Тұз Қышқылы

Тұз қышқылы, хлорсутек қышқылы, HCl – хлорсутек газының судағы ерітіндісі; бір негізді қышқыл.

Тұз Қышқылы


Тұз қышқылы 16 ғасырдың аяғында белгілі болды. Оны “тұз спирті” деген атаумен 17 ғасырдың ортасында неміс дәрігері И.Р. Глаубер (1604 – 1670) ас тұзы мен күкірт қышқылын әрекеттестіру арқылы бөліп алды.

Физикалық қасиеттері

Оның ең жоғары концентрациясы 36%, бұл ерітіндінің тығыздығы 1,18 г/см3, буы өткір иісті мөлдір сұйықтық, ауада түтіндене бастайды. Күшті қышқыл, суда жақсы ериді. Тұз қышқылы көптеген металдармен және олардың тотықтарымен әрекеттесіп, көпшілігі суда жақсы еритін тұздар (хлоридтер) түзеді.


Өнеркәсіпте тұз қышқылын өндіру екі сатыдан тұрады: хлорсутек алу және оны сумен абсорбциялау. Таза тұз қышқылын жай заттардан тікелей синтездеу арқылы алады: H2+Cl2х2HCl+184кДж; органикалық қосылыстарды хлорлау кезінде көп мөлшерде қосымша өнім ретінде түзіледі: RH+Cl2хRCl+HCl, мұндағы R – органикалық радикал. Сату үшін өндірілетін тұз қышқылының құрамындағы хлорсутек 12,2% болса сұйытылған, ал 24%-дан көп болса концентрлі, лабараториялық мақсатта пайдаланылатын 7%-дығы ерітілген деп аталады. Тұз қышқылы 0,3% шамасында адам асқазанында болады, ол оба, сүзек ауруларын туғызатын бактерияларды өлтіреді. Өнеркәсіпте тұз қышқылы металл (мырыш, кальций, барий, т.б.) хлоридтерін және көптеген органикалық қосылыстарды синтездеуге жұмсалады. Спирт, глюкоза, қант өндіру, тері илеу және бояу, активтелген көмір алу, металл бетіндегі оксид қабыршағын кетіру, т.б. көптеген процестерде қолданылады. Газ тәрізді хлорсутек (HCl) өте улы, оның ауадағы мөлшері 0,005 мг/л-ден аса адам өміріне қауіп тудырады.

Дереккөздер

Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Category:Hydrochloric acid

Tags:

Ерітінді

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Дәрілік өсімдіктерШәкәрім ҚұдайбердіұлыҚоңыратАдам қаңқасыӘл-Фатиха сүресіҚазақ күресіФосфорҚазақстан Ресейдегі 1905-1907 жылдардағы революция кезіндеБруцеллёзКомпьютерлік желіВирустарСабын және синтетикалық жуғыш заттаpАдамның зәр шығару жүйесіИслам пайғамбарларыМитозАзотСахабаларТыныс алу жүйесіӘпке (драма)ӨзбекстанХалық саны бойынша мемлекеттер және тәуелді аймақтар тізіміҚазақстан көлдеріҚазақтың 500 ән-күйіҚадыр Мырза ӘліЯсин сүресіТынық мұхитҚазақ халқының жоңғар басқыншыларына қарсы азаттық күресіМахачқалаОттегіҚазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніБауыр циррозыҚазақстан географиясыСілтілік металдарЖер сілкіну ошағыАрыстанЖайылма сөйлемЭмоцияДінАлматы облысыБаяндауышЯдроҚабынуМендель заңдылықтарыМысБатьківщинаКүкірт қышқылыҰшқан ұяҚазақстандағы жаңа экономикалық саясатҰлы Отан соғысыТұқым қуалаушылықҚазақстан индустрияландыру кезеңіндеҚазақстан өзендеріШығыс Түрік қағанатыҚауіпсіздікҰлы Жібек жолыАксиологияҰлы жүздің Ресейге қосылуыҚымызМемлекет астаналары тізіміПневмонияЕсет КөтібарұлыДомбыраКөші-қонҚанипа Омарғалиқызы БітібаеваШешендік сөздерҚазақстан экономикасыДыбысНайзағайПатша үкіметінің отаршылдық қоныс аудару саясатыАустралияҚажылықТәрбиеТеңеуМайларӨлім кезеңдеріМетафораӘл-Бақара сүресіЖыныс мүшелерінің құрылысыБүйрек🡆 More