудандық соты жүргізушіні 4 жылға бас бостандығынан айырды, және Қабатов 4 миллион теңге компенсация төлеуге тиіс болды. Әзілкеш ер адамның жесіріне 4 миллион теңге төлегісі келмеді. Оқиғаға қатысты Қабатов видео жариялады, ол жерде «Мен бұл оқиғаның басы-қасында болған емеспін» және «марқұмның өзі кінәлі» деп айтты және көлігін музыкант-коллегасы және көмекшісіне уақытша ғана бергенін айтып кеткен.

ҰБТ дауы

2021 жылдың тамызында Қабатов ҰБТ кезінде қызы Әдемі Аманғалидың орнына басқа адам жіберген деген ақпарат белгілі болды. Пайда болған шу нәтижесінде Қабатов жасаған бейнеде қызын оқытқан орталықты айыптады және бұл істің жасалатынын Әдемінің ата-аналары білмегенін айтқан. Болған оқиғаға белгілі заңгер Абзал Құспан Қабатовтан көңілі қалғанын айтқан және оқиғаның шынымен де болғанына сенімді екенін айтып кеткен. Заңбұзушылық кезінде жалған құжаттар қолданылды және 13 маусымда қылмыстық іс қозғалды. 20 тамыз күні Қабатов «13-арна» телеарнасында сұхбат беріп, Әдемі Тұрсынбекқызыны дайындаған мұғаліммен және сол мектеп директорымен кездескен. Сол жерде болған оқиға жайлы Қабатов еш нәрсе білмейтінін айтты, және Әдемі мұғалімі Нұрбек Қанай бар кінәні өз мойнына алды.

Дереккөздер

Tags:

Тұрсынбек Аманғалиұлы Қабатов ТолығырақТұрсынбек Аманғалиұлы Қабатов ЖетістіктеріТұрсынбек Аманғалиұлы Қабатов МарапаттарыТұрсынбек Аманғалиұлы Қабатов СынТұрсынбек Аманғалиұлы Қабатов ДереккөздерТұрсынбек Аманғалиұлы Қабатов10 қазан1979 жылАктёрАқпәтер ауылдық округіБатыс Қазақстан облысыКазталов ауданыКомедияСатираҚазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Ұлт-азаттық көтерілістерНайзағайМенеджментҚазақстан демографиясыЖарапазанТүрік қағанатыФенолЖабайы алма (повесть)Қазақстан Республикасының ҮкіметіБақытсыз ЖамалЖұлынАртериалдық гипертензияМиокард инфарктыЭволюцияУкраинаАрыстан баб кесенесіСтоматитСақтарЭлектр өрісіЖануарларАс қорыту жолдарынан қан кетуРибонуклеин қышқылыТеатрЗар Заман ақындарыГлюкозаАлкандарҰлы жүзЕртегіІш өтуЭпитетНьютон заңдарыДәруменБастың ауыруыБаскетболТірек-қимыл жүйесіКейс әдісіҚазақтың ұлттық ойындарының тізіміТөле биСудың ластануыМахатма ГандиАлюминийФосфорӨсімдіктер гормондарыДенсаулықЖедел аппендицитСутегіАуыз бекітуСаясаттануҚазақтарЖұқпалы ауруларАсқар СүлейменовҚазақтың XX ғасырдағы мәдениетіҚазақтың ұлттық тағамдарыЗейінЕркіндікӘскери коммунизм саясатыЖеті қазынаҚабынуОғыздарЕлекЭкономикалық жүйеҚасым АманжоловМайларЖұрнақБұлшық етКомпьютерМағжан Бекенұлы ЖұмабаевҚажымұқан МұңайтпасұлыРесейТрансформаторҚазақстанның сыртқы саясатыДінмұхамед Ахметұлы ҚонаевСүреҚазақ тіліИнсулинӘл-Фатиха сүресіҚазақстанның 1920-1940 жылдардағы қоғамдық-саяси жағдайыОксидтерӨзбекстан🡆 More